Аудандық бөлімдер

"Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ужогова Галина Николаевна Қаржы бөлімінің басшысы - Галина Николаевна Ужогова

Семей облысы Бесқарағай ауданы Үлкен Владимировка ауылында 1973 жылы 11 ақпанда туған. Ұлты – орыс. Білімі жоғары. 1995 жылы Семей ет және сүт өнімдері техникалық институтын есеп және аудит мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1996 жылы аудандық қаржы бөлімінде І санатты экономисттен  бастап, 1996 жылы аудандық қаржы бөлімінің кірістерді болжау бойынша бас маманы, 1998 жылы аудандық қаржы бөлімінің бюджет бойынша басшысының міндетін атқарушы, 2000 жылы наурыздан аудандық қаржы бөлімінің бюджет бөлімінің басшысы, 2004 жылдан  қаржы және экономика бөлімі басшысының міндетін атқарушы, 2006 жылғы қаңтардан  бастап қаржы және экономика бөлімі басшысының міндетін атқарушы, 2011 жылдан  бастап экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімінің жоспарлау және орындау бойынша бөлім басшысы, 2013 жылдан бастап  Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімінің бас маманы.
2014 жылғы шілде айынан бастап  Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімінің басшысы.

Лауазымдық міндеттері
Бөлімді жалпы басшылыққа алу және жоспарлау. Жоғарғы органдарға өз уақытында ақпараттар, есептемелер беруді қамтамасыз етеді; аудан әкімінің жетекші мәселелер бойынша шешім, өкім, қаулы жобаларын жетілдіреді; тиісті аумақтың жиынтық қаржы теңгерімінің әзірлеуіне қатысады; аудан бюджетінің атқарылуының және құрастырылуының реті туралы нұсқаулар және аудандық әкімшіліктің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды; бюджетті дәлдеу (түзету) бойынша ұсыныстар енгізеді; сәйкес жылға бекітілген бюджет туралы аудандық мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес аудандық бюджеттің тусуін және қаржыландыру жиынтық жоспарын құрайды; аудандық мәслихат сессиясының шешімінесәйкес бюджетке өзгеріс пен қосымшалар енгізген сайын аудандық бюджеттің тусуін және қаржыландыру жиынтық жоспарын құрайды; сәйкес қаржылық жылға аудандық бюджеттің мемлекеттік мекемелердің тізімін жасайды, айлық бөлумен бекітілген іс-шаралар мен бағдарламалардың шығындарын қаржыландыру жиынтық жоспарының негізінде аймақ бюджетінің атқарылуын ұйымдастырады; бюджеттік классификациялауға сәйкес қаражаттың дұрыс бағытын бақылауды жүзеге асырады; бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттарының орындалуын және бекітеді, қалыптасуын бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілердің қаржыландырылауын бақылауды жүзеге асырады; қорытынды іс-шаралар нәтижесі бойынша қабылданған шешімдердің бақылауын жүзеге асырады; қаржыландырудың арнаулы қолданбаған кезінде көлемін азайтуға немесе қайта шақыруды жүзеге асырады; Бюджеттік кодекспен белгіленген жағдайда қаржыландыруды тоқтатады; аймақтың бюджет қаражатынының орындалуын сараптайды; орнатылған тәртіпте бюджеттің орындалуы туралы жоғарғы органдарға ай сайынғы есеп береді; жұмысты ұйымдастыру және жергілікті бюджеттердің орындайды, бюджеттердің басқа деңгейлерімен қарым-қатынасын тәртіпте жүргізеді; арнаулы бағдарламалардың қаржыландыру ретін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды; бюджеттін атқарылуы бойынша методологиялық басшылық етеді; әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттің қаржы мүдделерін қорғауды ұйымдастырады; ИСО 9001-2008 сәйкестікке сапа менеджмент жүйесін ұстау бойынша іс-шараларды өткізеді.

   Мекен жайы:
ШҚО Бесқарағай ауданы
Бесқарағай ауылы Әуезов көшесі, 39

   Азаматтарды қабылдау уақыты: күнделікті сағат 9-00-ден сағат18.00-ге дейін.
   Телефон: 8(72236) 9-15-51
   e-mail: g.uzhogova@akimvko.gov.kz

 

Парақтар өзгертілді: 03-08-2017