Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, құрылыс

Тұрғын үй бойынша кезек *.zip 39 KB

 

Бесқарағай ауданының автомобиль жолдары бойынша сайтқа ақпарат

Бесқарағай ауданының автомобиль жолдарының ұзындығы 564 км шақырымды құрайды. Оның ішінде: аудандық маңызындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 234 шақырым, облыстық маңызындағы автомобиль жолдарының «Семей-Долон-Б-Владимировка-Сосновка-Қоянбай» учаскесі 0-184 шақырымдағы ұзындығы 184 шақырым. Республикалық маңызындағы автомобиль жолдарының «Омбы-Майқапшағай» учаскесі 733-587 шақырымдағы ұзындығы 146 шақырым.
Бесқарағай ауданының ұзындығы 234 км шақырым болатын аудандық маңызындағы автомобиль жолдарына «Дорожник» ЖШС-нің мердігерлік ұйымы қызмет көрсетеді. Мердігерлік ұйымда өндіріс базасы және 2018 жылдың жазғы кезеңінде жұмыстарды орындау үшін қажетті техниканың 5 бірлігі бар. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен аудандық маңызындағы автомлбиль жолдарын жөндеуге 41,0 млн.теңге бөлінді. Ауылдық округ әкімдерінің өтінімдері бойынша осы мердігерлік ұйыммен аудандық маңызындағы автожолдарында кескіндеу және тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың жазғы кезеңінде автомобиль жолдарының жол белгілерін ауыстыру, жол имараттарын күтіп ұстау және жабайы бұталы бұталардан жол жиегінен жою бойынша жұмыстар жүргізілуі жоспарлануда.
Облыстық маңызындағы автомобиль жолдарының «Семей-Долон-Б-Владимировка-Сосновка-Қоянбай» учаскесі 0-184 шақырымдағы ұзындығы 184 шақырым. Автожолдарға «ОблШыгысЖол» КМК мердігерлік ұйымы қызмет көрсетеді. 2018 жылы осы мердігерлік ұйыммен 0-ден 23 шақырымға дейін және 100-ден 157 шақырымға дейін жалпы көлемі 20000 шаршы метрге шұңқырларды жабу жұмыстары атқарылды, 23-тен 25 шақырымға дейін 20000 шаршы метрге орташа жөндеу жұмыстары басталады, 158-184 шақырым учаскелерінде тегістелген жолдарды кескіндеу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар 72-100 шақырым учаскелерінде (Долон-Бесқарағай) ағымдағы жылдың шілде айында қалпына келтіру жұмыстары басталатын болады.
Республикалық маңызындағы автомобиль жолдарының «Омбы-Майқапшағай» учаскесі 733-587 шақырымдағы ұзындығы 146 шақырым. 2015 жылдан бастап «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмысты 2 мердігерлік ұйым атқарады: «ГорДорСтрой» ЖШС учаскесі 676-634 шақырым «Todini Central Asia» ЖШС және «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС субмердігерлік ұйымы учаскесі 634-587 шақырым. Жоғарыда көрсетілген автожолдарды аяқтап, пайдалануға беру 2019 жылға жоспарланған. Бүгінгі күнде «ГорДорСтрой» мердігерлік ұйым ЖШС (Бесқарағай ауылы-Қарабаш кордоны) 676-668 шақырым учаскелерінде, 1 және 2,2 шақырым жер жұмыстары құм-топырақ араласқан қабаты, 3,3 шақырым С-4 материал жабуы, 6 шақырым учаскесіне қара ұсақталған тас және 9160 м ірі асфальт-бетон қоспасымен жабу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар «Казмунайгаз» ЖҚС 668-650 шақырымға дейін 2 қабатты жол төсемін жабу жұмыстары аяқталды. (Бесқарағай ауылы-Қарабаш кордоны) 668-676 шақырым учаскелерінде жұмыс аяқталған соң, жоғарғы 3 қабатты ҰЖА (ұсақталған тас-жылтыр асфальтбетон қоспасы) жабу жұмыстары басталады. «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС субмердігерлік ұйымымен 500 м қашықтықта жер төсемін бөлу, құм-топырақ қоспасынан қосымша қабатты, С-4 құрамын ұсақталған тас қоспасынан төменгі қабатты, жанармай-жағу материалдарынан төменгі қабатты орнату жұмыстары күнделікті жүргізілуде, жоғарыда көрсетілген автожолдар учаскелерінде 2 қабатты жабу аяқталған соң, жоғарғы 3 қабатты ҰЖА (ұсақталған тас-жылтыр асфальтбетон қоспасы) төсеу жұмыстары басталады. Ағымдағы жылда мердігерлік ұйымдармен осы жұмыстарды аяқтау және республикалық маңызындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 146 шақырым барлық учаскелерін ашу жоспарлануда.

