Сервер бойынша іздеу:

 


   

«ШҚО Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария  бөлімі» мм

Бөлім бастығы - Бопаев Жумакелды Жаскайратович
Павлодар облысы Бесқарағай ауданы Атшапқан ауылында 1958 жылы 20 қарашада туған. Ұлты -қазақ. Білімі -жоғары. 1986 жылы Семей малдәрігерлік-зоотехникалық институтын зоотехник мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1977 жылы Бесқарағай ауданында «Бесқарағай» кеңшарында жұмысшы қатарынан бастап,, (1986-1994 ж.ж.) «Бесқарағай» кеңшарында бас зоотехник, (1994-1996 ж.ж.)  «Қоянбай» өндірістік ұжымның төрағасы, (1996-1999 ж.ж.) «Қоянбай» ЖШС-нің директоры, (2003-2004 ж.ж.) аудан әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы, (2004-2005 ж.ж.) Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, (2005-2006 ж.ж.) «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және  жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бас маманы, 2006 жылғы 20 маусымнан бастап «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің бастығы. 2010 жылғы қаңтар айынан бастап «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы.

Лауазымдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық етеді. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басқару, жүктелген тапсырмалар мен қызметтерін іске асыруда дербес -жауапкершілікті басшылыққа алу,
- аграрлық секторларды ұтымды және тиімді пайдалану жөніндегі атқарылатын жұмыстарды жүзеге асыруда,
-аудан бойынша ауылдық аумақтарды дамытудың 2010 жылға дейінгі, агроөнеркәсіп  кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламаларын іске асыруда,
- жанар-жағар маймен, арнаулы  ауыл шаруашылығы құрылымындағы техникаларын және олардың қосалқы бөлшектерін, өнімді қайта өңдеп шығарып сату мұқтаждығын зерделеу. Техникалық сыртқы және ішкі сауда қажеттілігін, құқықтық сұрақтармен,  несиелік, ақпараттық  методикалық және баға құрылуы, зерделеу сауда кешенін игереді,
- мемлекеттік агроазықтүлік саясатының басты бағыттары мен механизмдерінің жобаларын әзірлейді,
- агроөнеркәсіп кешенінің дамуының аймақтық бағдарламасын және ауылдық аумақтарды дамытудың аудандық бағдарламасын әзірлеуге қатысады,
- ауыл шаруашылық құрылымдарының дақылдарды өңдеудегі технологияның сақталуына мониторинг жүргізеді,
- ауыл шаруашылық құрылымдарының егістік көлеміне, дақылдан түсетін өнімдердің жалпы түсіміне мониторинг жүргізеді,
- ауыл шаруашылық тауарларымен және оның өңделген өнімдерімен ауданды қамтамасыз ету жөнінде мониторинг жүргізеді,
- аймақтық инвестициялық бағдарламаларының жобасын әзірлеу және оның жүзеге асуын қадағалайды,
- аумақтық бағдарламаның орындалуы бойынша  мал және өсімдік шаруашылығының өркендеуіне қорытынды береді,
- аудандық ветеринарлық қадағалау органдарымен бірлесіп жұмыс істей отырып, малдардың жұпалы ауруларына аудан көлемінде жол бермеу,
- ауыл шаруашылық өнімдеріне Банк инвестицияларын тартуға алдын-ала келісім жасауды жүргізеді,
- бөлімге қатысты мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін, қаулыларын жобаларын жетілдіру.

Қызметтегі бағыты: Аграрлық секторларды ұтымды және тиімді пайдалану жөніндегі атқарылатын жұмыстарды жүзеге асырады. Аудан бойынша ауылдық аумақтарды дамытудың 2010 жылға дейінгі, агроөнеркәсіп  кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламаларын іске асырады. Ауыл шаруашылық құрылымдарының дақылдарды өңдеудегі технологияның сақталуына мониторинг жүргізеді. Аумақтық бағдарламаның орындалуы бойынша  мал және өсімдік шаруашылығының өркендеуіне қорытынды жасайды. Аудандық ветеринарлық қадағалау органдарымен бірлесе жұмыс істей отырып, малдардың жұпалы ауруларына аудан көлемінде жол бермеу. Ауыл шаруашылық өнімдеріне Банк инвестицияларын тартуға алдын-ала келісім жасауды жүргізеді.

