Аудандық бөлімдер

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бопаев Жумакелды ЖаскайратовичБөлім басшысы - Бопаев Жумакелды Жаскайратович

Павлодар облысы Бесқарағай ауданы Атчапқан ауылында 1958 жылы 20 қарашада туған. Ұлты -қазақ. Білімі - жоғары. 1986 жылы Семей малдәрігерлік-зоотехникалық институтын зоотехник мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1977 жылы Бесқарағай ауданында «Бесқарағай» кеңшарында жұмысшы қатарынан бастады. «Бесқарағай» кеңшарында бас зоотехник (1986-1994). «Қоянбай» өндірістік ұжымның төрағасы, (1994-1996) «Қоянбай» ЖШС-нің директоры (1996-1999), аудан әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы (2003-2004), Бесқарағай ауданының әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы (2004-2005), «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (2005-2006), «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (01.2006-05.2006), «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (2006-2009). «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (2010-2011). Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімінің бастығы (2011-2012). Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы (2012-2015).
2015 жылғы сәуірден бастап Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Лауазымдық міндеттері:

Бөлімнің қызметін ұйымдастыру. Тиесілі мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, қаулыларының жобаларын дайындайды;

туризм және кәсіпкерлік даму саласының аудандық бағдарламалар және стратегиялық жоспарладың өңдеуінде қатысу, басым бюджеттік инвистициялық бағдарламалардың тізімін қалыптастырады;

кәсіпкерлік дамуының әлеуметтік-экономикалық саласында аудандық бағдарламалар бойынша мониторингісін өткізеді, аудан әкімінің және әкімшіліктің тапсырмаларын орындайды, кәсіпкерлік дамуының саласында аудандық және аумақтық бағдарламаларды дайындауға қатысады, аумақтық бағдарламалар жобалары бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық саласында кәсіпкерлік дамуының мониторингісін өткізеді, агроөнеркәсіп кешенінің, индустриалды-инновациялық, өнеркәсіп және кәсіпкерлік даму бағдарламасы реформаларының бағытын дайындайды және бағалайды, аудан кәсіпкерлерінің кеңесін ің қызметін қамтамасыз етеді, заңнамаға сәйкес өз құқықтарын іске асырады;

индустриалды - инноовациялық дамуының, агроөнеркәсіп кешенінің, кәсіпкерлік және өнеркәсіп даму бағдарламалар реформаларының бағытын үйлестіреді және бағалайды; қолданыстағы белгіленген заңнаманың өкілеттілігіне сәйкес кәсіпкерлік кеңесінің қызметін қамтамасыз етеді;

мемлекеттік аграрлық саясаттың, агроөнеркәсіп кешенінің даму саласында аймақтық бағдарламаның негізгі бағыттарын және жобаларын әзірлейді; агроөнеркәсіп кешенінің әлеуметтік-зкономикалық дамуының орташа мерзімді жобаларын дайындауға қатысады; өнеркәсіп қайта жөндеу және даму бағдарламасын жүзеге асыру мониторингісін өткізеді; агроөнеркәсіп кешенін жүзеге асыру бойынша экономикалық төлқұжат дайындайды, стратегиялық жоспар дайындайды, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қолданыстағы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға қатысады, Қазақстан Республикасының Орман Кодексіне сәйкес орман қорын қорғау, сақтау, орманды кеңейту және өсіру туралы іс-шаралар жобасын құрастыру және орындау, су қоймасын қорғау және пайдалану саласына ұсыныстар енгізеді, адамдар денсаулығын жануарлар ауруларынан қорғайды, ауыл шаруашылық жануарлар ауруларын болдырмайды;

жоғарғы органдарға өз уақытында ақпараттар, есептемелер беруді қамтамасыз етеді. Ауданның атқарушы органдарының қатысуымен әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының негізгі бағыттарының жобасын жасайды. Өз құзыреті шегінде орындау үшін нұсқаулар береді, белгіленген мерзімде жергілікті орындаушы органдардан жұмысқа қажетті ақпаратты сұрайды және алады, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының, аудан әкімінің тапсырмаларын орындайды. ИСО 9001-2008 сәйкестікке сапа менеджмент жүйесін ұстау бойынша іс-шараларды жүргізеді.

Жеке сұрақтармен азаматтарды қабылдау уақыты -күнделікті сағат 9-00-ден 12-00-ге дейін
Сенім телефоны  87223691036
Заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы 070300,
ШҚО Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы Сейфуллин, 146 көшесі.
е-mail: zh.bopaev@akimvko.gov.kz

Парақтар өзгертілді: 03-08-2017