Аудандық бөлімдер

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Калтаева Асемгуль МадениетовнаИдрисова Назира Тасболатовна - аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімінің басшысы
1987 жылы 10 маусымда Семей облысы Семей қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Екі жоғары білімі бар.
2008 жылы- Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «шетел тілі» және 2011 жылы- Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2009  жылдың сәуір айынан 2009 жылдың қыркүйек айына дейін Борас орта мектеп бала-бақшасы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімінен бастап, 2009  жылдан 2012 жылға дейін Борас орта мектеп бала-бақшасының жастар қозғалысының ұйымдастырушысы, 2012 жылғы ақпан айынан 2012 жылғы шілде айына дейін Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы, 2012 жылдан 2014 жылға дейін Бесқарағай аудандық «Нұр Отан» халық - демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің» филиал төрағасының бірінші орынбасары, 2014 жылдан 2015 жылға дейін Аягөз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт  бөлімінің басшысы, 2015 жылғы қараша айынан 2015 жылғы желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитеті нормативтік лингвистикалық жұмыстары басқармасы бас сарапшысының уақытша міндетін атқарушы
2015 жылғы желтоқсан айынан қазіргі уақытқа дейін Бесқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Бесқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі үш мекемеден тұрады:
-«Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны. Директоры Мирашева Үмітжан Қайырғалиқызы. Оқыту орталығы 2008 жылдың 16 мамырынан бастап қызмет атқаруда. Орталық қызметінің мақсаты білім беру саласында өндірістік шаруашылық қызметін жүзеге асыру және аудармашылар мен іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізетін мамандарға, қазақ тілі үйірмелерінің жетекшілеріне тәжірибелік көмектер көрсету.

- «Бесқарағай аудандық орталық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі. Директоры Алпыспаева Жанат Жуманбайқызы. Аудандық кітапханаға қарасты он жеті ауылдық кітапхана филиалдары жұмыс істейді. ;
Мемлекеттік мекеменің мақсаты Қазақстан республикасының экономикалық, әлеуметтік, рухани жағдайын одан әрі дамытуда өз қорын нәтижелі пайдалану, кітапханалық, анықтама-библиографиялық, хабарламалық қызметтің аясын кеңейту, кітап қорын толықтыру және оны сақтауды қамтамасыз ету, компьютерлік технологияны кітапхана ісіне енгізу және мәдениет саласында қызмет көрсету.

- «Бесқарағай аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны. Мекеме міндеті халыққа жалпылама мәдени қызмет көрсету. Директоры Нұртаева Майгүл Ағзамқызы. Мәдениет үйі жанында оннан астам би үйірмелері мен вокалды топтар жұмыс істейді.

Мекен жайы:
070300, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Пушкина, көшесі, 2.
E-mail: na.idrisova@akimvko.gov.kz
Телефоны: 8(72236) 90440
ТҚабылдау уақыты: сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 11-00 ден 13-00 ге дейін

Парақтар өзгертілді: 13-09-2019