Жеке сұрақтармен азаматтарды қабылдау уақыты  -күнделікті сағат 9-00-ден 12-00-ге дейін
Сенім телефоны   87223691036

Заңды мекен - жайы:
Қазақстан Республикасы, 070300, Шығыс-Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы Пушкина, көшесі, 2.
е-mail: bopaev-akimat@mail.ru

 

   

«ШҚО Бесқарағай аудандық құрылыс, сәлет және қала құрылысы бөлімі» мм

Бөлім бастығы – Мерхат Сүндетханұлы Ережепбаев.

Семей облысы, Жарма ауданының Қазан-Шұңқыр ауылында 1956 жылы 26 қазанда дүниеге келді. 1978 жылы Өскемен қаласындағы құрылыс-жол институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірді. Өзінің еңбек жолын (1978 ж.) Торғай облысындағы Амантоғай КМК-1511-да бас механик болып  бастады. (1979-1981 ж.ж.) Семей облысы Бесқарағай ауданының автокөлік кәсіпорнында 4 –ші разрядты слесарь, 1981 жылы Бесқарағай аудандық комсомол комитетінің комсомол ұйымдары бөлімінің нұсқаушысы, (1982 -1984 ж.ж.) Кеңес армиясы қатарында әскери қызметін атқарды, (1984-1988 ж.ж.) №16 ауылдық кәсіптік техникалық училищесінде өндірістік оқыту шебері, пәндер оқытушысы,
(1988-1991 ж.ж.) халықты еңбекпен қамту бойынша аудандық бюро меңгерушісі, (1991-2004 ж.ж.) жұмыспен қамту Орталығының директоры, (2005-2006 ж.ж.) «Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары, 2006 жылдың 6 қаңтар айынан бастап «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, 2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы қызметтерін атқарады. Үйленген. Үш баласы бар.

Лауазымдық міндеттері:

- бөлім қызметінің негізгі бағыттарын анықтау;
- тапсырмалардың, хаттамалардың, келісім-шарттардың орындалуын және қаржылық, еңбектік, материалдық және техникалық ресурстарды дұрыс және орынды пайдалануын қамтамасыз ету;
- бөлімнің қызметін реттеу;
- келісім-шартқа отыру, басқа ұйымдармен және заңды тұлғалармен келісімдер, операциялар жасау;
- бөлім қызметінің нәтижелерін талдау, бағалау және бақылау, жоғарғы органдарға есеп беру;
- бөлімге қызметкерлер іріктеу және олардың орынды жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- міндеттерінің мазмұндары бойынша ұқсас басқа да міндеттерді орындау;
- басқа да жұмысшыларға басшылық жасау.

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау күні: сейсенбі, жұма күндері сағат 10-00 –нан 13-00 – ке дейін.
Сенім телефоны: 8 (32236) 91405

   

 

 

«Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм

Бастығы - Нұрғазин Қайлаш Баймақұлы

Ол Семей облысы Бесқарағай  ауданы Большая  Владимировка ауылында 1950 жылы  12 қаңтарда туған.  Семейдің педагогикалық институтын суретші мамандығы бойынша бітіріп, туған жерінде еңбек жолын бастады. Мәдени саласында қызмет атқара жүріп, киномеханик, методист, мәдени жетекші, аудандық мәдениет үйінің меңгерушісі   қызметтерінде істеді. Қайлаш Баймақұлы Нұрғазин 1993-2005 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің бастығы, 2005-2008 жылдары аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, 2008 жылдың 19 мамырынан бастап «Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы қызметін атқарады . Ауданымызда 57 жыл өмір сүріп, мәдениет саласында еңбек етіп келе жатқан жерлес композитор Қайлаш  Баймақұлы Нұрғазин осы жылдар арасында 70- тен  астам қазақ және орыс тілдерінде әндер жазды. Жанұялы, үш баласы бар.

Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне үш мекеме қарайды:
-«Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны. Директоры Мирашева Үмітжан Қайырғалиқызы. Оқыту орталығы 2008 жылдың 16 мамырынан бастап қызмет атқаруда. Орталық қызметінің мақсаты білім беру саласында өндірістік шаруашылық қызметін жүзеге асыру және аудармашылар мен іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізетін мамандарға, қазақ тілі үйірмелерінің жетекшілеріне тәжірибелік көмектер көрсету.
- «Бесқарағай аудандық орталық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі. Директоры Алпыспаева Жанат Жуманбайқызы. Аудандық кітапханаға қарасты он жеті ауылдық кітапхана филиалдары жұмыс істейді.
Мемлекеттік мекеменің мақсаты Қазақстан республикасының экономикалық, әлеуметтік, рухани жағдайын одан әрі дамытуда өз қорын нәтижелі пайдалану, кітапханалық, анықтама-библиографиялық, хабарламалық қызметтің аясын кеңейту, кітап қорын толықтыру және оны сақтауды қамтамасыз ету, компьютерлік технологияны кітапхана ісіне енгізу және мәдениет саласында қызмет көрсету.
- «Бесқарағай аудандық мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны. Мекеме міндеті халыққа жалпылама мәдени қызмет көрсету. Директоры Нұртаева Майгүл Ағзамқызы. Мәдениет үйі жанында оннан астам би үйірмелері мен вокалды топтар, бірнеше рет аудандық және облыстық байқаулардың лауреаты атанған, алғаш рет 1987 жылы «халықтық» атағына ие болған, Ермолаева Валентина Васильевна жетекшілік ететін «Экситон» халықтық би ансамблі және Овсянникова Галина Анатольевна жетекшілік ететін «Чародей» үлгілі би ансамблі жұмыс жасайды.

«Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты мен бағыты:

  • Аудан аумағында мәдени саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарын жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңының орындалуына басшылық жасау, жүзеге асыру;
  • «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны және мәдени саласындағы басқа бағдарламаларды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасы аумағындағы тұрғындарының барлық халықтың мәдени байланысы және ұлт аралық бірлігін бекіту бойынша шараларды ұйымдастыру;
  • Ауданның мәдени саласындағы мекемелерін басқару, ауылдық клубтар мен кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету;

Мекен жайы: индекс: 070300, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Пушкина, көшесі, 2.
Телефоны: 8(72236) 90440
Қабылдау уақыты: сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 11-00 ден 13-00 ге дейін
E-mail:   beskaragay2006@yandex.ru

   

«ШҚО Бесқарағай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау  бөлімі» мм

Бөлім бастығы-Оразданов Сарсенбай Серикбаевич

Семей облысы Бесқарағай ауданы Өндіріс ауылында 1961 жылы 22 наурызда туған. Ұлты - қазақ. Білімі-жоғары. 1983 жылы Семей қаржылық-экономикалық техникумның қаржыгер мамандығын, 1990 жылы Алма-аты халық шаруашылық институтының экономист мамандығын  
бітірді. Еңбек қызметін (1983 жылдың маусым айынан -1983 жылдың қазан айына дейін) Кызыл-Орда облысы Яныкурган ауданында - экономист, (1983-1986 жылдары) Бесқарағай аудандық мемлекеттік сақтандыруда - аға инспектор, бас экономист, (1986-1988 жылдары) аудандық комсомол комитетінде есептеу секторының меңгерушісі, (1988 -1993 жылдары) Бесқарағай ауданы Б-Владимировка ауылында сақтандыру фирмасының инспекторы, жетекші экономист. (1993-2002 жылдары) инспектор, аға инспектор, бөлімнің бастығы, Бесқарағай ауданы бойынша салық комитетінің төрағасының орынбасары. (2002-2007 жылдары) аудандық Қазынашылық бөлімінің бас қазынашысы, құрылымдық бөлімшенің басшысы. (2007 жылдан бүгінгі күнге дейін) Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау  бөлімінің бастығы.

Қызметтік міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық етіп, жоспарлау. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басқару, жүктелген тапсырмалар мен қызметтерін іске асыруда дербес жауапкершілікті басшылыққа алу. Мемлекеттің  қаржы-экономикалық саясатын іске асыру.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын және қаржы жылына сәйкес бюджет туралы шешімнің жобасын әзірлеу, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, оларды мәслихатқа ұсыну, әкімшілік-бюджеттік бағдарламаларды және бюджеттік өтінімдерді уақытында құруға бақылауға жауапты, аудандағы атқарушы органдардың қатысуымен әлеуметтік-экономикалық бағдарламанын, аймақтық бағдарламанын, стратегиялық жоспарларын,  барлық жеке нысандағы кәсіпорындардың аудандық әлеуметтік-бағдарламаларын өңдеу және үйлестіру,
экономиканың саласы бойынша инвестициялық жобаның тізімін қалыптастыру. Курьерлік мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін, қаулыларын жобаларын жетілдіру. Бюджеттік әкімшілік - аймақтық бірлігінің жобасының қалыптастыру; есептерді құру және бюджетке түскен түсімдердің көлемдерін экономика және бюджеттік жоспарлау Департаментімен келісу, маңызды жергілікті бюджет бағдарламалары  бос шығындардың ең аз көлемін, қаржы жылына сәйкес бюджеттің лимитін пайдалану; басым бюджеттік инвестициялық жоба тізімін қалыптастыру; бюджет саралауы бойынша есеп пен өзгерістер жүргізу; жоспарлау, есеп және талдаудың іске асуы; жергілікті атқарушы органдардың резерв қаражаттарын пайдалану; жергілікті бюджетті құрау бойынша ұйым.

