Аудандық бөлімдер

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алимбаева Алмагуль МайдановнаАлимбаева Алмагул Майданқызы - бөлімнің басшысы  

1971 жылы 21 шілдеде Семей  облысы Бесқарағай ауданы Үлкен Владимировка ауылында дүниеге  келді. Ұлты қазақ. Білім – жоғары. 2006 жылы Семей қалалық Р.С.Байсейітова атындағы қаржы-экономикалық колледжінде «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығына оқып, 2009 жылы Семей қалалық Казақ гуманитарлық-заң инновациалық университетінің «Қаржы және аудит» мамандығын бітірді, 
біліктілігі -  есеп және аудит бакалавры.

Семей № 24 кәсіби техникалық училищесінде техникалық-пайдалану және ұйымдастырушылық мәселелері жөніндегі нұсқаушы (1989ж.), Бесқарағай аудандық байланыс торабының есепшісі (1989-1991), Бесқарағай аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің қарт адамдарға жэне жалғыз басты адамдарға көмек көрсету жөніндегі әлеуметтік көмекші (1991-1993), Бесқарағай аудандық Амре Кашаубаев атындағы совхозының хатшы-машинистка (1993-1996), Бесқарағай аудандық Амре Кашаубаев атындағы совхозының жұмысшысы (1996-1997), Бөдене ауылы Бөдене ауылының байланыс бөлімінің операторы (1997), Бесқарағай аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының хатшы-машинистка (1998-2003), Бесқарағай аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының хатшы-референт (2003), Бесқарағай аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы-есепшінің міндетін атқарушы (2003), Бесқарағай аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы-есепші (2003-2005), Бесқарағай аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының шаруашылықты меңгерушісі (2005-2007), Бесқарағай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы (2007-2011), Бесқарағай аудандық экономика, қаржы жэне кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы (2011-2013).
2013 жылғы қаңтар айынан бастап Бесқарағай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

                            
Лауазымдық міндеттері:
Бөлімді жалпы басшылыққа алу және жоспарлау. Жоғарғы органдарға өз уақытында ақпараттар, есептемелер беруді қамтамасыз етеді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік және орта мерзімді жоспарларын әзірлеу мен жүзеге асыруды әдістемелік пен ұйымдастырумен қамтамасыз етеді. Ауданның атқарушы органдарымен, барлық меншік нысанындағы кәсіпкерлердің қатысуымен өңірлік әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың негізгі бағыттарының жобаларын әзірлейді. Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуын болжамдау, экономикалық талдау және реформалардың жүрісін талдайды. Өз құзыреті шеңберінде орындау үшін міндетті нұсқаулар береді, жергілікті атқарушы органдардан жұмыс үшін қажетті ақпарат сұрауды белгіленген мерзімдерде алады. Тиесілі мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, қаулыларының жобаларын дайындайды. Әкімшіліктік-аумақтық бюджет жобасын қалыптастырады; сәйкес келетін қаржы жылы бюджет түсімінің көлемінің, өте маңызды жергілікті бюджет бағдарламалары мен бюджеттің игеру лимиттері бойынша орташа шығыс мөлшерлерінің есептерін жасайды, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен келісу; басымдықты бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады; бюджеттік жіктеме бойынша есеп жүргізу және өзгерту жүргізеді; жергілікті атқарушы органдардың резерв қаражаттарының орындалуын жоспарлау, жергілікті бюджеттердің құрастырылуын ұйымдастырады,облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, аудан әкімінің тапсырмаларын орындайды, ИСО 9001-2008 сәйкестікке сапа менеджмент жүйесін ұстау бойынша іс-шараларды өткізеді.

Мекен жайы:
ШҚО Бесқарағай аудандық
Бесқарағай ауылы Ауезов көшесі 39

   Азаматтарды қабылдау уақыты: ежедневно с 9-00 по 18.00 ч.
   Телефон: 8(72236) 9-03-45
   e-mail: a.alimbaeva@akimvko.gov.kz

 

Парақтар өзгертілді: 03-08-2017