Тимур командасының көмегі

2017 жылдың 1 қазан айынан бастап Қарабас ауылдық округінде Тимур командасының жұмыстары жандандырылды. Бүгінгі таңда округтің мектеп оқушылары өздеріне қарасты жалғыз басты , егде адамдардың үйлеріне барды. Егде адамдар тимур командасының балаларының келгендеріне өте құанды. Балалар үлкен ықыласпен жұмысқа кірісті – отынды кесіп және жинады, үй маңындағы жер учаскесінде санитарлық тазалаужүгізді, су тасып, үйдің ішін жинады. Қарт адамдарға көмек көрсету, үй шаруасындағы жұмыстарға қарағанда, қарым –қатынас, көңіл бөлу, өскелен ұрпаққа әлдеқайда маңызды деп қорытынды жасауға болады. Және бұл көрсетілген балалардың көмегі, жай ғана көмек емес, балалардың қарапайым назар аударуы, рухани жылылық пен жылы сөзде екенін түсінуінде. Оқушылар өздері көмек көрсеткен қарт адамдарға ерекше ықыласпен және ризашылықпен құттықтап, ұзақ ғұмыр, денсаулық тілеп үйлеріне тарасты. Тимур командасының жұмыстары жазға дейін жалғасады.

Мәдениет ұйымдастырушы Л Увайпова