Аудандық бөлімдер

«Сәулет, құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттiк мекемесi

Байгабылов Рауан Болатович Байгабылов Рауан Болатович Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Білімі
1984 жылы 25 маусымда Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Ү- Владимировка ауылында дүниеге келді. Ұлты - қазақ. Білімі – жоғары. 2007 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмәмдады.

Мансабы
Еңбек жолын 2009 жылғы мамыр айынан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт нұсқаушысы болып бастады, 2010 жылғы сәуір айынан желтоқсан айына дейін - дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы, 2011 жылғы қаңтар айынан 2012 жылғы маусым айына дейін білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы, 2012 жылғы маусым айынан 2015 жылғы қараша айына дейін - аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2015 жылғы қараша айынан 2019 жылғы қазан айына дейін -  Бесқарағай ауылдық округінің әкімі, 2019 жылы 18 қазанан - Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы. 

Лауазымдық міндеттері:
Бөлімнің қызметін ұйымдастыруға жауап беру. Құрылыста және басқа да өзі басқаратын салалардағы өңірлік саясаттың негізгі бағыттарының жобаларының дайындалуын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолданыстағы Бағдарламаларының, оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жүзеге асырылуына қатысу. Елді мекендердің құрылысының барысына жауап беру. Өзі басқаратын салалардағы әр түрлі қызмет түрлерінің пайда болуынан қоршаған ортаны қорғау мен экономикалық қорғалуына жауап беру. Жергілікті атқарушы органмен бекітілген мақсатты бағдарламалардың қаржылық және материалдық қамтамасыз етілу мәселелерін шешуге жауап беру. Өзі басқаратын салалардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талдау мен болжамдауды, ақпараттар жинауды ұйымдастыруға жауап беру. Еңбек жағдайының қауіпсіздігі мен азаматтардың бостандығы үшін құқықтық кепілдіктерінің сақталуы, денсаулықтарына келтірілген залалдарды жоюға, әлеуметтік қорғауда мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына жауап беру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функциялардың іске асуына жауап беру. Сәйкес стандарттарды және қызметтерді сақтауда жауапкершілік таныту. Өз құзыреті шегінде орындау үшін нұсқаулар беру, белгіленген мерзімде жергілікті орындаушы органдардан жұмысқа қажетті ақпаратты сұрау және алу, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының, аудан әкімінің тапсырмаларын орындау. ИСО сәйкестікке сапа менеджмент жүйесін ұстау бойынша іс-шараларды өткізу. Жетекшілік ететін және тұрғын үй – коммуналдық салаларда аумақтық саясаттың негізгі бағыттардың жобаларын дайындауды ұйымдастыру жұмысын жүргізу. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өндеу пунктерін құру бойынша арнайы берілген жерлерге қоқысты шығару бойынша жұмысты ұйымдастыру, ауданның елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, өз функциялық міндеттері шегінде ТЖ-ға жол бермеу және объектілердің тіршілік әрекеті қамтамасыз ету бойынша жұмысын ұйымдастыру. Тұрғын үй-коммуналдық нысандарын ұстауға, жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға, жолдарды пайдалану мен дамытуға, өзі басқаратын салалардағы әр түрлі қызмет түрлерінің пайда болуынан қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қорғалуына, су құбырлы-каналдық жүйелерді, жылумен жабдықтау көздерін қайта жөндеу мен қалпына
келтіруді ұйымдастыруға, жергілікті маңыздағы жолдарды ұстау мен күрделі жөндеуге, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өзі басқаратын салардағы әртүрлі қызметтер түрлерінің пайда болуынан қоршаған ортаны күзету мен экологиялық қорғау бойынша шаралар ұйымдастыру мен іске асыру, жергілікті атқарушы органдармен бекітілген мақсатты бағдарламалардың қаржылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелерінің шешілуін қамтамасыз ету. Қызмет алу тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру, қызмет алушыларға көрсетілген қызметтің сапасына, қызмет көрсету ресімдерінде қатысатын ақпараттық жүйелерде жұмыс үшін және қызмет көрсету мерзімінің бұзылуына жауапты болу. Аудан әкімінің сайтына жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпарат дайындау. Жергілікті атқарушы органмен бекітілген мақсатты бағдарламалардың қаржылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешу, жетекшілік ететін салалардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талдау мен болжамдау, ақпараттар жинауды ұйымдастыру, еңбек жағдайының қауіпсіздігі мен азаматтардың бостандығы үшін құқықтық кепілдіктерінің сақталуы, денсаулықтарына келтірілген залалдарды жою, әлеуметтік қорғауда мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функциялардың іске асуына жауап беру.ауданды қалааралық, телеграфтық және жергілікті байланыстармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды дайындауға және олардың орындалуына бақылауды іске асыру.

Мекен жайы:
ШҚО Бесқарағай ауданы
Бесқарағай ауылы Пушкин 2 А көшесі
Сенім телефоны 8 (72236) 9-15-97

Жеке сұрақтармен азаматтарды қабылдау уақыты - сейсенбі 11.00 - 13.00 с., жұма 11.00 - 13.00с.

 

Парақтар өзгертілді: 13-01-2020