Қызметтегі бағыты: Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының әзірленуін үйлестіру. Ауданның стратегиялық жоспарларын және әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді  жоспарларын дайындап, жүзеге асыру. Орта мерзімді кезеңге мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін және қаржы жылына сәйкес жергілікті бюджеттің жобасын қалыптастыру, инвестициялық жобаларды қарастыру, жергілікті бюджеттен пайдалану. Әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрларының болжам есебінде бюджеттің түсімдеріне болжам жасау.

Азаматтарды қабылдау сағаты: сәрсенбі 14-00 бастап 18-00 дейін
Телефон: 87223691989
Заңды мекен-жай: ҚР 070300 ШҚО Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы Сейфуллина көшесі, 146
e-mail: beskaragay1_ekon@mail.ru  

 

   

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» ММ 

Бөлім бастығы – Баталов Бауыржан Жекенович

1964 жылы 07 қазанда Павлодар облысы Щербакты ауылында дүниеге келген Білімі: М.Әуезов атындағы Семей педагогика училищесін,1999 жылы Н.К.Крупский атындағы педагогикалық институтын, 2001 жылы Орта-Азиялық Университетін бітірген. Жалпы еңбек өтілі: 22 жыл. Еңбек жолын Грачи мектебінің бастауыш сынып мұғалімнен бастап, Кеңес Әскерінің қатарында болып, Беген мектебінде тарих пәнініңмұғалімі болды. 1992 жылдан бастап Жана-Семей аудандық білім басқармасында әдіскер, содан кейін Семей облыстық білім департаментінде тәрбие жұмысы бойынша бөлімнің бастығы болды, ал 1999 жылдан бастап –  Бесқарағайаудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі, 2005 қаңтардан Бесқарағай аудандық білім беру және спорт бөлімінің бастығы, әкімдіктің 2006 жылығы 6 қаңтардағы №1 қаулысы негізінде 2006 жылдан бастап «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып ауыстырылды.        

Үйленген, ұлы бар.
Әртүрлі спорт түрлерімен, музыка және ән айтумен айналысады.

    Бөлім 2006 жылы 1 қаңтардан бастап құрылды.

  • Қызмет бағыты: аудан аумағында мемлекеттік білім мекемелерінің, мектептен тыс мектептердің қызметін үйлестіру .

Лауазымдық міндеттері: 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы шеңберінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы заңдарының,  Үкіметтің, Министрлер кабинетінің, облыс және аудан Әкімінің қаулыларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.  Бөлімнің ұйымдастыру қызметін қадағалайды, білім мекемелерінің қаржылық және материалдық  нығайту, лицензиялау жұмыстарын жоспарлы жүргізу.
Әлеуметтік сұрақтар мен проблемалары бойынша жұмыстарға әртүрлі көмек көрсету, жергілікті атқарушы билік органдары, басқа да структуралармен, қоғаммен байланысын нығайту бойынша жұмыстарды жалғастырады.
Ауданның білім Кеңесінің жұмысына басшылық және бақылау жасайды.

