Денсаулық сақтау

Салауатты өмір сүру

Бесқарағай аудандық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (СӨСҚО) облыстық СӨС қалыптастыру орталығының құрылымдық бөлімшесі ретінде 2012 жылдың мамыр айында құрылды. Құрылымдық бөлімшенің негізгі қызметі ұйымдастырушылық-әдістемелік, насихаттаушылық, кеңестік көмек көрсету, аурушаңдықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс - шаралар өткізу болып табылады. 2016 жылдан бастап Бесқарағай аудандық орталық аурухана құрамына берілді.
Тұрғылықты мекен-жайы: Бесқарағай ауылы, Пушкин көшесі № 2а, аудандық емхана ғимаратының 2 қабаты.
Жұмыс тел: 87717732327
Электрондық мекен-жайы: beskaragai@rambler.ru
СӨС қызметінің координаторы: Аккожин Канат Муратович.
2007 жылы Семей қаласындағы «Қайнар» университетінің педагог – психолог факультетін аяқтаған.
2011 – 2013 жылдар аралығында Бесқарағай аудандық орталық ауруханасында психолог болып қызмет етті.
2013 жылдан бастап, осы уақытқа дейін аудандық Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің координаторы.
Мейірбике: Саржанова Рымгуль Айтмуханбетовна.
Ұйымдастырылған тұрғындармен аудан ұйымдарында видеоматериалдар көрсету, семинарлар өткізу, дәрістер оқу арқылы және ұйымдастырылмаған тұрғындармен аудандық аурухана холында, денсаулық мектебінде дәрістер оқу және видеоматериалдар көрсету арқылы жұмыстар жүргізіледі.
Балалар және жасөспірімдер арасында аудан мектептері мен техникалық колледжінде инфекциялық аурушандықтың, тәртіптік қауіп факторлары: маскүнемдік, нашақорлық және темекі шегудің алдын алу бойынша семинарлар, викториналар, пікір таластар өткізіледі.

Бас дәрігер Б. Абылкасимов

2017 жылдың 1 - жарты СӨС айдарына арналған ақпараты

Тақырыбы Дәріс тер Тыңда ушылар саны Әңгі мелер Тыңда ушылар саны Соц.
зерттеулер саны
(сауал нама)

Мақсат ты топты қамту Тренин гтер Мақсат ты топты қамту Семи нары Мақсат ты топты қамту Мақа лалар Аудио-
видео
ролик терді көрсету
Дик тант тар Мақ сатты топты қамту
1 Темекі
шегудің
алдын алу
42 135 215 215 30 165     4 60        
2 Нашақо рлықтың
алдын алу
18 156 152 152 10 115 1 12 5 68        
3 Ұтымды
тамақтану
34 147 150 150 10 182 1 25 4 83        
4 Жіті
ішек
инфекция сының
алдын
алу
12 45 89 89 5 150 1 15 4 56 1 5    
5 ЖРВИ,
грипп
7 42 136 136 23 121     3 50   5    
6 Тубер кулез 27 217 256 256 20 165     11 457 2 17 7 785
7 Онкологи ялық
аурулар дың
алдын алу
10 56 96 96     1 17 4 46   4    
8 Семіздік тің
алдын
алу
10 85 110 110 6 95     4 45        
9 Қызыл ша
ауруы ның
алдын алу
30 143 240 240         9 94   2    
10 Скри нингтік
тексерулер
45 415 210 210 12 315                
  Барлығы: 235 1441 1654 1654 116 1308 4 69 48 959 3 33 7 785

