Мүлікті жария ету

Қаржы мониторингі субъектілеріне ақпарат үшін

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2016 жылдың 20 сәуірінен бастап, 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңына (бұдан әрі - АЖ/ТҚҚ Заң) өзгерістер енгізуімен байланысты, қаржы мониторингі субъектілерінің тізімінің кеңейтілуі туралы хабарлайды.
АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағы келесі мазмұнмен 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларымен толықтырылды:
- лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
- ломбардтар;
- бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
- жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
- төлемдер қабылдау бойынша операторлары.
Адвокаттарды қоспағанда, АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес, Комитетке, қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
2016 жылдың қыркүйек-қарашасында, Комитетпен түсіндіру шаралар сондай-ақ хабарламаларды қабылдау өткізуі жоспарланып отыр.
Аудиторияны қалыптастыру мақсатында, жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің өкілдерің, d.mukushev@minfin.gov.kz, r.iskakov@minfin.gov.kz электрондық мекенжайларына келесі ақпаратты: ұйымның атауы, тіркеу мекенжайы, өкілдің Т.А.Ә, телефон нөмірлерің, жолдауынызды сұраймыз.
Жұмыс кездесуінің күні және уақыты туралы ақпарат, Сіздермен көрсетілген байланыс деректеріне байланысты қосымша хабарланады.
Сұраулар бойынша телефондары: 8 (7172) 74-92-26; 74-97-39; 74-97-49; 74-97-52.

Легализация

Легализация

Легализация

Легализация

Легализация

Легализация

Легализация

Легализация

Легализация

Жұртшылықта «Не үшін жария ету қажет?» деген сұрақтар туындап отыр.

Қандай мүлік жария етілуі мүмкін дегенді түсіну үшін, егер кінәлі деп тану не жауапкершілікке тарту туралы акті орындалса, ӘҚбК немес ҚК қандай баптары бойынша адамдар жауапкершіліктен босатылатынын қарау жеткілікті.
Көрсетілген заң бойынша әкімшілендірілетін құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың тізбесі кішкентай деуге болмас.
Осылайша, егер заңнама талаптарын бұза отырып алынған кірістер болса, онда бұл жауапкершілікке тартылмаудың, оған қоса мұндай ақша қаражатын өзінде сақтап қалудың үлкен мүмкіндігі.
Заңмен жария етілетін мүлікке салықтық рақымшылық қарастырылған. Бұл жария етілетін мүлік салық салу объектісі болып табылмайтынын және жария ету фактісі бойынша азаматтарға жария етілген мүлік және ақша құнынан 10% табыс салығы есептелмейтінін білдіреді.
Рақымшылықты өзіне қабылдай отырып алдағы уақытта жауапкершілікке тартыламын, кесілемін деп қорықпауға, және өз қызметін одан әрі жалғастыруға болады. Әрине, осыдан кейін қызметті заңнамаға сәйкес және еліміз үшін жүзеге асыру қажет.

(Материал ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми солітынан алынған http://kgd.gov.kz/kk/content/zhauapkershilikke-tartyludan-korkynyshsyz-mulikti-zhariya-etu-1)

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы Заңы мемлекеттің мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Осылайша, мүлікті жария ету қолда бар мүлікті жария етуге және заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Біріншіден, бұл алда тұрған жалпыға ортақ декларациялауға енгізумен байланысты, азаматқа кейін оны декларацияда саспай көрсетуі үшін мүлкін қазір жария етуге құқық беріледі. Екіншіден, шетелде орналасқан мүлікті жария ету үшін мемлекет бюджетіне жария етілетін мүліктің құнынан 10% көлемінде жария етілгені үшін алым түседі.
Сонымен бірге, 2006 жылғы жария етуден айырмашылығы - заңды тұлғалар алдағы тұрған жария ету субъектілері болып табылмайтындығын атап өткен жөн.
Бұдан басқа, жария етілген мүлікті ресімдеумен байланысты барлық шығыстарды жария ету субъектілері өздері көтереді.
Сондай-ақ мемлекеттік тіркелуге жататын жылжымалы мүлік пен жер учаскелерінің жария ету құқығының болмауы кезекті айырмашылығы болып табылады.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрған үйлерді (құрылыстар, ғимараттарды) жария ету шартының бірі жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетіні болып табылатындығына назар аударған жөн.
Осы аталғандардың бәрі алдағы мүлікті жария ету науқаны тәртібінің, шарттарының, субъектілер, объектілердің бұдан бұрын өткізілгендерден айқын айырмашылықтарын көрсетеді.
Осылайша, алдағы мүлікті жария ету науқанының нәтижелері алға қойылған міндеттерге қол жеткізеді және тиісінше, жария етілген капитал ретінде экономикаға қосымша ресурстар тартады деп санаймыз.
(Материал ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми солітынан алынған http://kgd.gov.kz/kk/content/zhariya-etu-2014-ayyrmashylyktary-1 )

