«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

«Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында Баскөл ауылдық округінің әкімі М.Е.Табылдин, Бесқарағай аудандық мәслихат депутаты Л.Р. Хамитова және Башкөл орта мектебінің директоры Ж.Т. Сеилханов Башкөл ауылының тұрғыны, Бесқарағай ауданының құрметті азаматы, зейнеткер Ахмиева Назия апаны қарттар мерекесімен құттықтап, үйіне барып мерекелік сый – сыйяпат жасады. Өмір бойы кітапханашы қызметінде жұмыс істеп, аудандық, облыстық депутаты болып, ауылына, халқына үлкен қызмет атқарған Назия апамыздың еңбегі ерен зор.

Баскөл а/о жетекші маманы А.Мухамедиева