Отделы района

"Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Заденов Руслан АсылханоБөлім басшысы – Заденов Руслан Асылханович
Заденов Руслан Асылханович 1984 жылы 10 ақпанда Семей облысы Бесқарағай ауданының Ү-Владимировка ауылында туған. Жоғары білімі бар. 2007 жылы – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы 2009 жылдың қаңтар айынан 2011 жылдың сәуірі айына дейін Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы болып бастады, 2011 жылдың сәуір айынан 2013 жылдың тамыз айына дейін – Бесқарағай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, 2013 жылдың тамыз айынан 2017 жылдың тамыз айына дейін – Бесқарағай ауданының Ерназар ауылдық округінің әкімі.
2017 жылдың 4 қыркүйек айынан бастап Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. 2018 жылдың 22 тамыз айынан бастап Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Негізгі міндеттері:
Қазақстан Республикасы Заңдары мен Президенттің Жарлықтарын орындау жүзеге асуын бақылайды. Кадрлармен жұмыс жасайды, жұмыспен қамтудың және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметшілерінің жұмысын үйлестіреді. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыстарды басқарады.
Бөлімнің материалдық-техникалық базасын нығайтумен жұмыс жасайды. Азаматтарды қабылдауды іске асырады, азаматтардың хаттарымен және арыздарымен жұмыс жүргізеді. Қаржылық және басқа да қызметтік құжаттарды қабылдайды және қол қояды.

Бөлім арқылы жүретін қандай да болсын төлемдердің қаржыландырылуын өзі бақылайды.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелерін жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды ауданның  басқа да бөлімдерімен және басқармаларымен, нысанындағы қандай да болсын кәсіпорындарымен өзара бірлесе іске асырады, қызмет бойынша ұйымдастыру жұмыстары үшін тікелей жауапты, «Жанұя және неке туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Мөртаңбалық куәгерлік бланктерінің сақталуына жауапты. Азаматтық хал бойынша барлық құжаттарды тіркейді.
Азаматтық хал бойынша іс-қағаздарын жүргізеді. Азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты анықтамалар және азаматтық хал актілеріне қол қою құқығы бар. Мөртаңбалық куәгерлік бланктерінің сақталуына  және жұмсауына, есеп үшін жауапты, аудан әкімі аппаратының АХАЖ бөлімінің мөртабандары мен мөрлерінің амандығын қамтамасыз етеді. АХАЖ бөлімі мұрағатының амандығына жауапты.

Бақылау құжаттарының орындалу мерзімі мен сапасына жауапты. Аудан әкімі аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментіне уақытында есеп тапсыруға бақылау жасау. (Азаматтық хал актісі) АХА-ң барлық түрлерінің куәлік беру және растау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді. Отбасылық-неке заңнама мәселелері бойынша АХАЖ бөлімімен халыққа құқықтусіндіру жұмыстарын жүргізуді бақылайды және ұйымдастырады.
Туған және қайтыс болған азаматтарды мерзімінде тіркеуді бақылайды және Бесқарағай ауданының ЗТМО-на  (ГЦВП), аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, әскери коммисаритқа сенімді ақпаратты жеткізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген стандарттарға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметті қамтамасыз етудің сапасын және мерзімін бақылайды.
Облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының, аудан әкімінің тапсырмаларын орындайдыы. ИСО 9001-2008 сәйкестікке сапа менеджмент жүйесін ұстау бойынша іс-шараларды өткізеді.

 Заңды мекен - жайы:
ШҚО Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы
Пушкин 2 А көшесі

 Сенім телефоны  8 (72236) 9-11-82

 

Парақтар өзгертілді: 27-09-2018