Ақшаны жария ету бойынша науқан екі жаққа да жария етуші азаматтарға да, ел экономикасы үшін де тиімді.
Көбі білетіндей, жария етудің жақсы жақтарының бірі, атап айтқанда, ол ақшаға қатысты, жария етілген ақша кіріс болып танылмайды да оларға салық жүгі түспейді.
Осылайша, өзіңізге берілген ақшаны жария ету құқығын пайдаланып, сіз өзіңіз үшін жария етілетін ақша сомасынан он пайызды үнемдей аласыз.
Әрине, сіз қарсылық білдіріп, сізге сол он пайызды төлеу бойынша міндеттеме жүктелетіні туралы айтуыңыз мүмкін, бірақ мен сізбен бұл жерде келіспеймін, себебі заң шығарушы алымды төлеу бойынша жеңілдіктер көздеген.
Яғни, егер сіз ақшаны, жария ету мақсаты үшін ашылатын жеке банк шотына аударымдар (ақша) енгізу жолымен жариялаған болсаңыз, онда 10% алым бюджетке төленбейді. Жария ету үшін алым шетелдегі мүлікті, сондай-ақ шетелдегі, немесе Қазақстандағы ақшаны жария еткен, бірақ оларды жеке банк шотына орналастырмаған жағдайда төленеді.
Сондай-ақ мүлікті жария етуді өткізу табыстылығының факторы осы науқан барысында алынған мәліметтер құпиялылығын сақтау болып табылады. Осындай ақпараттың құпиялылығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес кепілдендірілді. Банктік, салықтық және қызметтік құпияны сақтау ескеріледі.
(Материал ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми солітынан алынған http://kgd.gov.kz/kk/content/mulikti-zhariya-etu-azamattar-ushin-de-el-ushin-de-tiimdi-1)

Осылайша, мемлекет «Жария ету 2014» бағдарламасының форматында барлық тілек білдіргендердің өзінің мүлкін, соның ішінде бұрын заңды экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны да заңды жүзінде жария етуді көмектесуге шақыратын бір жолғы науқанын өткізеді.
Баспа шығарылған заңда жария етуге тиіс мүліктің тізбесі анық жазылады. Оның ішіне: ақша, құнды қағаздар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдағы қатысу үлесі, жылжымайтын мүлік, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін Қазақстанның аумағындағы ғимараттар, сонымен қатар республиканың аумағынан тыс жылжымайтын мүлік кіреді.
Алайда, көрсетілгеннің барлығы жария етілуге мүмкін емес. Ол құқыққа, адамның бостандығына қарсы жасалған қылмыстар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыстар, сонымен қатар жалған ақша, құнды қағаздар мен құжаттарды заңсыз жасау нәтижесінде алынған мүлік және ақша жатады.
Жария етуге, сондай-ақ, құқығы сот тәртібінде немесе заңды түрде дауланып жатқан мүлік жария етуге жатпайды. Оған, сондай-ақ, несие ретінде алынған ақша, мемлекеттің пайдасына тапсыруға тиіс мүлік, құрылысының аяқталуы бюджеттік қаражаттың есебінен іске асырылатын жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй – жайлар жатады.
Әкімдіктер жанындағы комиссияларға, азаматтар тиісті өтінішті және заңнамамен белгіленген құжаттардың тізбесін ұсына отырып, Қазақстанның аумағында тиісті түрде ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету мәселесі бойынша жүгінуде.
Қазақстан аумағындағы да, шетелдегі де қалған барлық мүлікті (ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғалардағы қатысу үлесі, жылжымайтын мүлік) тиісті өтінішті және заңнамамен белгіленген құжаттардың тізбесін ұсынумен тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгіне отырып жариялауға болады.
Ақшаны екі тәсілмен заңдастыруға болады.
Бірінші: Оларды банк шоттары арқылы көрсету және өзінің кез келген мұқтаждықтарына пайдалану, мысалы: бизнеске салу, жылжымайтын мүлікті сатып алу және т.б., және соңында, жай ғана шешіп алуға болады. Және осының барлығы 10% алымды төлемей жүргізілетін болады.
Екінші тәсіл: Шетелдегі немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны өтініш беру нысанда, оларды банк шоттарында көрсетпей, жария ету. Бірақ, бұл ретте бюджетке 10% алым төленеді.
Егер де, ақшалай қаражат қылмысты жасау нәтижесінде алынғаны анықталған болса ақшалай қаражатты жария ету заңсыз деп танылу фактісіне назар аудару керек.
Өзінің мүлкі мен ақшасын жария етуді қалаған барлық адамдар олардың сақталуына және табыс салығын салуды ықтимал деп алаңдамауларына болады. Олар табыс ретінде көзделмейтіні, ал ақша өз кезегінде депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалғаны Заңмен әлде қайда қарастырылған.
Сонымен қатар, адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық тәртіпте қудалау үшін мемлекеттік органдарынан және лауазымдық адамдардан алынған ақпаратқа қатысты маңызды кепіл Заңмен көзделгеніне назар аудару керек.
Бұдан бұрын айтылғандай, «Жария ету 2014» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

