Білім беру

Сенім телефоны: 8 (72236) 9-03-19

Аудан мектептері
Балалар өнері
Мектепке дейінгі ұйымдар
Балалардың жазғы және қысқы демалыстарын ұйымдастыру
«Бесқарағай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамқоршылық кеңес

 

Бесқарағай аудандық білім беру бөлімінің жұмысы туралы
Ақпарат

Бесқарағай ауданында 21 жалпы білім беретін мектеп бар, оның ішінде 3 негізгі және 18 орта мектеп жұмыс істейді. Мектептер бойынша оқушылар саны 3021 баланы құрайды.
Ауданның білім беру мекемелерінің 2018 жылғы қаржыландыру көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 1% - ға аз бөлінді. Азайтылу көлімі 13166,0 мың теңгені құрады.
Жалпы 2018 жылы аудан бойынша 4 бала бақша жұмыс істейді, оның ішінде 2 мемлекеттік және 2 жеке меншік. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен 83,9%(2017 жылы 77% қамтылды) , ал 3 жастан 6 жасқа дейінгі 100 % құрайды. Мектепке дейінігі оқыту мен тәрбиелеуге қамтуды ұлғайту мақсатында Бесқарағай ауылында 140 орындық МЖӘ механизімі бойынша балабақша құрлысына мемарандумға қол қойылған.
2018 жылы аудан мектептерінің ағымдағы жөндеуіне (әктеу, бояу) 6365,6 мың теңге сомасында қаражат бөлініп, игерілді. Ағымдағы жылы жөңдеу жұмыстары «Үлкен-Владимировка орта мектебі», «Канонерка орта мектебі», «Беген орта мектебі», «Борас орта мектеп-бақшасы» және «Белокаменка негізгі мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде жүргізілді.
Ауданның толық қамтылған мектептерінде (Ү-Владимировка, Сосновка, Борас, Глуховка, Беген, Канонерка орта мектептері) робототехники, физики, биологии и химии кабинеттері орнатылды.
Бүгінгі күні білім сапасының негізгі көрсеткішінің бірі болып оқушылар мен мектеп бітіруші түлектердің қорытынды аттестаттауы болып қала береді. 2017-2018 оқу жылын 807 оқушы үздік, 963 жақсыға бітірді. 2017-2018 жылғы білім сапасы 58,1 пайыз. ЖМЦ (1-11 сыныптар) 70%, ҚГЦ (1-11 сыныптар) 70,7%. «Алтын белгі» аттестатының 12 үміткерінің барлығы өз білімдерін дәлелдеді (2017 жылы 16 «Алтын белгі» аттестаты мен 3 үздік аттестат үміткерлерінің барлығы дәлелдеді), 12 оқушы үздік аттестатын алды.
Ауданның 86 түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. 2018 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша аудан бойынша орташа балл 75,4 баллды құрады және бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 баллға жоғары (2017 ж. - 73,2 б.).
Ауданның 10 мектебіне 276 баланы тасымалдау ұйымдастырылған, бұл қажеттіліктен 100 пайызды құрайды. Әлеуметтік қамтылмаған тұрғындардың балаларынан 301 бала тегін тамақтандырумен қамтылған, бұл жалпы оқушылар санынан 10%, аталған санаттағылардың 100 пайызын құрайды.
Бүгінгі күні аудан бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 44, оның ішінде жетім балалар бар және 2016 жылмен салыстырғанда (57 бала) 77 пайыз құрады. Оның ішінде 32 бала қамқорлықта (қорғаншылықта), 12 бала патронаттық тәрбиелеуде.
Ауданда үш қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. Жалпы қосымша білім берумен 1071 оқушы қамтылды, бұл жалпы оқушылардың 35 пайызын құрады.
Бесқарағай ауданының 22 оқушысы сауықтыру мақсатында Балдәурен оқу-сауықтыру лагерінде ( Щучье, Қапшағай қалалары) демалып қайтты.
Жазғы демалысты ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 5109,5 мың теңге бөлінді. Аудан әкімінің қолдауымен «Елім-ай» демалыс базасында 300 бала демалды, оның 7 баласы есепте тұрған,аз қамтылған отбасылардан шыққан, көпбалалы отбасылар, жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, спортшылар, оқу озаттары, дарынды балалар санаттары енді. Күзгі демалыс кезінде мектептер оқушыларды Жидебай, Белуха, Астана, Алматы қалаларына туристік сапарлармен бару жоспарланған. Оқушыларды сауықтыру мақсатында 1000 баланы қамтитын Шошқалы тұзды көліне демалыс ұйымдастырылды. Жалпы балаларды жазғы демалыспен қамту 100% құрайды.
2018-2019 оқу жылында ауданның жалпы білім беретін мектептерінде 538 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде жоғары біліммен - 429 мұғалім, арнайы орта біліммен-109 мұғалім. Жоғары санаттты 120 мұғалім, бірінші санатты -154, екінші санатты-107 және санатсыз-157 мұғалім.
«Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында Бесқарағай ауданының барлық жалпы білім беретін мектептеріне BilimLand, iTest, iMektep сандық білім беру ресурстарын пайдалануға келісім-шарт жасау үшін 3990,0 мың тенге қаражат бөлінді. Барлық мектептерде қосылған кең жолақты интернеттің жылдамдығын 4 Мбайт/с жеткізу үшін қосымша 7800,0 мың тенге Борас орта мектеп-бақшасы, Үлкен Владимировка, Глуховка, Н.Баймұратов атындағы, Сосновка, Беген орта мектептерінде Wі-Fі сымсыз интернетін орнату үшін қосымша 681,0 мың теңге бөлінді.