ШҚО Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы  Н.Агибаев

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың алты ай ішінде атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Құрылыс

2018 жылдың алты ай ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд. 412 млн. 664 мың теңгені құрады, өткен 2017 жылы 1 млрд. 838 млн.теңге, өсу қарқыны 131,2 пайызды құрады. Барлық құрылыс жөндеу жұмыстары 2018 жылдың мамыр айынан басталады.
2018 жылдың алты ай ішінде тұрғын үйді енгізу – 870 шаршы метрді құрады, өткен 2017 жылы 803 шаршы метрді, өсу қарқыны 108,3 пайызды құрады.

Тұрғын үй

Қазіргі кезеңде осы объектілердің жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде:
1. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылында екі пәтерлі он тұрғын үйдің құрылысы» 6,6 млн.теңге.
2. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылында екі пәтерлі он тұрғын үйді электрмен қамтамасыз ету» 3,9 млн.теңге.
3. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылында екі пәтерлі он тұрғын үйді абаттандырумен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы» 2,9 млн.теңге.

Көркейту және санитарлық жұмыстар

«Ауылдарды санитарлық тазалау мен абаттандыру, қоқысты шығару мен оны кәдесіне жарату жұмыстарын ұйымдастыру бойынша екіайлықты өткізу туралы» 2018 жылғы 28 сәуірде №134 қаулы қабылданды. Сонымен қатар «Үздік ауыл», «Үздік ұйым», «Үздік аула» номинациялары бойынша конкурс жарияланды.

Сумен жабдықтау

2018 жылдың басынан келесі жұмыстар атқарылуда:
Келесі объектілердің ЖСҚ әзірлеуде жұмыстар жүргізілуде:
1. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылында сумен қамтамасыз ету желісінің және су тарту имараттарының құрылысы» 7,6 млн.теңге.
2. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылында сумен қамтамасыз ету желісінің және су тарту имараттарының құрылысы» объектісінің ЖСҚ әзірлеуде, 5,6 млн.теңге.
3. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылында сумен қамтамасыз ету желісінің және су тарту имараттарының құрылысы» 11,1 млн.теңге. Сумен қамтамасыз ету желісін ұстауға Бесқарағай аудандық шаруашылық жүргізу құқығына негізделген МКК-мен келісім-шарт жасалды.

