Депутатық корпусы

 № 1 Баскөл сайлау округінің депутаты Люция Рифхатовна Хамитова

Өмірбаян

Люция Рифхатовна Хамитова 1972 жылы 10 маусымда Башкөл ауылы Бесқарағай ауданында дүниеге келді. 1991 жылы Семей қаласында Абай атындағы мәдени-ағарту колледжін бітірді, мамандығы кітапханашы. 1993 жылдан бастап Башкөл орта мектебінде кітапханашы болып қызмет атқарады. «Башкөл» татар-мәдени орталығының жетекшісі. Ұлттық-мәдени орталықтарының арасында өткен «Отбасы және мемлекеттік тіл» облыстық конкурсының жеңімпазы. «Ауыл тарихы» мұражайының жетекшісі. 

Телефоны: 8(72236)9-47-20
Азаматтарды қабылдау: әрбір айдың екінші бейсенбісі сағат 10.00- ден 12.00 дейін

 

№2 Бесқарағай сайлау округінің депутаты

Телефоны: 8(72236)9-19-10
Азаматтарды қабылдау: әрбір айдың бірінші сәрсенбісі сағат 10.00- ден 12.00 дейін

3 Бесқарағай сайлау округінің депутаты Татьяна Ивановна Шебаршова

 Өмірбаян

Татьяна Ивановна Шебаршова 1957 жылы 19 мамырда Семей облысы Бесқарағай ауданы Сосновка ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Канск политехникалық техникумын, техник-технолог мамандығы бойынша, 1991 жылы Қарағанды кооператив институтын экономист мамандығы бойынша бітірді. 1980-1998 жылдары аралығында сауда саласында басшы лауазымдарында қызмет атқарды. 2006 жылдан бастап «Женщины Бескарагая» ҚБ-ның төрайымы. 2010 жылдың наурыз айынан бастап «Мечта – 1» фермер шаруашылығының басшысы. 

Телефоны: 8(72236)9-13-72
Азаматтарды қабылдау: әрбір айдың екінші сәрсенбісі сағат 10.00- ден 12.00 дейін 

 

№4 Беген сайлау округінің депутаты Шамитов Аслан Тауырбекұлы

Шамитов Аслан Тауырбекұлы 1981 жылы 26 маусымда Беген ауылы Бесқарағай ауданында дүниеге келді. 1998 жылы орта мектепті бітірді. 2003 жылы Семей қаласындағы М. Әуезов атындағы Семей университетінің тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. 1998 жылдан Беген орта мектебінің мұғалімі, 2006 жылы Беген орталау мектебінің директоры, 2007 жылдан 2010 жылға дейін Бесқарағай аудандық білім беру бөлімінде жетекші маман қызметін атқарды. 2014 жылдан бастап «Бекарыс» фермер шаруашылығының басшысы. 

Телефоны: 8 -705-2581108
Азаматтарды қабылдау: әрбір айдың бірінші сәрсенбісі сағат 10.00- ден 12.00 дейін 

 

№ 5 Глуховка сайлау округінің депутаты Оралбек Нурмуханбетович Токашев

Өмірбаян

Оралбек Нурмуханбетович Токашев 1959 жылы 17 қазанда Жаңасемей ауданы Бірлік ауылында, көпбалалы отбасында дүниеге келді. 1983 жылы геолог-барлау техникумын үздік бітірді. Еңбек жолын геолог-барлау экспедициясында экспедитордан бастап, жер қойнауын зерделеу бойынша экспедициясының бастығы болып қызмет атқарды, бұл салада 15 жыл еңбек етті.
Тәуелсіз Қазақстанның экономикасын дамыту барысында 1995 жылы Глуховка ауылдық округінің Бірлік ауылында көкөністер мен жемістерді өсіріп, өндіру мақсатында «Балке» шаруа қожалығын ашып, ауылшаруашылық саласын реформалауға белсенді қатысты. Қазіргі уақытта «Балке» шаруа қожалығының басшысы.      

Телефоны: 8(7222) 45-85-27
Азаматтарды қабылдау: әрбір айдың бірінші сейсенбісі сағат 10.00- ден 12.00 дейін 

 

№ 6 Жыланды сайлау округінің депутаы Қайрбек Қажыбайұлы Садықов

Өмірбаян

 Садықов Қайрбек Қажыбайұлы 1961 жылы 29 қазанда Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында көп балалы қарапайым жұмысшының отбасында дүниеге келді.
Кеңес әскері қатарында борышын өтегеннен кейін 1982 жылы Семей зооветеринарлық институтына түсті. Оны 1987 жылы тәмәмдаған соң Қарағанды облысы Нұра ауданының «Трудовик» совхозына жолдамамен жіберіліп, қатардағы мал дәрігерінен бастап аудандық ветеринарлық зертхананың директоры лауазымында 6 жыл қызмет атқарды.
1993-1997 жылдары Бородулиха ауданында қызметте.
1997 жылдан бастап Бесқарағай аудандық әкімдігінде қызметін бас маманнан бастап, соңғы 7 жылда аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2012 жылдан бастап Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы.

