Жетіжар ауылында Қарттар күні мерекесі

2017 жылғы 9 қазан күні Жетіжар ауылдық округі Жетіжар ауылы Семияр орта мектебінде Қарттар күні мерекесі мерекеленді. Мерекеге тыл ардагерлері мен 70 жастан асқан зейнеткерлер шақырылды. Мектеп оқушылары концерттік бағдарлама ұсынды, әкімшілік қызметкерлері мерекелік дастархан жайды. Құттықтау сөзімен округ әкімі С.Назаров, мектеп директоры Т.Зияданов және Бесқарағай ауылынан арнайы округ ардагерлерін құттықтау үшін Т.Токсеитов «Асыл әжелер» ансамбілімен келді. Мереке қонақтары жақсы көніл күйде тарқасты.


Округ әкімі С.Назаров