Білім беру бөлімінің басшысы С. Қ. Омарғазин

 

Бесқарағай аудандық білім беру бөлімінің
2018 жылғы 1 жартыжылдық ішіндегі жұмысы туралы
ақпарат

Бесқарағай ауданында 21 жалпы білім беретін мектеп бар, оның ішінде 3 негізгі және 18 орта мектеп жұмыс істейді. Жыл басында мектептер бойынша оқушылар саны 3066 бала болса, оқу жылының соңына қарай -3061 оқушыны құрады.
Ауданның білім беру мекемелерінің 2018 жылғы қаржыландыру көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 1% - ға аз бөлінді. Азайтылу көлімі 67783,0 мың  теңгені құрады.
Ауданның мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласы Шығыс Қазақстан облысының 2015-2017 жылдарға арналған мектепке дейінгі мекемелерді ашу және енгізу туралы қадамдық жоспарын даму барысында басшылыққа алады. Жалпы 2017 жылы аудан бойынша 5 бала бақша жұмыс істейді, оның ішінде 2 мемлекеттік және 3 жеке меншік.
«Борас орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 135 бала қамтылған 6 топ, «Айналайын бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорында  90 бала, 60 бала  қамтылуымен «Алтынай» ЖШС, «Ер-Али» ЖШС, «Аяулым» ЖШС жеке меншік бала бақшаларында (әр  бала бақшада 20 баладан) жұмыс істейді. Мектептерде 335 бала қамтылған 34 шағын орталық тобы жұмыс істейді, оның ішінде  225 бала қамтитын толық күндік  9 топ бар. Мектепалды даярлық сыныпта 330 бала оқиды.  1 жастан 6 жасқа дейінгі  балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен   77% қамтылды , ал 3 жастан 6 жасқа дейінгі 100 % құрайды. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда тұрақты сақталып келеді. 2018 жылғы тамызда 3 жеке бала бақшаны МЖӘ механизіміне ауыстыру аяқталады.  Мектепке дейінігі оқыту мен тәрбиелеуге қамтыуды ұлғайту мақсатында Бесқарағай ауылында 140 орындық МЖӘ механизімі бойынша балабақша құрлысына мемарандумға қол қойылған.
2018 жылы аудан мектептерінің ағымдағы жөндеуіне (әктеу, бояу) 6365,6 мың теңге соммасында қаражат жоспарланған, бояу, әктас, щетка (валиктер) т.б. инвентарлар алынды. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 15 шілдесінде аяқталады. Қазандық пен жылу жолдарын жөндеу бойыншаге материалдар алуға қаражаттық сұраным дайын тұр. Облыстық білім басқармасына Березовка орта мектебінің жұсақ шатырын, терезе мен есігін ауыстыру бойынша ЖСҚ мен сұраным қайта жіберілді.
Ауданның алты толық комплектті мектептеріне (Ү-Владимировка ОМ, Сосновка ОМ, Борас ОМБ, Глуховка ОМ, Беген ОМ, Канонерка ОМ) жалпы 37,0 млн.тенге соммасында робототехника кабинеттері алынды. Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде «Үлкен Владимировка орта мектебі» мен «Канонерка орта мектебі» КММ-де ІТ-сыныптың ашылуы өтті. 25 шілдеден бастап «Борас орта мектеп-бақшасы», «Үлкен Владимировка орта мектебі», мен «Глуховка орта мектебі» КММ- не жаңа модификациалық кабинеттерінің құрал-ждабдығын әкелу басталды.
