Балалардың жазғы және қысқы демалыстарын ұйымдастыру

Қоянбай орта мектебінде 2017 жылғы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы мәлімет

Қоянбай орта мектебінде оқушылардың 2017 жылғы жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары жүргізілді. Мектепте мектеп жанындағы «Балдырған» демалыс лагерін ұйымдастыру және оқушыларға тәрбиешілер тағайындау жоспарланды. Оқушыларды 1 маусым балаларды қорғау күніне мектеп жанындағы «Балдырған » лагеріне оқушыларды қабылдау жүргізілді. Бастауыш сынып оқушылары және де «Балапан» балабақшасының тәрбиеленушілері де өз өнерлерін көрсетіп,концерттің соңында барлық балалар флешмоб билеп, тасжолға суреттер салды. Балаларға мерекелік сыйлықтар таратылды. «Балдырған» лагерінің жұмысы күн тәртібі бойынша таңертеңгі сергіту жаттығуларымен басталып, әрі қарай жоспар бойынша іс-шаралар, ойындар, топ-серуендер ұйымдастырылды. Күн сайын қызықты тренингтер өткізілді. Орманда балалар таза ауада қызықты ойындар ойнап, көңілді уақыт өткізді. Балалар «Жаз бойы кітаппен» акциясына қатысып, кітапханадан бірнеше кітаптар алып оқыды. Балалар «Алақай, жаз келді!» сурет сайысына қатысып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Соңғы күні қыздар арасында «Алаң ханшайымы»сайысы өтті. Жоспарлы ұйымдастырылған жұмыстар балалардың жақсы демалуына, қызықты уақыт өткізулеріне, салауатты өмір салтын жете түсінуге жағдай туғызды.

«Жазғы демалыс -2017» іс- шаралары бойынша мектептегі барлық сынып оқушылары және аз қамтылған отбасы мен көп балалы отбасы балалары толық қамту және оларды ұйымдастыру шаралары жоспарланды. Аз қамтылған отбасы оқушыларын жазғы демалыспен қамту мақсатында ата- аналармен әңгіме өткізіліп , жалпыға міндетті білім беру қорынан оқушылар Астана қаласына «ЭКСПО-2017» көрмесіне бару жоспарланды.

  • Қоянбай орта мектебінде 2017 жылғы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы мәліме
  • Қоянбай орта мектебінде 2017 жылғы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы мәліме
  • Қоянбай орта мектебінде 2017 жылғы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы мәліме
  • Қоянбай орта мектебінде 2017 жылғы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы мәліме
  • Қоянбай орта мектебінде 2017 жылғы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы мәліме

Мектеп директоры: Жунусова А.С.

 

Аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға демалыс беруге және білім беру мекемелер кескінінде бөлінуіне жолдамалар беру үшін бөлінген квота  туралы ақпарат

Бесқарағай ауданы бойынша  жетім, аз қамтылған  және көп балалы отбасынан шыққан  балалардың жазғы демалысына, Астана қаласына саяхатқа жергілікті бюджеттен 2948,0 мың теңге бөлінді.
Саяхатқа  Бесқарағай ауданының 21 мектебінен 130 жетім және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар баратын болады. 3 ауысым бойынша, олар 1 ауысым- маусымның 15-18 күндері аралығында – 46 бала,2 ауысым- шілденің 3-5 күндері аралығында-40  бала, 3 ауысым - тамыздың 7-9 күндері  аралығында  -44 бала барып қайтады.

Сонымен қатар, Урджарайым лагеріне жергілікті бюджеттен 625, 00 мың теңге бөлінді. Осы лагерьге  жетім, аз қамтылған және көп балалы отбасынан  шыққан 25 бала, 5 ауысым- шілденің 15-22 күндері аралығында барады.
«Матросово» лагеріне 222,600 мың теңге бөлінді, осы лагерьге 3 ауысым- тамыздың 2-10 күндері аралығында 6 баланың  демалуы жоспарланды. Олар: Беген,  Глуховка, Сосновка, Қоянбай. Үлкен-Владимировка, Борас мектептерінен.

Бөлім басшысы  К.Тастенбекова

 

Парақтар өзгертілді: 14-06-2017