ВКО Бескарагайский район с.Бескарагай Сейфуллин көшесі
Жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау сағаттары:
Сейсенбі сағат 14-00-ден-18-00-ге дейін
Жұма сағат 9-00-ден-13-00-ге дейін
Эл.почта – shamіtov-81@mail.ru

Сенім телефоны:  8 (72236) 9-14-44

   

 

 

 

 

 

 

 

 

Бесқарағай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 

Баймулдинов Оңдасын Дәулетұлы - бөлім бастығы

1947 жылы 11 қаңтарда Семей облысы Бесқарағай ауданының Семияр ауылында дүниеге келді. 1954 жылы мектеп табалдырығын аттап 1965 жылы Семияр орта мектебінде 11 сыныпты бітірді.
1965 жылғы қырқүйектен 1966 жылғы ақпанға дейін Бесқарағай автомектебінде оқыды. Еңбек жолын 1966 жылы Семей облысының Бесқарағай ауданының «Кривинка» кеңшарында жүргізушіден бастады. 1966 жылғы қыркүйекте Алматы қаласындағы Қазақстан Еңбек Қызыл ТУ орденді ауыл шаруашылығы институтына ауыл шаруашылығы өндірісінің процесстерін механизациялау мамандығы бойынша түсіп, оны 1971 жылғы маусымда инженер-механик мамандығын меңгере отырып, бітірді. 1971 жылғы шілде айында әскер қатарына шақырылып, 1973 жылғы тамыз айына дейін әскери қызметін атқарды, әскери қызметте жүріп 61334 әскери бөлімде комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды. 09.1973 жылдан бастап Семей облысы Бесқарағай ауданы Б-Владимировка ауылының Бесқарағай аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 09.1975 жылдан бастап Семей облысы Бесқарағай ауданы Семеновка ауылының «Семеновка» кеңшарының партия комитетінің хатшысы, 08.1980 жылдан бастап Семей облысы Мақаншы ауданы Қара-Бұта ауылының «Мақаншы» кеңшарының директоры, 09.1983 жылдан бастап Семей облысы Бесқарағай ауданының Семеновка ауылдық кеңесінің халық депутаттарының атқару комитетінің төрағасы, 09.1985 жылдан бастап Семей облысы  Б-Владимировка селосы, Бесқарағай аудандық шаруашылығы басқармасының бастығы, 01.1986 жылдан бастап Семей облысы Бесқарағай ауданының  Б-Владимировка селосы, Бесқарағай аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің төрағасы, 08.1988 жылдан бастап Семей облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылының «Долон» кеңшарының директоры, 01.1995 жылдан бастап Семей облысы Бесқарағай ауданы  Б-Владимировка селосы, Бесқарағай ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 01.1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы  Б-Владимировка ауылы, Бесқарағай ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 10.2001 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Б-Владимировка ауылы, Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары, 04.2003 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы  Б-Владимировка ауылы, Бесқарағай ауданының әкімі, 12.2007 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Б-Владимировка ауылы, Бесқарағай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы.
Үйленген, екі баласы бар.

Лауазымдық міндеттері:
Бөлімнің функцияларын іске асыру міндеттерін жүзеге асыру үшін бастық бөлімнің іс-қызметтерін ұйымдастыруға, елді мекендердің жобаларын өңдеуді ұйымдастыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін ұстауға, жолаушыларды тасымалауды ұйымдастыруға, жолдарды дамытуға және іске қосуға, салалардың әр түрлі әсерінен ортаны қоршауға және экологияны қорғауға, қайта құруды ұйымдастыруға, су құбырлы-канализация жүйелерін және құрылыстарды, жылумен қамту көздерін орнатуға, жергілікті маңыздағы жолдарды күрделі жөндеуге және ұстауға, салалардың әр түрлі әсерінен ортаны қоршауға және экологиялық қорғауға байланысты шараларды жүзеге асыруға және ұйымдастыруға, жергілікті атқарушы органдармен бекітілген, жоспарлардың қаржылық және материалдық мәселелерін шешуді қамтамасыз етуге,  салалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау және болжамдауға, ақпараттарды түгендеуді ұйымдастыруға, еңбек жағдайының қауіпсіздігі, азаматтардың бостандығы және  құқықтық кепілдігін сақтау облысында мемлекеттік саясатты іске асырылуына, денсаулыққа келтірілген зиянның өтелуіне, әлеуметтік қорғаудың жүзеге асырылуына, ауданды қалалық, телеграфтық және жергілікті байланыспен қамтамасыз ету бойынша іс шаралардың жүзеге асырылуына бакылау жасауды іске асыруға және өңдеуге,  қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзге де функцияларды іске асыруға жауап береді.

ШҚО Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы Ауэзов 39 көшесі
Жеке сұрақтармен азаматтарды қабылдау уақыты  - сейсенбі 11.00 - 13.00 с., жұма 11.00 - 13.00с.
Сенім телефоны  8 (72236) 91597

Эл.почта- damir_jkh@mail.ru

   

Бесқарағай аудандық жұмыспен қамтү және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі 2005 жылдың 20 қаңтарда тіркелген.
Штаттық кестеге сәйкес, бөлімде 8 адам жұмыспен қамтылған.

