Аудандық бөлімдер

"Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ужогова Галина Николаевна Галина Николаевна Ужогова -қаржы бөлімінің басшысы

Білімі
1973 жылы 11 ақпанда Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Үлкен Владимировка ауылында дүниеге келді. Ұлты – орыс. Білімі - жоғары. 1995 жылы Семей ет және сүт өнімдері техникалық институтын «есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмәмдады.

Мансабы
Еңбек жолын 1996 жылы аудандық қаржы бөлімінде І санатты экономисттен бастап, 1996 жылғы қараша айынан 1998 жылғы тамыз айына дейін - аудандық қаржы бөлімінің кірістерді болжау бойынша бас маманы, 1998 жылғы тамыз айынан 2003 жылғы наурыз айына дейін - аудандық қаржы бөлімінің бюджет бойынша басшысының міндетін атқарушы, 2000 жылғы наурыз айынан 2005 жылғы қаңтар айына дейін - аудандық қаржы бөлімінің бюджет бөлімінің басшысы, 2005 жылғы қаңтар айынан 2006 жылғы қаңтар - айына дейін - қаржы және экономика бөлімі басшысының міндетін атқарушы, 2006 жылғы қаңтар айынан 2011 жылғы қаңтар айына дейін - қаржы және экономика бөлімі басшысының міндетін атқарушы, 2011 жылғы қаңтар айынан 2013 жылғы қаңтар айына дейін - Бесқарағай ауданының - экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімінің жоспарлау және орындау бойынша бөлім басшысы, 2013 жылғы қаңтар айынан 2014 жылғы шілде айына дейін - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімінің бас маманы. 2014 жылғы шілде айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімінің басшысы.

Лауазымдық міндеттері:
Бөлімді жалпы басшылыққа алу және жоспарлау. Жоғарғы органдарға өз уақытында ақпараттар, есептемелер беруді қамтамасыз ету, аудан әкімі мен әкімдіктің жетекшілік ететін мәселелері бойынша шешімі, өкімі, қаулысы жобаларын әзірлеу, аудан бюджетінің орындалуын қамтамасыз ету. Сәйкес қаржы жылына аудандық бюджет туралы шешім жобасын әзірлеу, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сонымен қатар сәйкес қаржы жылына аудандық бюджет туралы шешімді жүзеге асыру туралы қаулы жобасын әзірлеу. Жергілікті бюджет бойынша қолма-қол қаражат ресурстарын талдау және болжау. Қаржы жылы ішінде бюджеттік қаражатты біркелкі бөлінуін қамтамасыз ету. Жалпы аудан бойынша түсімдер туралы жоспардың нақтылануын жүргізу; ағымдағы қаржы жылы ішінде кірістердің күтілетін орындалуы бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. Белгіленген мерзімде түсімдерді уақытында бюджетке есепке алуды, бюджет қаражаттарын пайдалануды қамтамасыз ету, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қарау. Қаражат түсімі көздерін заңдылық тұрғысында, кірістердің толық және дұрыс есептелуі, қаражаттардың мақсатқа сай толық және дұрыс бағытталуы тұрғысында бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған мемлекеттік мекемелердің тауарларын (жұмыстар, қызметтер) жүзеге асырудан түскен түсімдер мен ақша шығындары жоспарымен келісу. Демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету үшін аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне мемлекеттік мекемелердің шотттарын ашуға рұқсат беру немесе ашылған шоттардың жарамдылық мерзімін ұзарту. Бюджетті орындау процесінде жиынтық жоспарға енгізілетін өзгерістерді есепке алу, тексеру және талдау. Жылдық сомаларды айлар бойынша бөлудің талдауы арқылы бюджет қаражаттарын игеру, қаржыландыру жоспарына енгізілетін өзгерістер негізділігі, қаржыландыру жоспарының орындалмау себептерін анықтау мониторингін жүзеге асыру. Аудан әкімдігі резерві қаражаттарының пайдаланылуын және жіберілуін есепке алуды жүзеге асыру; заңнамалық актілерге сәйкес аудандық коммуналдық меншікті басқарады. Өз құзіреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекіту. Аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ереже) бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Аудан аумағында мемлекеттік коммуналдық меншіктің мақсатқа сай және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру. Коммуналдық меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу; аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алу), келесі сатып алу құқығынсыз, одан әрі сатып алу құқығымен немесе өтеусіз негізде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне усыну; меншігіне одан әрі тапсырумен жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруды ұсыну. Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, заңды және жеке тұлғалармен мемлекеттік коммуналдық мүлікті пайдалану жөнінде шарттар жасау. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке түскен аудандық коммуналдық мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі п айдалануды ұйымдастыру. Аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және жою, сонымен қатар акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу, оларды құру, қайта ұйымдастыру, жою және оларға тиесілі акционерлік қоғам акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталына қатысуы иелігінен шығаруы туралы шешім қабылдау. Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешімді қабылдайды, аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру; ауданның жергілікті атқарушы органдарымен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарын және оларды орындау бойынша есептерді қарастыру, нағыз Заңмен қарастырылған жағдайда келісіп, бекіту. Бюджеттік есепке алуды жүзеге асыру тәртібін анықтау; бухгалтерлік есептілік жасау және ұсыну тәртібін анықтау. Бюджет, бухгалтерлік есеп және есептілікті орындау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру. Мемлекеттік сатып алулардың жүйелік мониторингін ұйымдастыру. Қызмет көрсету тәртібі бойынша қызмет алушыларды уақытылы ақпараттандыру. Қызметалушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына, мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылатын ақпараттық жүйелердегі жұмыс үшін және мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдерінің бұзылуына жауапты болу. Сапа менеджмент жүйесін ұстау бойынша іс-шараларды өткізу. «Бюджеттік қаражаттарды басқару» бағыты бойынша тиімділікті бағалау әдістемесін құрастыру және орындалуына бақылау жасау. Ауылдық округтерде жергілікті мемлекеттік басқару бойынша есеп жүргізу. Өз құзыреті шегінде ауданның есепшілерімен оқу семинарларын өткізу, көлікке және ЖСМ лимиттерін құрастыру және бақылау жасау, өз функционалдық міндеттері шегінде ТЖ-ға жол бермеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Мекен жайы:
ШҚО Бесқарағай ауданы
Бесқарағай ауылы Әуезов көшесі, 39

Азаматтарды қабылдау уақыты: күнделікті сағат 9-00-ден сағат18.00-ге дейін.
Телефон: 8(72236) 9-15-51
e-mail: g.uzhogova@akimvko.gov.kz

 

Парақтар өзгертілді: 13-01-2020