Сервер бойынша іздеу:

 

 

2010 жылғы 6 ақпанда Қара-Мырза ауылында  аудандық мәслихаттың депутаты, жерлесіміз Фаиз Ахатович Валиевты еске алуына орай шағын футболдан турнир өткізілді

2010 жылғы 6 ақпанда Қара-Мырза ауылында  аудандық мәслихаттың депутаты, жерлесіміз Фаиз Ахатович Валиевты еске алуына орай шағын футболдан турнир өткізілді. Турнирдің ашылуына аудан әкімінің орынбасары Е.Е. Рахметуллин мен аудан әкімінің аппарат басшысы Т.Н. Глазинский, аудандық мәслихаттың хатшысы Ж.З. Маралов, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесінің директоры М.М. Елемесов, аудандық мәслихаттың депутаттары, сонымен қатар аудандық мекемелердің бастықтары қатысып, жерлесіміз минуттық үнсіздікпен еске алынды.  Аудан әкімінің орынбасары спортшыларды салтанатты құттықтап, «Ең мықтысы жеңіске жетсін» деп табыс тіледі. Аудандық Мәдениет Үйінің артистері спортшылар мен көрермендер үшін шағын концерт ұсынды.


Шағын футбол бойынша турнирге 4 команда қатысты: Бесқарағай, Долон, Канонерка ауылдық округтерінің командалары және Ресей Федерациясының Коченево қаласының «Штурм» командасы. Жеребеге сәйкес 1-ші ойын Канонерка және «Штурм» командаларының арасында өтсе,  2-ші ойын Бесқарағай және Долон командаларының арасында өтті, ал сәттілік пен жол болушылық Ресей Федерациясы команадасының жағында болды. Барлық жеңімпаз командалар кубоктармен, грамоталармен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ең үздік ойыншылар: Долон ауылынан Капаров Серік, Едигенов Еркін, Аманжолов Ерсын, «Штурм» командасынан Валиев Рауль және Герман Алексей,  Канонерка ауылынан Нәдірбеков Ринат және Бесқарағай ауылынан Садвакасов Қанағат аталды.
Өткізілген спорттық іс-шаралардан барлық спортшылар мен жанкүйерлер   үлкен  
сергектік алды.

 

Дене шынықтыру және
спорт бөлімінің бастығы Н. Агибаев

 

 

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Сайттың әкімшісі
Бейсекин Нуржан Талгатович
Телефон: 87223690443
e-mail: Bshtabbesk@mail.ru
Beskaragayorg1@rambler.ru

Шығыс Қазақстан облысы,
Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы,
Сейфуллин көшесі, 144.
Индекс: 070300



Copiright © 2008-2010