Адыльбек Токанович Туктыбаев –«Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің  бастығы.

Адыльбек Токанович Туктыбаев Павлодар облысы, Ермак ауданы, Майск ауылында, 1964 жылы 19 наурызда туған. 
1990 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібі технология институтын бітірген.
1991 жылдан бастап әлеуметтік салада жұмыс бастаған.
2008 жылдың 2 маусымынан бөлімнің бастығы болып тағайындалған.
Үйленген, екі баласы бар.

Бөлімнің заңды мекен - жайы: ШҚО, Бесқарағай ауылы, Пушкина, көшесі, 2.
Байланыс телефондары: 8 (72236) 9-11-82, 8 (72236) 9-15-00, 8 (72236) 9-13-63, 8 (72236) 9-17-86.
Электрондық мекен - жайы: Beskar _c@mail.kz

Еңбек қосымшасы аясының кеңейту, қолайлы кәсіпкерлік орта құру, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын жоғарылату мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаты болып табылады.
Бөлім жұмысы халықты жұмыспен қамту Бағдарламасын, мүгедектерді оңалту Бағдарламасын, аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді орындаудан тұрады.

Бөлімнің негізгі міндеттері:
- аз қамтылған азаматтарды айқындау және есепке алу;
- тиімді жұмыспен қамтуға көмекке арналып бағытталған еңбек нарығындағы белсенді саясатты жүзеге асыру;
- экономикалық өсуді ынталандыру;
- өмір деңгейін жоғарылату, жұмыс күшіне мұқтаждықты қанағаттандыру және жұмыссыздық деңгейі мен толық жұмыспен қамтылмауды төмендету;
- халықтық  әілсіз бөлігіне қолдау және қорғау;
- ішкі еңбек нарығын қорғау;
- әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру,
- әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік бағдарламалар жобасын іске асыру, қаланың әлеуметтік - экономикалық және еңбек қатынастарындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту

   

«Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» ММ 

Скакова Майра Жакиполдиновна – қаржы бөлімінің бастығы.

1953 жылы 25 қазанда Семей облысы Бесқарағай ауданы, Б-Влдадимировка ауылында туған, ұлты қазақ.
Білімі – жоғарғы. Кітап саудасының тауар жүргізушісі мамандығы бойынша Алма-Аты қаласындағы сауда кеңесі техникумын (1972-1974 ж.ж.),  бухгалтерлік есептілік және халықтың қызметін талдау мамандығы бойынша Алма-Аты қаласындағы халықтық шаруашылық институтын  бітірді (1979-1984 ж.ж.), біліктілігі – экономист.
Еңбек қызметін Семей қаласындағы аяқ киім фабрикасынан бастады (1971 ж.),   Бесқарағай аудандық байланыс желісінің  оқушысы (1972 ж.),  Алма-Ата қаласындағы кітап саудасының сауда жүргізушісі мамандығы бойынша кеңес саудасы техникумында оқуы (1972-1974 ж.ж.), Семей қаласының Облыстық кітап саудасының бас сатушысы (1974-1976 ж.ж.),  Бесқарағай аудандық медициналық бірлестігінің экономисті (1976-1980 ж.ж.), Бесқарағай аудандық қаржы бөлімінің тексеруші-инспекторы (1980-1986 ж.ж.), Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылық техниканың экономисті (1986-1987 ж.ж.), Бесқарағай аудандық статистика бөлімінің бастығы (1987-1994 ж.ж.), Бесқарағай аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі (1994-2005 ж.ж.), Бесқарағай аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы (2005-2006 ж.ж.), Бесқарағай аудандық қаржы бөлімінің бастығы (2006 ж.).

