Аудандық бөлімдер

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Калиновский Валерий ЯковлевичБөлім басшысы - Валерий Яковлевич Калиновский

Валерий Яковлевич Калиновский 1961 жылы 18 тамызда Павлодар облысының Иртыш ауданының Сладководск ауылында туған. Ұлты - неміс. Білімі жоғары, 1987 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын жерге орналастыру мамандығы бойынша бітірді.;
Еңбек жолын 1979 жылы Иртыш ауданының Селетинский кеңшарында тракторист болып бастады. 1979-1981 жылдары Кеңес әскері қатарында қызмет істеді. Бесқарағай ауданының «Долонский» кеңшарында агроном (1987-1988 ж.ж.), Бесқарағай ААӨБ жерге орналастырушы-инженер (1988-1990 ж.ж.), «Лесной» кеңшарының бас агрономы (1990-1994 ж.ж.), ;«Лесной» ҰЖК-да, «Лесной» ЖШС-да бас агроном (1994-1997 ж.ж.),; Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының жер инспекциясының бастығы (1997-2001 ж.ж.), Бесқарағай аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің төрағасы (2001-2006 ж.ж.), Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы (2006-2011 ж.ж.), Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары (2011-2012 ж.ж.).
2012 жылғы наурыз айынан Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

Лауазымдық міндеттері:
Бөлімнің қызметін ұйымдастырады, жер телімдерін беру мен мақсатты пайдалануын өзгерту жөніндегі жергілікті атқарушы органның шешімінің жобаларын дайындайды және ұсыныс енгізеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолданыстағы Бағдарламаларының жүзеге асырылуына қатысады, мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерін алу бойынша ұсыныс дайындайды, жер телімдерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтайды, мемлекетпен меншік иелігіне сатылатын жер телімдерінің нақытылы кадастрлық (бағалау) құнын бекітеді, жер құрылысын жүргізу мен жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жер құрылысы жобаларын бекітуді ұйымдастырады, ауданның жерлерін тиімді пайдалану бойынша жерлерді, бағдарламаларды, жобалар мен схемалардың жобаларын дайындауды ұйымдастырады, елді мекендердің аумақтарының жер-шаруашылық құрылысының жобаларын дайындауды ұйымдастыруға, жер саудаларын (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастыруға, жерлерді пайдалану мен күзету мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламаларды, жобаларды және схемаларды сараптауды жүргізуге, жер телімдерін сатып алу, жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасауға, Жер кодексінің 71-бабына сәйкес қарастыру жұмыстарын жүргізу үшін жер телімдерін пайдалануға жергілікті органмен рұқсат беру бойынша ұсыныс дайындауға, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрінен басқа түріне аудару бойынша ұсыныс дайындауға, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функциялардың іске асыруға жауап береді, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының және аудан әкімінің тапсырмаларын орындайды, ИСО 9001-2008 сәйкестікке сапа менеджмент жүйесін ұстау бойынша іс-шараларды жүргізеді.

Азаматтарды қабылдау: күнсайын сағат 17-00 ден 18-00 ге дейін
Телефон: 8/72236/90298
e-mail: v.kalinovskii@akimvko.gov.kz

Заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы 070300,
ШҚО Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы Сейфуллин, 146 көшесі.  

Парақтар өзгертілді: 03-08-2017