Бүгінгі күні білім сапасының негізгі көрсеткішінің бірі болып оқушылар мен мектеп бітіруші түлектердің қортынды аттестаттауы болып қала береді. 3061 оқушының 807 оқу жылын үздік, 963 жақсыға бітірді. 2017-2018 жылғы білім сапасы 58,7 пайыз. Бұл ағымдағы жылы ТЖБ индикаторы бойынша 0,6 жоғары. ЖМЦ (1-11 сыныптар) 70%, ҚГЦ (1-11 сыныптар)  70,7%.  «Алтын белгі» аттестатының  12 үміткерінің барлығы өз білімдерін дәлелдеді (2017 жылы 16 «Алтын белгі» аттестаты мен  3 үздік аттестат үміткерлерінің барлығы дәлелдеді), 12 оқушы үздік аттестатын алды.
22 маусымда ауданның 86 түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.  2018 жылғы ҰБТ қортындысы бойынша аудан бойынша орташа балл 75,7 балл құрайды және бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 баллға жоғары (2017 ж. - 73,2 б.). 29 маусым күні болатын шығармашылық емтиханға 3 түлек қатысады.Шығармашылық емтиханның негізінде балалар өз баллдарын көтереді. 22 түлек шекті балды ала алмады, олар ағымдағы жылдың тамыз айында болатын ҰБТ қайта тапсырып нәтижелерін жөндей алады.
Түлектерді жұмыспен қамту бойынша жұмыстар басталды. Продуктивті қамту бағдарламасы бойынша әрбәр ауылдық округтерде мобильді топтар құрылған. Қазіргі уақытта осы бағдарлама аясында 9 сыныптың 3 түлегінен Өскемен мен Семей қалаларының колледждеріне түсуге  тізім түзті. Мобильді топтың жұмыстары 25 тамызға дейін жалғасады.
Ауданның 10 мектебіне 276 баланы тасымалдау ұйымдастырылған, бұл қажеттіліктен 100 пайызды құрайды. Әлеуметтік қамтылмаған тұрғындардың балаларынан 478 бала тегін тамақтандырумен қамтылған, бұл жалпы оқушылар санынан 15,9, аталған санаттағылардың  100 пайызын құрайды және былтырғы жыл мен 2016 жылдың 1 жартыжылдығынан көрсеткішінен 0,9 пайызға төмен.
Аудан оқушылары барлық облыстық, республикалық интеллектуалдық және шығармашылық олимпиадаларға, конкурстарға белсенді түрде қатысады.
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында облыстық авторлық өлеңдер байқауына Мекеш Айгерім жүлделі 3 орынды жеңіп алды және Серікбол Ақнұр сертификатқа ие болды. 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеніңе Кривинка және Беген орта мектептерінің оқушылары қатысты. Кривинка орта мектебінің 4 сынып оқушысы Рамазанұлы Жандос 1 орынға иеленді.
Бүгінгі күні  аудан бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 44, оның ішінде жетім балалар бар және 2016 жылмен салыстырғанда (57 бала) 77 пайыз құрады. Оның ішінде 32 бала қамқорлықта (қорғаншылықта),12 бала патронаттық тәрбиелеуде.