Қызметтік міндеттер:
Аумақ бойынша жинақтық қаржылық балансты әзірлеуде қатысу; ауданның бюджетін құрастыру және орындау тәртібі туралы мәселелері және нұсқаулары жөнінде аудандық әкімдіктің шешімдер мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу; бюджетті анықтау (түзету) бойынша ұсыныстарды енгізу; бір жылға бюджетті бекіту туралы аудандық мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес, аудандық бюджеттің түсімдері мен қаржыландыруларының жиынтық жоспарын қалыптастыру; аудандық мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша аудандық бюджеттің түсімдері мен қаржыландыруларының жиынтық жоспарын қалыптастыру; аудандық бюджеттің қаржылық жылға мемлекеттік мекемелерінің тізбесін қалыптастыру; бағдарламалар әкімшілерінің және бекітілген іс-шаралардың айлық бөлумен шығыстарын қаржыландырудың жиынтық жоспарын тапсыру негізінде аймақтың бюджетін орындауды ұйымдастыру; бюджеттік жіктеуге сәйкес қаражаттарды дұрыс бағыттауға бақылауды жүзеге асыру; бюджеттік бағдарламалар паспорттарын қалыптастыруға, бекітуге және орындауға бақылау жасауды жүзеге асыру; мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бірліктегі қаржылық мүддесін қорғау. 

ШҚО Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы Ауэзов көшесі
Азаматтарды қабылдау уақыты: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Телефон: 8 (72236) 9-15-51    
e-mail  beskaragay_raifo@oblfin.kz

   

«Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ 

Басшы туралы мәлімет

Мухамедқалиева Күлпаш Смағұлқызы – Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы

1952 жылы 20 қаңтарда Семей облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылында дүниеге келді.

Білімі жоғары. 1971 жылы М.Ауэзов атындаға Семей педагогикалық училище және 1981 жылы Н.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірді. Еңбек жолын 1971 жылы Н-Николаевка орта мектебінде бастауыш сынып мұғалім ретінде бастады, кейіннен «Башкульский» савхозында комсомол ұйымының хатшысы (1977ж.), аудандық комсомол комитетінің хатшысы (1977-1981 ж.ж.), «Білім» қоғамының жауапты хатшысы (1981-1983 ж.ж.), аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің инструкторы (1983-1988 ж.ж.), саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі (1988-1990ж.ж.), ҚССР-на 50 жыл атындағы колхоздың партия комитетінің төрайымы (1990-1991ж.ж.), ҚССР-на 50 жыл атындағы колхоздың кәсіподақ комитетінің төрайымы (1991-1994 ж.ж.), аудан әкімшілік басшысы орынбасарының көмекшісі (1994-1995 ж.ж.), аудандық әкімшіліктегі әлеуметтік саяси бөлімінің меңгерушісі (1995-1997 ж.ж.), аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік саласы бөлімінің меңгерушісі (1997-2005ж.ж.), ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы (2005-2006ж.ж.), қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы. 
Тұрмыс құрған, немересі бар.

Лауызымдық міндеттері.
Бөлімге жалпы басшылық жасайды, бөлімнің жұмысын жоспарлап ұйымдастырады. Президент және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын, өткізілетін реформаларын идологиялық жағынан қамтамасыз етеді; аудандағы ұлтаралық, конфессияаралық және саяси –әлеуметтік тұрақтылықты қамтиды, қоғамдық пікірлерді зерттейді; Республикада, облыста және ауданда жүргізілетін экономикалық, әлеуметтік саясаты жөнінде тұрғындардың арасында насихаттау жұмысын ұйымдастырады, қоғамдық –саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, ардагерлер кеңестеріне, әйелдер кеңестерімен, ақсақал кеңестерімен, үкіметтік емес ұйымдармен, ұлттық-мәдени орталықтармен байланыста болады; «Бесқарағай тынысы» аудандық газетінің жұмысын жоспарлап, материалдарды талдайды.

ШҚО Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы Сейфуллин 144 көшесі
Жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау сағаттары:
Дүйсенбі сағат 14-00-ден-18-00-ге дейін
Бейсенбі сағат 9-00-ден-13-00-ге дейін
Сенім телефоны: 8(72236) 91747
besk_ovp@mail.ru

   

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ 

Басшы туралы мәлімет Калиновский Валерий Яковлевич - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы

1961 жылы 18 тамызда Павлодар облысы Ертіс ауданының Сладководск ауылында  туған Білімі жоғары. 1987 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
Еңбек жолын «Селетинск» кеңшарында комбайыншы ретінде бастаған, Кеңес әскері қатарында борышын өтеп, ЦАШИ-да оқып, 1987 жылдан бастап «Долон» кеңшарының бөлімшесінде агроном, Бесқарағай ААӨБ-нің инженер-жерге орналастырушы, «Лесной» кеңшарында бас агроном, Бесқарағай ауданының әкімі аппаратында жер инспекторы, жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық  комитетінің төрағасы, қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы.

