«Бесқарағай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Бесқарағай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі паспорты *.doc 4.6 KB

Коммунальное государственное учреждение «Бескарагайский колледж»Құрылған жылы 1954 жыл 15.04.
Мемлекеттік лицензия № 12010587 Берілген күні - 2012 жыл 05.09.

Мекен-жайы:  ШҚО, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы,  Сейфуллин көшесі, 225
Байланыс телефон:  8 (72-236) 9-11-03 (директор, қабылдау бөлімі), 9-06-27 (бухгалтерия)
Электрондық адрес: рl-16-beskaragay@mail.ru

 

 

Коммунальное государственное учреждение «Бескарагайский колледж» Колледж директоры: Раиым Жолдаспекович Нургалиев.
1969 жыл 20 маусымда Семей қаласында дүниеге келген.
Білімі-жоғары. 1993 жылы Н.Крупская атындағы педагогиқалық институтының  физика- математикалық факультетін, математика және физика пән мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
Педагогикалық еңбек өтілімі-24 жыл, жоғары санатты физика және информатика пәні мұғалімі.
Еңбек жолы:
1993-2005 жылдары Жарма ауданы Жаңаөзен ауылының Чапаев атындағы орта мектепте физика пәні мұғалімі
2005-2014жылдары Жарма ауданының Шакенов орта мектебінің директоры
2014-2016 жылдары Семей қаласының «Сервис колледжі» КМКК директоры
2016 жылғы 7 қазаннан ШҚО ББ «Бескарағай колледжі» КММ директоры.

 

 

Қазақстан Республикасында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың ішкі талдау және бағалаудың Республикалық арнайы мониторингілеу тобы мүшелерінің Бесқарағай колледжіндегі кездесуі

Жұмыс бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың ішкі талдау және бағалаудың Республикалық арнайы мониторингілеу тобы мүшелері: Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің бұрыңғы депутаты, республикалық АМТ төрайымы А.С.Соловьева, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Р.С.Ошакбаев, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс бойынша департаментінің директоры А.Т.Бердалин, облыстық АМТ төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, «Азаматтық Альянс» ЗТҰ төрағасы О.В. Чернышов, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Ж. Қабдолдақызы 2018 жылдың 21 мамырында Бесқарағай ауданына жұмыс сапарымен келді.
Сонымен қатар, делегаттар Бесқарағай колледжінде аудандық АМТ мүшелерімен, тұрғындармен, аудан активімен кездесу өткізді. Кездесуді ресми түрде аудан әкімі Д.Б. Батырбаев ашты. Республикалық АМТ мүшелері арнайы мониторингілеу тобы жұмысының негізгі міндеттерін түсіндіру бойынша сөз сөйледі. Аудандық мониторингілеу тобының жұмысымен аудандық мониторингілеу тобының мүшесі, аудандық Қоғамдық кеңестің төрайымы К.С.Мухамедкалиева таныстырып шықты. Кездесу барысында қатысушылармен сұрақтар қойылып, ұсыныстар берілді.

Ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Калтаева

 

Парақтар өзгертілді: 22-05-2018