(Материал ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми солітынан алынған http://kgd.gov.kz/kk/content/kazakstanda-mulikti-zhariya-etu-trtibi-turaly-1)

Ақшаны жария ету рәсімдері жеңілдетілді

2015 жылғы қарашадан бастап мүлікті жария ету бойынша жүргізіліп отырған акция талаптарына енгізілген өзгерістер жария ету рәсімдерін едәуір жеңілдетті, сондай-ақ заңдастыру субъектілері үшін қосымша кепілдіктер енгізілді. Осылайша, мүлікті жария ету бойынша акцияны жүргізу мерзімдері 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды, ақшаны жария ету рәсімдері жеңілдетілді.
Енді ақшаны екі тәсілмен жария етуге болады.
Бірінші: өзіңінің банктік шотыңа аудару, сосын өзіңінің кез-келген қажетіңе пайдалану немесе шешіп алу. Айта кетерлігі мұның бәрі 10% алымсыз жүргізілетін болады.
Екінші тәсіл: шетелдегі немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны банктік шотқа аудармай тек мәлімдеу түрінде. Бұл ретте бюджетке 10% алым төленеді.
Екі жағдайда да жария ету субъектісі мемлекеттік кірістер органдарына тиісті декларация тапсырады.
Мүлікті жария ету бойынша (ақшаға қатысты бөлігінде) жүргізіліп отырған акцияның негізгі талаптары жөнінде халықты хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында (http://nationalbank.kz) «Мүлікті жария ету» бөлімі бар.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында орналасқан екінші деңгейдегі банк филиалдарынан және «Қазпочта» АҚ, сондай-ақ мына мекенжайлар бойынша Ұлттық Банктің Шығыс Қазақстан филиалынан түсіндірмелер мен кеңестер алуға болады:
 Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 3 үй, № 601 бөлме, телефон 25-49-13;
 Семей қаласы, Ұранхаев көшесі, 57 үй, № 23 бөлме, телефон 56-64-99.

Ақпартты ұсынған
Ұлттық Банктің
Шығыс Қазақстан филиалы

Жария етуге қатысты ақпарат Құрметті клиенттер!

  • «Қазпочта» АҚ «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 30.06.2014 жылғы № 213-V Заңына сәйкес (13.11.15 ж. №400-V өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып), мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы ақшаны жария ету бойынша акция 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылғанын Сіздердің назарларыңызға жеткізеді.

Акцияның басталуы - 2014 жылғы 1 қыркүйек, аяқталуы – 2016 жылғы 31 желтоқсан.