Лауазымдық міндеттері.
Бөліммен жалпылама басшылық жасайды, бөлімнің жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады; жергілікті атқарушы органның шешімінің жобаларының дайындалуымен, ұсынылуына; мемлекеттік мұқтаждық үшін жер телімдерін алу бойынша ұсыныстардың дайындалуына; жер телімдерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін анықтауға; нақты жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау; жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту және жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыруға; жерлерді тиімді пайдалану бойынша жобалар мен схемаларды, жерлерді аумақтандыру жобаларын және бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыруға; елді мекендердің аумақтарының жер- шаруашылық құрылысының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыруға; жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастыруға; жерлерді пайдалану және күзету мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламаларға. Жобаларға және схемаларға сараптама жүргізуге; жер телімін сату-сатып алу шарттарын және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарының жасалуына; іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін телімдерді пайдалануға рұқсат беру жөнінде ұсыныстар дайындауға; ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрінен басқа түріне аудару бойынша ұсыныс дайындауға жауап береді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды атқарады.

ШҚО Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы Сейфуллин 144 көшесі
Жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау уақыты:

Күн сайын сағат 17-ден18-ге дейін.

Сенім телефоны: 8(72236) 90298

 

   

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 

Агибаев Нуржан Оразбекович - бөлім бастығы

1980 жылғы 1 қаңтарда, Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келді, ұлты қазақ. Білімі жоғары, 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей институтын экономист - қаржыгер мамандығы бойынша, 2003 жылы Қазақ Гуманитарлық - заң университетін заңгер- құқықтану мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2001 жылғы мамыр айында Семей қаласындағы «Алқа-Ломбард» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде күзетші болып бастады, 2002 жылғы қараша айынан 2004 жылғы желтоқсанға дейін Бесқарағай ауданының мәдениет бөлімінің маманы, 2005 жылы – Бесқарағай аудандық білім беру және спорт бөлімінің бас маманы, 2006 жылы – Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, 2008 жылғы тамыз айынан Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік бөлімі бастығының міңдетін атқарушы, 2009 жылғы ақпан айынан Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, 2010 жылғы қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы. 

Лауазымдық міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент Жарлықтары  Үкімет пен Министрлер Кабинеттерінің Қаулыларын және облыс және аудан әкімдерінің қаулыларын орындау
- үкіметтік және ұлттық бағдарламалардың icкe асуын, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі қағидасын басшылыққа ала отырып барлық  ұйымдар мен мекемелерде дене шынықтыру және спорт бөлімін насихаттайды
- дене шынықтыру және спорт бөлімінің қаржылық, шығыс кұжаттарына қол қояды, бөлімге жүктелген тапсырмалар мен міндеттердін орындалуына жауапты болады, бөлімнің дамуына қатысты сұрақтарды аудан әкімі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына көрсетілген тәртіп бойынша талқылауға кіргізеді
- дене шынықтыру және спорт бөлімінің жұмыстарын жоспарлайды, статистикалық және де басқа құжаттардың орындалуының сапасын және уақытын қадағалайды аудандык әкімшілік мүшесі болып табылады, тікелей аудан әкімне. аудан әкімінің орынбасарларына бағынады және олардан бұйрықтар алады.   

Азаматтарды қабылдау сағаты: күнделікті
Телефон: 8(72236)9-12-97    
эл. адрес: Beskaragaysport@mail.ru
Мекен -жайы: Қазақстан Республикасы. Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Пушкина, көшесі, 2.
факс 8(72236)9-12-97       

Қызметтік бағыты   Аудан әкімшілігінің аудандағы дене шынықтыру және спорттың дамыту жағдайының мониторингісін, анализдің функцияларын орындауға, ауданның әлеуметтік дамуында спорттың рөлін және мағынасын арттыруға өкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, орындаушы орган болып табылады. Өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Елбасының және Үкіметінің актілеріне, облыс, аудан әкімінің шешіміне басқа да нормативті - құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

   
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Сайттың әкімшісі
Бейсекин Нуржан Талгатович
Телефон: 87223690443
e-mail: Bshtabbesk@mail.ru
Beskaragayorg1@rambler.ru

Шығыс Қазақстан облысы,
Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы,
Сейфуллин көшесі, 144.
Индекс: 070300



Copiright © 2008-2010