Сервер бойынша іздеу:

 

 

2010 жылғы 4 ақпанда Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығына орай волейболдан Бесқарағай аудандық Чемпионатының іріктеу туры өткізілді

2010 жылғы 4 ақпанда Борас орта мектеп-бақшасының спорт кешенінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығына орай ауданның ауылдық округтерінің ерлер арасында волейболдан Бесқарағай аудандық Чемпионатының іріктеу туры өткізілді. Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Н.О. Агибаев спортшыларды чемпионаттың ашылуымен салтанатты құттықтап, «Ең мықтысы жеңіске жетсін» деп табыс тіледі.

Іріктеу жарыстарына ауданның 8 ауылдық округтерінен қатысты: Бесқарағай, Беген, М-Владимировка, Сосновка, Баскөл, Семияр, Семеновка қатысты. Командалар екі топқа бөлініп, жарыстардың қорытындылары бойынша 1,2 орынға иеленген топтар «А» тобына өтіп, 3,4 орынға иеленген топтар «Б» тобына шықты. Волейбол бойынша ауданның Чемпионаты үш турда айналмалы түрде өтеді. 
Чемпионаттың қорытындылары бойынша волейбодан ауданның үздік спортшылары анықталып, Бесқарағай ауданының құрама командасының құрамына кіретін болады.

  «А» тобы

  1. Бесқарағай;  
  2. Семеновка;
  3. Беген;
  4. Семияр ауылдық округтері.

«Б» тобы

  1. Баскөл;
  2. Сосновка;
  3. Канонерка;
  4. М-Владимировка ауылдық округтері.

Өткізілген спорттық іс-шаралардан барлық спортшылар үлкен сергектік алды.  

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы                                                                 
Н. Агибаев

 

 

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Сайттың әкімшісі
Бейсекин Нуржан Талгатович
Телефон: 87223690443
e-mail: Bshtabbesk@mail.ru
Beskaragayorg1@rambler.ru

Шығыс Қазақстан облысы,
Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы,
Сейфуллин көшесі, 144.
Индекс: 070300



Copiright © 2008-2010