  • Ақшаны жария ету мақсатында салу үшін, Қазақстан Республикасының 30.06.2014 жылғы №213- V Заңында ақшаны жария ету үшін ҚР екінші деңгейлі банктері мен «Қазпочта» АҚ жеке ағымдағы банктік шот ашуы көзделген.
  • Ақшаны жария ету мақсатында, жеке ағымдағы банктік шот ашу үшін Автоматтандырылған почта байланысы бөлімшесіне баруыңыз және жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды көрсетуіңіз қажет.
  • Жеке ағымдағы банктік шот ашу және ақша енгізу кезінде клиентке «Жария ету үшін ағымдағы банктік шотқа ақша енгізілгенін/аударылғанын растау туралы анықтама» құжаты беріледі.
  • Ақшаны жария ету үшін ағымдағы шот ашылғаннан кейін және «Жария ету үшін ағымдағы банктік шотқа ақша енгізілгенін/аударылғанын растау туралы анықтаманы» алғаннан соң, жария ету субъектісі ақшаны жария ету үшін ағымдағы шотты ашқан күні арнайы декларацияны толтыру үшін мемлекеттік кірістер органына баруы қажет.
  • «Қазпочта» АҚ-да ағымдағы шоттар бойынша мынадай комиссиялар қарастырылған:
  • Ағымдағы шотты ашу – 300 теңге.
  • Шотты толтыруға қолма-қолақша қабылдау – 0 теңге.
  • Шоттан ақшаны беру – 0 теңге.
  • Қолма-қол жасалмайтын жолмен түскен ақшаны клиенттің шотына аудару – түскен сомадан 1 %.
  • Ұлттық Банк сайтының (www.nationalbank.kz) «Мүлікті жария ету» бөлімінде мүлікті жария ету туралы ақпаратпен толығырақ танысуға болады.