Бас  Б. Абылкасимов

Туберкулезден сақтана білейік

Туберкулез - әлемде ең көп тараған жұқпалы инфекциялық аурулардың бірі.
Қазіргі таңда туберкулезбен күресу мәселесі еліміздегі денсаулық сақтау жүйесінде алдыңғы қатарлы бағыттардың бірі болып келеді. Өйткені туберкулез – денсаулықты сақтаумен қатар, оны жақсарту мәселелерін шешу және дені сау ұрпақтарды тәрбиелеу, олардың еңбекке жарамдылығы мен ұзақ ғұмыр кешуін сақтап қалу көрсеткіші (индикаторы) болып табылады.
Туберкулез - әртүрлі органдарды зақымдайтын, көбіне өкпеде орнығып, организмнің улануымен өтетін созылмалы жұқпалы дерт.
Туберкулезге қарсы қолданылған күрес шараларына қарамастан, ол қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласының үлкен проблемасы.
Туберкулез ауруы, одан болатын өлім деңгейі әлі де жоғары.
Жыл сайын әлемде туберкулезден 3 млн адам көз жұмады, 9-10 млн адам туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады, әрбір 4 секундта бір адам туберкулезді жұқтырады, әрбір 10 секунда бір адам көз жұмады.
Қазақстанда жыл сайын туберкулез дерті жаңадан анықталған 22-23 мың науқастар тіркеледі.
Туберкулез таяқшалары ауа арқылы тарап, оны жұқтырып алған адамдардың өкпесінде өсіп жетіліп, көбейеді. Алғашқыда өкпе қабынып, содан кейін бүлініп ыдырайды да, орнында қуыстар пайда болады. Осындай қуыстарда сақталған миллиондаған туберкулез таяқшалары ауру адам сөйлегенде, түшкіргенде қоршаған ортаға шашырап тарайды.
Туберкулез таяқшалары ауада бірнеше сағат бойы жерге түспей, қалықтап тұрады. Егер туберкулездің ашық, жұқпалы түрімен ауыратын адам ұзақ уақыт нашар желденетін орында болса, сол жердің ауасына туберкулез таяқшалары көп мөлшерде тарап, басқа адамдардың тыныс ағзаларына түседі.
Туберкулез кез келген адамға жұғуы мүмкін, әсіресе балалар мен егде жастағылар үшін өте қауіпті. Ал егер, туберкулезбен ауратын адаммен жақын қарым-қатынас жиі әрі ұзақ болса, туберкулезді жұқтырып алу қаупі арта түседі.

Туберкулез ауруының белгілері:
Туберкулез ауруы басталғанда мынандай белгілер білінеді:
Жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі,кеуденің ауруы, тәбеттің, салмақтың және жұмысқа қабілеттің төмендеуі. Адамдардың көбі осы белгілерге көңіл бөліп, дәрігерге қарала қоймайды немесе өз бетімен ем қабылдай бастайды , бұл аурудың үдеуіне әкеп соқтырады. Егер жөтел 2 аптадан артыққа созылса міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.
Туберкулезбен ауырған адамдар сау адамдарға ауруды жұқтырмауы керек, ол үшін жөтелгенде, түшкіргенде ауызды орамалмен жабу керек, соңынан оны залалсыздандырады немесе отқа өртеп жібереді. Науқас жататын бөлме жиі желдетіліп тұруы керек. Туберкулездің ашық, жұқпалы
(бациллярный) түрімен ауыратын адамның қақырығы туберкулез таяқшаларынан әбден тазарғанша ( қақырық жағындысын тексерген анализ бойынша), жасөспірімдермен және балалармен қарым-қатынаста болмауы керек, немесе, әрқашан бет перде қолданып сөйлесуі керек .
Естеріңізде болсын: туберкулез ауруынан емделіп шығу өз қолдарыңызда.
Ауырып емделгенше, ауырмайтын жол іздеген дұрыс.

Қорытынды :
1.Туберкулез ауруының алдын - алу шараларын қолдану әр азаматтың міндеті.
2.Туберкулез ауруына тән белгі пайда болса дереу дәрігерге қаралу қажет.
3.Ауырған кезде дәрігердің берген нұсқауларын қатаң сақтап, әрі дәрі ішу тәртібін бұзбау қажет
4.Уақытында анықталған, дұрыс емделген адам туберкулезден құлан таза жазылып кетеді.
5. Қазіргі кездегі заңнамаларға сәйкес туберкулезді тексеру және емдеу тегін жүргізіледі.

Бас дәрігердің орынбасары Г.Курмангалиева

Парақтар өзгертілді: 15-08-2017