Аудандық мәслихатының аппараты

Мекеменің мекен жайы:

Бесқарағай аудандық мәслихаты өз құзыретін Қазақстан Республикасы Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, сессияда қабылданып бекітілген Регламентіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Аудандық мәслихаттың бесінші шақырылған депутаттық құрамына 12 депутат сайланған. Екі тұрақты комиссия жұмыс істейді. Мәслихат аппаратының штаттық кестесі бойынша 5 мемлекеттік қызметкер бар. Аппараттың негізгі міндеттерінің бірі мемлекеттік қызмет пен жергілікті мемлекеттік басқару нысанында мемлекеттік саясатын біртұтас іске асыру. Мәслихаттың және оның органдарын материалдық-техникалық, құқықтық, ұйымдастыру және басқа да мәселелерді қамтамасыз етуді асыру, депутаттардың өкілеттігін орындауына көмек көрсету, Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес азаматтардың құқығын Заңды мүдделерін, құқығын және басқада өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен белгіленген мәселелер шешіледі, өз жұмысын сессияда, тұрақты комиссияларда заң белгіленген шектерде депутаттардың өз өкілеттіктерін орындауымен іске асырады.

Кезекті сессиялары жылына кемінде 4 рет шақырылады. Сессияда және тұрақты комиссиялардың отырыстарында, аудандағы мекеме басшыларының есебі тыңдалып, әр түрлі бағдарламалар мен комиссиялардың құрамдары бекітіледі. Жылдық бюджет қабылданып, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады және оның орындау барысы бақылауда болады. Аудандық салық комитетінің ұсынысы бойынша қызмет көрсету орындарынан алынатын салық көлемі белгіленеді. Тұрмысы төмен азаматтарға берілетін жәрдемақы мөлшері анықталады.

Қабылданған Бағдарламалардың орындау барысы сессия мен тұрақты комиссияларда жоспарға сәйкес тыңдалып отырылады

Садыков Кайрбек Кажыбаевич Садыков Кайрбек Кажыбаевич - Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы

Садықов Қайырбек Қажыбайұлы 1961 жылы 29 қазанда Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында көп балалы қарапайым жұмысшының отбасында дүниеге келді.
1979 жылы Ақсуат орта мектебін бітірді. Кеңес әскері қатарына шақырылғанға дейін совхозда жұмысшы ретінде жұмыс істеді. 1980-1982 жылдары Кеңес әскері қатарында борышын өтеді.
Кеңес әскерінен кейін 1982 жылы Семей зооветеринарлық институтына түсіп, оны 1987 жылы тәмәмдаған соң Қарағанды облысы Нұра ауданының «Трудовик» совхозына жолдамамен жіберіліп, қатардағы мал дәрігерінен бастап аудандық ветеринарлық зертхананың директорына дейін 6 жыл қызмет атқарды.
1993-1996 жылдары Бородулиха ауданының «Ивановка» колхозында колхоз төрағасының орынбасары ретінде қызмет атқарды.
1997 жылдан бастап 2012 жылғы 19 қаңтарға дейін Бесқарағай аудандық әкімдігінде қызмет атқарды, осы салада қызметін бас маманнан бастап, соңғы 7 жылда аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Қазіргі уақытта екі жоғарғы білімі бар, олар: ветеринария және менеджмент.

Азаматтарды қабылдау уақыты: аптасайын, сейсенбі, бейсенбі күндері, 10.00-12.00, 15.00-17.00
Телефон: 8-72236-9-11-06, 8-72236-9-14-16 (факс)


Садыков Кайрбек Кажыбаевич Чуашбаева Айжан Омаргалиевна - Бесқарағай аудандық мәслихат аппаратының басшысы.

Чуашбаева Айжан Омаргалиевна Бесқарағай аудандық мәслихат аппаратының басшысы 1964 жылы 18 тамызда туған, ұлты-қазақ, білімі жоғары, Н.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірген, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі.
Еңбек жолын 1985 жылы Мостик 8-жылдық мектебінде математика мұғалімі болып бастады. Бесқарағай аудандық АХАЖ бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы, білім бөлімінің бас маманы болып қызмет етті. 2005 жылғы сәуір айынан мәслихат аппаратының бас маманы, ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің бастығы, 2010 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін аудандық мәслихаты аппаратының басшысы

Азаматтарды қабылдау уақыты: апта сайын, сәрсенбі, жұма күндері 10.00-12.00
E-mail: maslikhat@rambler.ru
Телефон: 8-72236-9-12-53




Садыков Кайрбек Кажыбаевич Рахметулина Турсункан Ргебаевна Бесқарағай аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру – құқықтық бөлімінің басшысы.

1961 жылғы 27 қыркүйекте Семей облысы Үржар ауданы Бестерек ауылында туған.
Ұлты қазақ, білімі жоғары, 1979-1982 жылдары Ново- Покровка совхоз техникумын және 1994 жылы Семей зооветеринарлық институтын бітірген.
Еңбек жолын: 1982 жылғы сәуір айынан Семей облысы Үржар ауданы Бестерек ауылы байланыс бөлімшесінде оператор болып бастаған, 1984-1997 жылдары Бесқарағай аудандық малдәрігерлік станциясында аға ветеринарлық фельдшері, 1997-2002 жылдары Бесқарағай аудандық малдәрігерлік станциясында аға терапевт-малдәрігері;
2002-2011 жылдары Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жәрдемақы тағайындау төлеу секторының жетекші маманы болып қызмет атқарды;
2011 жылғы сәуір айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін Бесқарағай аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру - құқықтық бөлімінің бастығы қызметін атқарады.

E-mail: maslikhat@rambler.ru
Телефон 8-72236-9-07-07

 

Парақтар өзгертілді: 05-09-2014