Көлік

Бесқарағай ауданының автомобиль жолдарының ұзындығы 564 шақырымды құрайды. Оның ішінде: аудандық маңызындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 234 шақырым, облыстық маңызындағы автомобиль жолдарының «Семей-Долон-Б-Владимировка-Сосновка-Қоянбай» учаскесі 0-184 шақырымдағы ұзындығы 184 шақырым. Республикалық маңызындағы автомобиль жолдарының «Омбы-Майқапшағай» учаскесі 733-587 шақырымдағы ұзындығы 146 шақырым.
Бесқарағай ауданының ұзындығы 234 шақырым болатын аудандық маңызындағы автомобиль жолдарына «Дорожник» ЖШС-нің мердігерлік ұйымы қызмет көрсетеді. Мердігерлік ұйымда өндіріс базасы және 2018 жылдың жазғы кезеңінде жұмыстарды орындау үшін қажетті техниканың 5 бірлігі бар. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен аудандық маңызындағы автомлбиль жолдарын жөндеуге 41,0 млн.теңге бөлінді. Ауылдық округ әкімдерінің өтінімдері бойынша осы мердігерлік ұйыммен аудандық маңызындағы автожолдарында кескіндеу және тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың жазғы кезеңінде автомобиль жолдарының жол белгілерін ауыстыру, жол имараттарын күтіп ұстау және жабайы бұталы бұталардан жол жиегінен жою бойынша жұмыстар жүргізілуі жоспарлануда.
Облыстық маңызындағы автомобиль жолдарының «Семей-Долон-Б-Владимировка-Сосновка-Қоянбай» учаскесі 0-184 шақырымдағы ұзындығы 184 шақырым. Автожолдарға «ОблШыгысЖол» КМК мердігерлік ұйымы қызмет көрсетеді. 2018 жылы осы мердігерлік ұйыммен 0-ден 23 шақырымға дейін және 100-ден 157 шақырымға дейін жалпы көлемі 20000 шаршы метрге шұңқырларды жабу жұмыстары атқарылды, 23-тен 25 шақырымға дейін 20000 шаршы метрге орташа жөндеу жұмыстары басталады, 158-184 шақырым учаскелерінде тегістелген жолдарды кескіндеу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар 72-100 шақырым учаскелерінде (Долон-Бесқарағай) ағымдағы жылдың шілде айында қалпына келтіру жұмыстары басталатын болады.
Республикалық маңызындағы автомобиль жолдарының «Омбы-Майқапшағай» учаскесі 733-587 шақырымдағы ұзындығы 146 шақырым. 2015 жылдан бастап «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмысты 2 мердігерлік ұйым атқарады: «ГорДорСтрой» ЖШС учаскесі 676-634 шақырым «Todini Central Asia» ЖШС және «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС субмердігерлік ұйымы учаскесі 634-587 шақырым. Жоғарыда көрсетілген автожолдарды аяқтап, пайдалануға беру 2019 жылға жоспарланған. Бүгінгі күнде «ГорДорСтрой» мердігерлік ұйым ЖШС (Бесқарағай ауылы-Қарабаш кордоны) 676-668 шақырым учаскелерінде, 1 және 2,2 шақырым жер жұмыстары құм-топырақ араласқан қабаты, 3,3 шақырым С-4 материал жабуы, 6 шақырым учаскесіне қара ұсақталған тас және 9160 м ірі асфальт-бетон қоспасымен жабу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар «Казмунайгаз» ЖҚС 668-650 шақырымға дейін 2 қабатты жол төсемін жабу жұмыстары аяқталды. (Бесқарағай ауылы-Қарабаш кордоны) 668-676 шақырым учаскелерінде жұмыс аяқталған соң, жоғарғы 3 қабатты ҰЖА (ұсақталған тас-жылтыр асфальтбетон қоспасы) жабу жұмыстары басталады. «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС субмердігерлік ұйымымен 500 м қашықтықта жер төсемін бөлу, құм-топырақ қоспасынан қосымша қабатты, С-4 құрамын ұсақталған тас қоспасынан төменгі қабатты, жанармай-жағу материалдарынан төменгі қабатты орнату жұмыстары күнделікті жүргізілуде, жоғарыда көрсетілген автожолдар учаскелерінде 2 қабатты жабу аяқталған соң, жоғарғы 3 қабатты ҰЖА (ұсақталған тас-жылтыр асфальтбетон қоспасы) төсеу жұмыстары басталады. Ағымдағы жылда мердігерлік ұйымдармен осы жұмыстарды аяқтау және республикалық маңызындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 146 шақырым барлық учаскелерін ашу жоспарлануда.
Бүгінгі күнде Бесқарағай ауданының жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары қанағаттанарлық жағдайда, барлық бағыттағы жолдар ашық.
Бөлім бойынша ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 265 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Агибаев

