Аудандық бөлімдер

«ШҚO Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Болысбеков Орынбек Балтабекұлы Болысбеков Орынбек Балтабекұлы - бөлімнің басшысы
1984 жалғы 9 ақпанда  Шығыс Қазақстан облысы Шар ауданы Шар ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2005 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Психология» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қайнар (Семей) университетінің «Заңгер» мамандығы бойынша бітірді.  Еңбек жолын Ү-Владимировка орта мектебінде психология пәнінің мұғалімі болып бастады (2005-2006 ж.ж.),  білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы қызметін атқарды (2006-2014 ж.ж.). 2014 жылғы сәуір айынан 2017 жылғы тамыз айына дейін Қарабас ауылдық округінің әкімі. 2017 жылғы тамыз айынан бастап білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, 2018 жылғы наурыз айынан бастап дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

Лауазымдық міндеттері: 
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын орындаудың сапасы мен толықтығын бақылауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің Жарлықтарын, облыс және аудан әкімдерінің қаулыларын орындау, үкіметтік және ұлттық бағдарламалардың жүзеге асуына бақылау жасау, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі туралы Қағиданы басшылыққа алу, белгіленген тәртіпте отырыстардың, алқа отырыстарының өтуін жоспарлау, қоғамдық арнаулы инспекцияларында дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілеттігін іске асыру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қаржылық және барлық шығыс құжаттарына қол қою, бөлімге жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуына тікелей жауап беру, белгіленген тәртіпте аудан әкімінің қарауына, облыстық білім департаментіне бөлімнің дамуы мен қызметі мәселелерін енгізу, бұйрықтар шығару, олардың орындалуы бойынша бақылау ұйымдастыру, құрылымды бекіту, штат кестелерін, шығыс сметаларын, қағидаларды бекіту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аппараты қызметкерлерін тағайындау және қызметтерінен босату, азаматтардың хаттары мен шағымдарын қарауды қамтамасыз ету, азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдауды жүргізу, статистикалық және басқа да есептемелердің өз уақытында және сапалы орындалуын бақылау. Тіркеу науқаның уақтылы орындалуын бақылау және жүзеге асыру. Салауатты өмір салты бағдарламасын орындау; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғану ережелерін бақылау; ауданда жаппай – спорттық жұмысын насихаттау, спорттық қозғалысты дамыту; спорт туризмді дамыту бойынша жұмыс жүргізу, денешынықтыру және спорт бағдарламаларын орындауды үлестіреді және қамтамасыз ету; дене шынықтыру және спорт бағдарламаларын жүзеге асыру және үйлестіру; жаппай және ұлттық спорт түрлерін жоспарлау және өткізу; Президенттік тестілеуді уақытында өткізуді үлестіру; жергілікті атқарушы органдардың және басқа да ұйымдардың дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша қызметін үлестіру, шешімдерін қарастыру; өз құзыреті шеңберінде ТЖ-ды болдырмау бойынша жұмысты ұйымдастыру; қызмет алу тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру, қызмет алушыларға көрсетілген қызметтің сапасына, қызмет көрсету рәсімдеріне қатысатын ақпараттық жүйелерде жұмыс үшін және қызмет көрсету мерзімінің бұзылуына жауапты болу; аудан әкімінің сайтына жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпарат дайындау; облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, аудан әкімінің тапсырмаларын орындау. ҚАЖ-ның сапа менеджменті жүйесін сақтау бойынша іс-шараларды жүргізу.

 Мекен жайы: 
ВКО Бескарагайский район с.Бескарагай Сейфуллин көшесі 

Жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау сағаттары:
Сейсенбі сағат 14-00-ден-18-00-ге дейін
Жұма сағат 9-00-ден-13-00-ге дейін
Эл.почта – o.bolysbekov@akimvko.gov.kz
Сенім телефоны:  8 (72236) 9-14-44

Парақтар өзгертілді: 10-04-2018