Телефоны: 8(72236)9-11-06
Азаматтарды қабылдау: әрбір айдың үшінші бейсенбісі сағат 10.00- ден 12.00 дейін

 

№7 Долон сайлау округінің депутаты Болат Уәлиұлы Омаров

Өмірбаян
Болат Уәлиұлы Омаров 1964 жылдың 19 сәуірде дүниеге келген. 1987 жылы Семей кең- барлау техникумын, 2007 жылы М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық университетін бітірді.
Еңбек жолын, әскери қатарында азаматтық борышын өтегеннен кейін, 1984 жылы Үлкен - Владимировка ауылында «Қазақ ауыл шаруашылығының техникасы» аудандық бөлімінде жүргізуші ретінде бастаған.
1987 жылдан бастап Батыс Қазақстан аумағында Орал гидрогеологиялық экспедициясында бұрғылаушы шебері болып қызмет атқарды.
1998-2000 жылдары Үлкен - Владимировка орта мектебінде және ауыл шаруашылығының аумақтық басқармасында жұмысшы, 2000 жылы Үлкен Владимировка ауылдық округінің бас маманы, 2002-2008 жылдары аралығында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта «Нұр Отан» партиясының Бесқарағай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Телефоны: 8(72236)9-19-10
Азаматтарды қабылдау: әрбір айдың бірінші сәрсенбісі сағат 10.00- ден 12.00 дейін

 

№ 8 Канонерка сайлау округінің депутаты Сырым Муратұлы Елемесов

Өмірбаян

Сырым Муратұлы Елемесов 1968 жылы 6 маусымда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келді. Ұлты қазақ.  
1985 жылдан бастап 1993 жылға дейін Қазақ ауылшаруашылығы институтында, орман шаруашылығы факультетінде оқып, орман шаруашылығы инженері мамандығы дипломын алды. 1986-1988 жылдары аралығында КСРО әскери қатарында әскери борышын өтеді.
1993-2006 жылдар аралығында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты РММ Канонерка филиалында әртүрлі міндеттер атқарды.
Қазіргі уақытта «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты РММ Канонерка филиалының директоры.

Телефоны: 8(72236)-2-00-52, 2-00-53
Азаматтарды қабылдау: әрбір айдың соңғы жұмасы сағат 10.00- ден 12.00 дейін

 

№9 М-Владимировка сайлау округінің депутатыХарченко Вячеслав Геннадьевич

Өмірбаян

Вячеслав Геннадьевич Харченко 1961 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген, ұлты орыс, білімі жоғары, 1982 жылы Алматы қаласындағы Қазақ дене шынықтыру институтын үздік бітірген. Әскери қызметін өтеп келгеннен кейін жиырма жыл Большая Владимировка орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 2002 жылдан 2011 жылға дейін Борас орта мектебінің дене шынықтыру сабағының мұғалімі болып қызмет атқарды. Кәсіпкер, 1984 жылдан бастап ара ұяларын ұстайды, жоғары білікті омарташы. В.Г. Харченко егіншілермен тығыз байланыста, араларын ауыл шаруашылығы дақылдарын тозаңдатуға тиімді пайдаланады. Бірнеше рет ауданымыздың атынан халықаралық, республикалық бал конкурстарына және фестивальдеріне қатысты.

Телефоны: 8(72236)9-05-43
Азаматтарды қабылдау: әрбір айдың бірінші сәрсенбісі сағат 10.00- ден 12.00 дейін

 

№10 Қарабас сайлау округінің депутаты Ольга Александровна Кайруллина

Өмірбаян
Ольга Александровна Кайруллина 1984 жылы 10 қарашада Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Большая Владимировка ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Семеновка орта мектебін бітіріп, М.Әуэзов атындағы Семей университетіне түсіп, 2006 жылы педагог-психолог мамандығы бойынша осы университетті бітірген. Өз еңбек жолын 2006 жылы Семеновка орта мектебінде психолог маман болып бастаған. 2007 жылдан бастап 2009 жылға дейін ХҚКО-ның Бесқарағай филиалының инспекторы, 2009 жылдан бастап «Борас орта мектеп-бақша» КММ-нде педагог-психолог маманы болып жұмыс атқарады.

Телефоны: 8(72236)9-06-67, 9-06-02
Азаматтарды қабылдау: әрбір айдың бірінші дүйсенбісі сағат 10.00- ден 12.00 дейін  

 

№11 Жетіжар сайлау округінің депутаты Асқар Нұрланұлы Құрғамбаев

Өмірбаян

Асқар Нұрланұлы Құрғамбаев 1971 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 1989 -1991 жылдары аралығында Кеңес әскері қатарында борышын өтеді. 1994 жылы Алматы байланыс электротехникумын, 2003 жылы Алматы байланыс және энергетика институтын бітірді. Мамандығы - байланыс инженері.
1994 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының Бесқарағай аудандық өндірістік телекоммуникация байланыс торабында қызмет атқарды. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Сату басқару қызметінің Бесқарағай ауданының сату учаскесінің бастығы.

Телефоны: 8(72236)9-11-96
Азаматтарды қабылдау: әрбір айдың екінші  жұмасы сағат 10.00- ден 12.00 дейін

№12 Ерназар сайлау округінің депутаты Хабидулла Қабдұлұлы Мукинов

Өмірбаян
Хабидулла Қабдұлұлы Мукинов 1958 жылы 1 қаңтарда Семей облысы Бесқарағай ауданы Сосновка ауылында дүниеге келді.1976 жылы ДОСАФ мектебін бітіріп, Кеңес әскері қатарына шақырылып,1978 жылы Новопокровка зооветтехникумның ауылшаруашылық механика бөлімшесіне түсіп, 1981 жылы бітірді. «ҚСРО-ның 50-жылдығы» колхозында механик-бақылаушы, 1989-1993 жылдары АКТУ-16 директоры қызметтерін атқарды.
1994 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Мукинов» шаруа қожалығының басшысы.

Телефоны: 8(72236) -2-22-61
Азаматтарды қабылдау: әрбір айдың бірінші жұмасы сағат 10.00- ден 12.00 дейін

 

Парақтар өзгертілді: 03-10-2017