Ауданда үш қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. Жалпы қосымша білім берумен 1071 оқушы қамтылды, бұл жалпы оқушылардың 35 пайызын құрады. Жылдың басынан Бесқарағай ауданының Өнер мектебінің тәрбиеленушілері түрлі конкурстарға қатысты.
2018 жылы наурыз айының 24-ші жұлдызында Семей қаласында Ел ордасы Астананың 20-жылдық мерейтойына орай «Әнші балапан» балалар байқауы өтті. Маратова Фатима 1-орынды, Қазкенова Ақерке 2-орынды, Қайыргалиева Айгерім 2-орынды (жетекшісі Сапарбекова Ж.М) жүлделі орындарға ие болды.
Наурыз айының 26-28 аралығында ШҚО Білім басқармасы облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының қолдауымен өткен «Рухани жаңғыру» Республикалық бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы «Сиқырлы лира», «Медианта» атты аймақтық фестиваль байқауы өтті. Байқауға музыкалық теория бөлімінен Ерболова Анель, Шегебай Гүлім (жетекшісі Байкадамова Г.А) қатысып, дипломант атанды. Қазақ ұлттық аспаптар бөлімінен: Орманова Іңкәр 1-орын лауреат (жет.Азимова Ж.К), Болатов Ислам 2-орын лауреат (жет.Калиева А.Т.) Орманова Ырысжан 3-орын лауреат (жет.Калиева А.Т.) атақтарын жеңіп алды.
Наурыз айының 30 мен 2-сәуір аралығында Алматы қаласында V-Халықаралық «Өнер әлемі» атты шығармашылық конкурс фестивалі өтті. «Хормен ән салу» номинациясы бойынша Ж.М. Сапарбекова мен Г.Б. Дюсембаева жетекшілік еткен хор ұжымы І-дәрежелі лауреат атағын жеңіп алып, «Эстрадамен ән салу» номинациясы бойынша Маратова Фатима ІІІ-дәрежелі лауреат атағына ие болды (жетекшісі Сапарбекова Ж.М.).
2018 жылдың басынан бастап Бесқарағай ауданының 22 оқушысы сауықтыру мақсатында Балдәурен оқу-сауықтыру  лагерінде ( Щучье, Қапшағай қалалары) демалып қайтты.
Жазғы демалысты ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 5109,5 мың теңге бөлінді.  2018 жылдың 10 маусымынан бастап  «Елім-ай» демалыс базасы негізінде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған   жазғы демалыстың 1 маусымы жұмысын бастады. Жалпы жаз бойы 300 баланы қамтитын 5 маусым ұйымдастырылады, онда аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, спортшылар, оқу озаттары, дарынды балалар санаттары енеді.  Демалыс кезінде мектептер оқушыларды Жидебай, Белуха, Астана, Алматы қалаларына туристік сапарлармен баруды жоспарлап отыр. Оқушыларды сауықтыру мақсатында 1000 баланы қамтитын Шошқалы тұзды көліне демалыс ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жалпы балаларды жазғы демалыспен қамту  100% құрайды.
2017-2018 оқу жылында ауданның жалпы білім беретін мектептерінде барлығы 538 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде  жоғары біліммен - 429 мұғалім, арнайы орта біліммен-109 мұғалім. Жоғары санаттты 120 мұғалім, бірінші санатты -154, екінші санатты-107 және санатсыз-157 мұғалім.
Бүгінгі таңда A1 және A2 деңгейлерінде ағылшын тілін өтпеген ЖҒЦ  пәндері бойынша мұғалімдер саны 23-ті құрайды.
А2 деңгейіне ие және B1 деңгейіне оқуға дайын 7 мұғалім бар.
B1 деңгейіне ие және В2 деңгейіне оқуға дайын 9 мұғалім бар.
В2 деңгейіне ие және пәндік курсын оқып шығуды жоспарланған 12 мұғалім бар.
«Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында «Kundelik» БАЖ қолдану сапасының мониторингі және бақылау  іс-шаралары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 536 бұйрығы негізінде "Kundelik.kz" Бірыңғай ақпараттық жүйесіне Бесқарағай ауданы бойынша 15 мектеп қосылған, бұл - аудан мектептерінің жалпы санының 71 % құрайды. Бүгінгі күні 366 (95%) мұғалім, 1376 (76%) оқушы және 605 (79%) ата-аналар жүйеде тіркелді. Бұл ретте, 2018 жылғы 4 сәуірдегі жағдай бойынша мектептердің 100%-ы ғана сабақ және қоңыраулар кестесін дұрыс құрастыруда, мектептердің 54,4%-ы күнтізбелік-тақырыптық жоспарды дұрыс жүргізуде, мектептердің 34%-ы сынып журналдарын толығымен толтыруда.         
«Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында  Бесқарағай ауданының барлық жалпы білім беретін мектептеріне BilimLand, iTest, iMektep сандық білім беру ресурстарын пайдалануға келісім шарт жасау үшін 3990,0 мың тенге  қаражат бөлінді.
Барлық мектептерде қосылған кең жолақты интернеттің жылдамдығын 4 Мбайт/с жеткізу үшін қосымша 7800,0 мың тенге Борас орта мектеп-бақшасы, Үлкен Владимировка орта мектебі, Глуховка орта мектебі, Н.Баймұратов атындағы орта мектеп, Сосновка орта мектебі, Беген орта мектебі Wі-Fі сымсыз интернетін орнату үшін қосымша 681,0 мың тенге бөлінді.