 

«ШҚО Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Құрылыс

018 жылдың қаңтар айынан наурыз айы аралығында құрылыс жұмыстарының көлемі 14,0 млн.теңгені құрады, өткен 2017 жылы 22 млн.теңге, өсу қарқыны 63,6 пайызды құрады. Барлық құрылыс жөндеу жұмыстары 2018 жылдың мамыр айынан басталады.
2018 жылдың қаңтар айынан наурыз айы аралығында тұрғын үйді енгізу – 648 шаршы метрді құрады, өткен 2017 жылы 466 шаршы метрді, өсу қарқыны 139,0 пайызды құрады.

Тұрғын үй

Қазіргі кезеңде мемлекеттік сатып алуға конкурс жарияланды

  1. «ШҚО Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылындағы екі пәтерлі он тұрғын үйдің құрылысы» 6,6 млн.теңге.
  2. «ШҚО Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылындағы екі пәтерлі он тұрғын үйді электрмен жабдықтау» 3,9 млн.теңге.
  3. «ШҚО Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылындағы екі пәтерлі он тұрғын үй үшін абаттандырылуымен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы» 2,9 млн.теңге.

Көркейту және санитарлық жұмыстар

2018 жылға санитарлық тазалық, көгалдандыру және көркейту бойынша іс-шара жоспары әзірленді.

Сумен жабдықтау

2018 жылдың басынан келесі жұмыстар жүргізілуде:
Сәуір айында келесі объектілердің ЖСҚ әзірлеуге келісімшарт жасалатын болады:
«ШҚО Бесқарағай ауданы Глуховка ауылындағы сумен жабдықтау желісінің және бас тоған ғимаратының құрылысы» 7,6 млн.теңге.
«ШҚО Бесқарағай ауданы Қарабас ауылындағы сумен жабдықтау желісінің және бас тоған ғимаратының құрылысы» объектісіне ЖСҚ әзірлеу, 5,6 млн.теңге.
Ерназар және Қарағайлы ауылдарының су құбыры желісінің құрылысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы конкурстық рәсімнің ұйымдастырушысы болып табылады. Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мәлімдейді, ағымды жылдың 3 наурызда осы объектілер бойынша конкурс қайта жарияланды, республикалық бюджеттен 729,196 млн.теңге және облыстық бюджеттен 79,022 млн.теңге қаражат бөлінді.
Қарағайлы және Ерназар ауылдарының жобасын іске асырудан кейін тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету 2018 жылы аудан бойынша 66,1 пайызды құрайды.
Сумен жабдықтау желісін ұстауға Бесқарағай аудандық шаруашылық жүргізу құқығына негізделген МКК-мен келісім-шарт жасалды.

