Сервер бойынша іздеу:

 

 

Бесқарағай ауданы әкімінің канонерка ауылдық округіндегі есеп беру кездесуі

Канонерка ауылында 2009 жылы Канонерка ауылының тұрғындарының өтініші бойынша күрделі жөндеуден өткізіліп, қалпына келтірілген Мәдениет үйінде округтің тұрғындары жиналды..

Аудан әкімі Төлеужан Сағымбекұлы Жексембаев өзінің есеп беру баяндамасында 2009 жыл ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен ауданның атқарушы органдары алдында тұрған 2010 жылға арналған міндеттерге және Канонерка ауылдық округінің жетістіктері мен өзекті мәселелеріне тоқталды.

Мектептерге ағымды жөндеу, амбулаторияға күрделі жөндеу жүргізілді. «Семей орманы» резерватының Канонерка филиалымен орманды қорғау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, 300 гектар алқапқа көшеттер отырғызылып,  1560 гектар алаңда күту және тазалау жұмыстары, 1100 гектар алқапты жанған орман ағаштарынан тазалау жүргізілді. Филиал округтің тұрғындарына және зейнеткерлерге отын дайындауда көмек көрсетеді.

Округте 2010 жылғы 1 қаңтарға 53 шаруа қожалықтары тіркелген, мал басы тұрақтандырылып, қажетті мөлшерде қатаң мал азығы дайындалды. Сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының саны өсуде.

Сонымен қатар, округтің мүмкіндіктері толық көлемде қолданылмайды.

Округте ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу және қызмет көрсету кәсіпорындары жоқ, машино-трактор паркі жаңартылмайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және өңдеу кәсіпорындарын ашуға бағытталған жұмыс жоқ.

Аудан әкімі ауылдық округтің әкімі Р.Н.Житбисбаевқа аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімімен бірлесе кәсіпкерлермен тығыз байланыста тиімді жұмыстар жүргізіп, оларға әдістемелік көмек көрсетуді тапсырды. Тұрғындар аудан әкімінің есеп беру кездесуіне белсене қатысты. 6 адам сөз сөйлеп, Канонерка ауылында бала-бақшаны ашу, Интернетке шығудың сапасыз байланысы (ұялы байланыс), Қара-Мырза ауылындағы клубты жөндеу, ауылдық клубқа мәдениет ұйымдастырушының бір бірлігін бөлу туралы, зейнетақыны есептеу кезінде ауыл шаруашылық жұмысшылары үшін төмен коэффицент қолданылатыны, иесіз тұрған электр қуатын беру желісін балансқа қою мәселелері көтерілді.

Барлық мәселелерге аудан әкімі Т.С.Жексембаев оңды жауап берді.

Жиынға облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма бастығының орынбасары –Д.А.Тайсаринов, аудан әкімінің орынбасары-К.К.Садыков, облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі-В.М.Козинский, ауданның ұйымдарының басшылары қатысты.

Аудан әкімінің есеп беру кездесуінде бейнефильм және слайдтар көрсетілді.

Есеп беруден кейін көркемөнерпаздарымен концерт ұйымдастырылды.

 

 

Аппарат басшысы Т.Глазинский

 

 

 

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Сайттың әкімшісі
Бейсекин Нуржан Талгатович
Телефон: 87223690443
e-mail: Bshtabbesk@mail.ru
Beskaragayorg1@rambler.ru

Шығыс Қазақстан облысы,
Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы,
Сейфуллин көшесі, 144.
Индекс: 070300



Copiright © 2008-2010