М-Владимировка ауылдық округінде қарттар күні аталып өтті

2017 жылғы 6 қазан күні Малая Владимировка және Бозтал ауылдарында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қарттар күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекеге тыл ардегерлері және ауыл тұрғындары шақырылды. Ауылдық округінің әкімі Ю.А.Слоницкий мерекелік іс-шараға жиылған қонақтарды мерекелерімен құттықтады. Тұрғындарға концерт қойылып, мерекелік дастархан жайылды. Іс-шараға Бесқарағай ауылынан келген конақтар- «Асыл Әжелер» тобы да қатысып, өз өнерлерімен жиылған қауымды қуантты. Мерекелік іс-шара жақсы көтеріңкі көңіл күйде өтіп, келген қонақтар би билеп, өнер көрсетушілерін қолдап, бірге өлең айтты. Дастархан басында бір-бірлеріне жылы сөздерін айтып, мерекелерімен құттықтап жатты. Мерекенің соңында қонақтар алғыстарын білдіре отырып, көтеріңкі көңіл күйде үйлеріне тарасты.

Бас маман М.Амерханова