Құрметпен, «Қазпочта» АҚ

Мүлікті жария ету бойынша акция – жаңа мүмкіндіктер

2015 жылғы 29 қарашада 2015 жылғы 13 қарашадағы № 400-V Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілді, ол Заңмен мүлікті жария ету бойынша жүргізілетін акцияның талаптарына өзгерістер енгізілді.
Өзгерістер жария ету рәсімдерін елеулі дәрежеде оңтайландырады, сондай-ақ жария ету субъектілері үшін қосымша кепілдіктер енгізеді.
Мәселен, мүлікті жария ету бойынша акция жүргізу мерзімдері 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Мүлікті жария ету бойынша акция жүргізу мерзімінің өтуі мүлікті жаппай декларациялауды енгізумен және 2017 жылғы қаңтардан бастап шетелдік шоттар мен мүлікті декларацияламау үшін жауапкершілікті күшейтумен қатар қолданылды. Сонымен қатар, Қазақстан Салық мәселелерінде өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға қосылғаны белгілі, оның негізінде әлемнің әр түрлі елдерінің салық органдары өз резиденттерінің осы елдерде орналастырылған мүлкі мен кірістері туралы ақпаратпен алмасады. Осылайша, мүлікті жария ету бойынша жүргізілетін акция мемлекеттің салық органдарымен өзара қарым-қатынастарды реттеу және болашақта ықтимал наразылықтарды болдырмау үшін жақсы мүмкіндік болып табылады.
Сонымен қатар енгізілген өзгерістермен жария ету субъектілері үшін кепілдіктер кеңейтілген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің жекелеген баптары бойынша қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатудан өзге, енді жария ету барысында алынған ақпаратты қылмыстық істі немесе әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қозғау үшін негіздемелер ретінде, сондай-ақ осындай істер бойынша дәлелдемелер ретінде пайдалану мүмкіндігі де жойылды. Сондай-ақ, салық және банк заңнамасында жария етілген мүлік туралы мәліметтер мен ақпаратты құқық қорғау органдарына ұсынуға тыйым салу енгізілген. Бас прокурордың немесе оның орынбасарларының санкциялары болған жағдайлар үшін ғана қолданылмайды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жария ету барысында алынған мәліметтерді заңсыз жариялағаны үшін жауапкершілігі көзделетін қылмыстық заңнаманың нормалары нақтыланды және күшейтілді.
Ақшаны жария ету тетігі елеулі дәрежеде оңтайландырылды. Енді ақшаны жария етудің екі негізгі тәсілі көзделеді. Олардың бірі ақшаны банктегі немесе «Қазпочта» АҚ-дағы ағымдағы шотқа аудару және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына арнайы декларация ұсыну қажеттілігін көздейді. Бұл ретте жария ету субъектісіне ақшаны шотта сақтау мерзімі және алымды төлеу бойынша ешқандай талаптар қойылмайды. Ағымдағы шотқа ақша аударылғаннан және декларация ұсынылғаннан кейін жария ету субъектісі жария етілген ақшаны өз қарауы бойынша пайдалануға құқылы.
Екінші тәсіл тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына арнайы декларация ұсыну жолымен шетелдік банктердегі ақшаны жария ету мүмкіндігін береді. Бұл жағдайда, жария етілетін ақшаның сомасынан 10% мөлшерде алдын ала алым төлеу талабымен ақшаны Қазақстанның аумағындағы банктерге аудармауға болады. Осылайша жария етілген ақшаны оның иесі өз қалауы бойынша, оның ішінде қазақстандық қор биржасында орналастырылатын бағалы қағаздарға, «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында орналастырылатын қаржы құралдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзге де активтерге инвестициялау жолымен пайдалана да алады.
Жария етілетін ақшаны жинақ шоттарында сақтау мерзімдерінің күшін жоюға, сондай-ақ жария етілетін ақшаны жинақ шоттарынан мерзімінен бұрын алу үшін төленетін алымның күшін жоюға байланысты осындай алымды 2015 жылғы 29 қарашаға дейін төлеген адамдардың төленген соманы қайтарып алуға құқығы бар екені туралы жеке айтып өткен жөн. Ақшаны жария ету үшін (жинақ шотынан мерзімінен бұрын алу үшін) бұрын төленген алымды қайтарып алу үшін осындай алымды төлеген адам тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына тиісті өтінішпен хабарласуы және банктен алынған алымның төленгенін растайтын құжатты қоса беруі қажет.
Мүлікті жария ету рәсімдерінде де өзгерістер болды. Әкімдіктердің жанындағы комиссияларда иелену құқығы тиісінше ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік жария етіледі. Қазақстан Республикасының аумағындағы, сондай-ақ одан тысқары жерлердегі өзге мүлік (оның ішінде жылжымалы, сондай-ақ иелену құқығы жария ету субъектісіне немесе басқа тұлғаға ресімделген мүлік) тұрғылықты жері бойынша (Қазақстан Республикасынан тысқары орналасқан мүлікке қатысты) не мүліктің орналасқан жері бойынша (Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікке қатысты) мемлекеттік кірістер органына арнайы декларация ұсыну жолымен жария етіледі.
Жария етілетін мүліктің құнынан 10% мөлшердегі алымның Қазақстан Республикасынан тысқары орналасқан мүлікке қатысты ғана төленетіні туралы норма сақталды. Бұл ретте шетелде орналасқан, сенімгерлік басқаруға берілген мүлікті (траст) жария ету мүмкіндігі қосымша ұсынылған.
Сонымен қатар, өзгерістер енгізілгенге дейін шетелде орналасқан жария етілген мүлікті сату кезінде 10% алым төленетін еді, бұл ретте сату құнына толық көлемде табыс салығы салынатын. Енгізілген түзетулермен шетелдегі жария етілген мүлікті сату кезінде қосарланған салық салу жойылған.
Жалпы алғанда, мүлікті жария ету бойынша жүргізіліп жатқан акция жария ету субъектілеріне бұдан бұрын заңды экономикалық айналымнан шығарылған ақша мен өзге мүлікті оған қайтаруға мүмкіндік береді, бұл алдағы уақытта кірістер мен мүлікті жаппай декларациялауға, сондай-ақ трансшекаралық операциялардың айқындылығын арттыру бойынша жалпы әлемдік үрдістерге және елдер арасында салық ақпаратымен өзара алмасуды күшейтуге көшу тұрғысында ерекше өзекті. Жүргізіліп жатқан акцияның талаптары өте тиімді болып табылады, өйткені мүлікті артық материалдық шығынсыз және уақыт шығындамастан жария етуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жария ету рәсімі мемлекеттік кірістер органына декларация беру жолымен бұрын тіркелмеген мүлікті (ғимараттар, құрылыстар және т.с.с.) тіркеуге не оңтайландырылған тәртіппен тіркеу деректерін (жер телімінің мақсаты және т.с.с.) өзгертуге мүмкіндік береді. Жария етілген ақша мен мүлік салық салу мақсаттары үшін кіріс болып танылмайды және тиісінше табыс салығы салынбайды. Сайып келгенде, жария ету барысында алынған ақпарат конфиденциалды болып табылады және жария ету субъектісінің өзіне қарсы пайдаланылмайды.

ҚР Ұлттық Банкінің Шығыс Қазақстан филиалы

Парақтар өзгертілді: 23-08-2016