Көлік

Бесқарағай ауданының автомобиль жолдарының ұзындығы 564 шақырымды құрайды. Оның ішінде:
Ұзындығы 146 шақырымды республикалық маңызындағы «Омск-Майкапчағай» автомобиль жолдары. Ағымды жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша республикалық маңызындағы 733 шақырымды (Семей ГАИ посты) 587 шақырымды (Павлодар облысының шекарасы) учаскесіндегі автомобиль жолына қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстарды  «Гордорстрой» ЖШС-нің және «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС-нің 2 мердігерлік ұйымдары жүргізуде. Бұл автожолдарды аяқтау және пайдалануға тапсыру 2019 жылға жоспарлануда. Бүгінгі күнде «Гордорстрой» ЖШС-нің мердігерлік ұйымымен «Казмұнайгаз» ЖҚС-нан 650 шақырымға дейін 2 қабат жол төсемін төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Ағымды жылдың аяғына дейін 30 шақырымға дейін жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. 2018 жылы ұсақталған кесек тас асфальтбетонды қоспасының 3 қабаты төселетін болады. Сондай-ақ, «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС-мен 2 қабат жол төсемін төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді, 23 шақырымы ашық, жылдың аяғына дейін 27 шақырым 350 метрін ашу жоспарлануда.  Қазіргі кезде ұзындығы 57 шақырымды автожол ашық. Көктемгі кезеңге дайындық жұмыстары аяқталды, автомобиль жолдарында 72 су өткізгіш құбырлары орналасқан. 733-676 шақырымдағы учаскеде 7 құбыр, (Казахавтодор) ДЭУ-26 қызмет көрсетеді, 676-634 шақырымдағы учаскеде 32 құбыр, «Гордорстрой» ЖШС-гі қызмет көрсетеді, 634-587 шақырымдағы учаскеде 33 құбыр, СП «Сине Мидас Строй» ЖШС-гі қызмет көрсетеді, бүгінгі күнде барлық құбырлар тазаланған.
Ұзындығы 184 шақырымды облыстық маңызындағы «Семипалатинск-Долонь-Б-Владимировка-Сосновка-Коянбай» автомобиль жолдарына «Облшығысжол» мердігерлік ұйымы қызмет көрсетеді. Көктемгі кезеңге дайындық жұмыстары аяқталды, автомобиль жолдарында 44 су өткізгіш құбырлары орналасқан, бүгінгі күнде барлық құбырлар тазаланған.
Ұзындығы 234 шақырымды аудандық маңызындағы автомобиль жолдары. «Дорожник» ЖШС-нің мердігерлік ұйымы қызмет көрсетеді. Ұзындығы 234 шақырым болатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. Автожолдарды қысқы кезеңде ұстау үшін жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстау жұмыстарымен айналысатын «Дорожник» ЖШС-нің мердігерлік ұйымында өндірістік база және 5 бірлік қажетті техника бар. Сондай-ақ Бесқарағай ауданының ШЖҚ негізделген КМК-да қажетті 5 бірлік техника бар.Қазіргі кезде 5 бірлік техника жазғы кезеңде жол жұмыстарын жүргізуге дайын тұр. Сондай-ақ, Бесқарағай ауданының ШЖҚ негізделген МКК-да 5 бірлік қажетті техника бар. Автомобиль жолдарында 22 су өткізгіш құбырлары орналасқан. Жетіжар ауылдық округінің (Кривинка) 8 құбырына, Қарабас ауылдық округінің (Өндіріс) 5 құбырына, Беген ауылдық округінің (Беген) 3 құбырына, М-Владимировка ауылдық округінің (Бозтал) 3 құбырына, Канонерка ауылдық округінің (Канонерка – Белокаменка) 3 құбырына «Дорожник» ЖШС-нің мердігерлік ұйымы қызмет көрсетеді.
Бүгінгі күнде Бесқарағай ауданының жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары қанағаттанарлық жағдайда, барлық бағыттағы жолдар ашық.

Бөлім бойынша ағымды жылдың 1 тоқсанында 134 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Бөлім басшысы Н.Агибаев

 

Мұрағат

Бесқарағай ауданының әлеуметтік- тұрмысы төмен отбасылар баспана алу үшін кезеке тұрғандар туралы ақпарат *.doc, 67 KB

Бесқарағай ауданының мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері, әскери қызметкерлер туралы баспана алу үшін кезекте тұрғандар туралы ақпарат *.doc, 105 KB

Бесқарағай ауданының жетім балалардың баспана алу үшін кезекте тұрғандар туралы ақпарат *.doc, 113 KB
     
кнопка «ШҚО Бесқарағай аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылы атқарылған жұмыстары мен алда күтілетін көрсеткіштері  
кнопка «ШҚО Бесқарағай аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014 жылы атқарылған жұмыстары мен алда күтілетін көрсеткіштері  
     
кнопка «ШҚО Бесқарағай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекеменің 2017 жылғы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат  
кнопка «ШҚО Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі атқарылған жұмыстар туралы ақпарат 2016  
кнопка «ШҚО Бесқарағай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекеменің 2015 жылғы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат  
кнопка «ШҚО Бесқарағай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекеменің 2014 жылғы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат  

 

Парақтар өзгертілді: 17-08-2018