Аудандық бөлімдер

«ШҚO Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Омаргазин Самат Кудайбергенович Омарғазин Самат Құдайбергенұлы, 1974 жылы 17 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы Айғыз ауылында дүниеге келген, төрт жоғары білімі бар, 2004 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазақ гуманитарлық және заң факультетін құқықтану мамандығы бойынша, 2013 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономика және бизнес мамандығы бойынша- магистратураны тәмәмдады; 2014 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университете «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасында ғылыми педагогикалық магистратураны жалғастырды. Еңбек жолын Семей қаласы МТД шағын жеке кәсіпорны бас бухгалтер ретінде бастаған (1993-1995 ж.ж.), Семей қ. МТД шағын жеке кәсіпорының директоры (1995-1997 ж.ж.), Семей қ. Ақ-Булақ АҚ маркетинг жөніндегі вице-президенті (1997-2000 ж.ж.), Семей қ. Спартак ЖШС атқарушы директоры 2000 жылғы ақпан айынан қыркүйек айына дейін, Семей қ. Аймақтық өкіл Галлахер Қазақстан ЖШС Алматы қ. (2000-2003 ж.ж.), ЖШС Галлахер Қазақстан Алматы көтерме клиенттермен маман (2003-2004 ж.ж.), ЖШС Галлахер Қазақстан Алматы супервайзері (2004-2005 ж.ж.), ЖШС Галлахер Қазақстан Алматы көтерме клиенттермен маман (2005-2009 ж.ж.), ҚР Монғолиядағы Елшілігінің әкімшілік – шаруашылық мәселелері бойынша аға референті Улан-Батор (2009-2011 ж.ж.), ШҚО Семей қаласындағы ЖШС Бастау директор орынбасары 2011 жылғы шілде айынан желтоқсан айына дейін, Семей қаласындағы Ректор аппарат басшысының кеңесшісі, Мемлекеттік Университетінің ғимараттарды пайдалану және көмек басқармасың басшысы (2012-2016 ж.ж.), «Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»ММ құқықтық және кадрлық мәселелер жөніндегі секторының бас маманының міндетін атқарушысы 2016 жылғы тамыз айынан қазан айына дейін, «Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»ММ құқықтық және кадрлық мәселер жөніндегі секторының бас маманы (2016-2017 ж.ж.), «Семей қаласындағы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдаламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ мүгедектермен және әлеуметтк мекелермен жұмыс секторынын бас маманы (2017-2018 ж.ж.), «Семей қаласындағы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдаламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ құқықтық және кадрлық жұмыс секторының меңгерушісі 2018 жылғы сәуір айынан қазан айына дейін, 2018 жылғы қазан айынан Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы, Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі басшысы, білім саласында көп жылдық тәжірибесі бар. Мемлекеттік қызмет өтілі 7 жылдан асады, жалпы жұмыс өтілі - 25 жыл, басқарушылық лауазымдарда жұмыс өтілі - 13 жыл.

Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын орындаудың сапасы мен толықтығын бақылауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің Жарлықтарын, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын орындау, үкіметтік және ұлттық бағдарламалардың жүзеге асуына бақылау жасау, аудандық білім беру бөлімі туралы Қағиданы басшылыққа алу. Белгіленген тәртіпте отырыстардың, алқа отырыстарының өтуін жоспарлау, қоғамдық арнаулы инспекцияларын білім беру бөлімінің өкілеттігін іске асыру. Білім беру бөлімінің қаржылық және барлық шығыс құжаттарына қол қою және несие иеленуші. Бөлімге жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуына тікелей жауап беру, мамандар мен мектептер басшыларының жауапкершілігін белгілеу. Белгіленген тәртіпте аудан әкімінің қарауына, облыстық білім департаментіне бөлімнің дамуы мен қызметі мәселелерін енгізу. Бұйрықтар шығару, олардың орындалуы бойынша бақылау ұйымдастыру, аудан мектептері туралы құрылым, штат кестелерін, шығыс сметаларын, қағидаларды бекіту. Білім беру бөлімінің аппараты мен мектептер басшыларын тағайындау және қызметтерінен босату. Азаматтардың хаттары мен шағымдарын қарауды қамтамасыз ету, азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдауды жүргізу. АББ жұмысын жоспарлау. Статистикалық және басқа да есептемелердің өз уақытында және сапалы орындалуын бақылау. Мектептер мен сыныптарды іріктеу. Білім беру сапасының мониторингісін жасау. ҚАЖ-ның сапа менеджменті жүйесін сақтау бойынша іс-шараларды жүргізу.

Мекен жайы: ШҚО Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы Сейфуллин көшесі, 162
Жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау сағаттары: Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күні сағат 14-30-дан-16-00-га дейін
Сенім телефоны:  8 (72236) 9-14-44

   Мектептерінің тізімі

Парақтар өзгертілді: 29-12-2018