Бөлім басшысының м.а. С.Кайдарова

Ауданда 21 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 3 негізгі және 18 орта мектеп жұмыс істейді.Мектептер бойынша оқушылар контингенті -3066 құрайды.
Ауданның білім беру мекемелерінің 2017 жылы қаржыландыру көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 1,1% - ға арттырылды және 1 941,7 млн. теңгені құрады.
Ауданның мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласы өз дамуында  Шығыс Қазақстан облысының 2015-2017 жылдарға арналған мектепке дейінгі мекемелерді ашу және енгізу туралы қадамдық жоспарын басшылыққа алады. Жалпы 2017 жылы аудан бойынша 5 бала бақша жұмыс істейді, оның ішінде 2 мемлекеттік және 3 жеке меншік.
«Борас орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 135 бала қамтылуымен 6 топ, «Айналайын бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорында 90 бала, 60 бала қамтылуымен жеке меншік бала бақшалар (әр бала бақшада 20 баладан) жұмыс істейді. Мектептерде 335 бала қамтылуымен 34 шағын орталық тобы жұмыс істейді, оның ішінде 225 бала қамтылуымен 9 толық күнді топ. Мектеп алды даярлық сыныпта 330 бала. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытумен  77 пайыз қамтылды , ал 3 жастан 6 жасқа дейінгі 100 пайыз құрады. Осы көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда тұрақты.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап  25 балаға «Кіші-Владимировка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бір топ толық күнді келумен шағын орталық ашылды.
2017 жылы ауданның 7 мектебінде ағымды жөндеу жұмыстар жүргізілді. «Үлкен Владимировка орта мектебі» коммуналдық мемлекетік мекеме қазандығының ағымды жөндеуі 5646,0 мың теңгеге, «Н.Баймұратов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекетік мекемесінің терезелер мен есіктердің ағымды жөндеуі 28623,0 мың теңге, «Канонерка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме қазандық ғимаратының ағымды жөндеуі 14852,0 мың теңгеге, «Кіші-Владимировка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің терезелер, есіктер және мектепішілік су құбырының ағымды жөндеу 24236,0 мың теңгеге, «Қара-Мырза негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме қазандығының ағымды жөндеуі 1300,0 мың теңгеге, «Долон орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме қазандығының ағымды жөндеуі 1240,0 мың теңгеге жүргізілді.
«Кіші-Владимировка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемеде толық күнді шағын орталықтың ашылуы үшін 5245,0 мың теңгеге ағымды жөндеу жүргізілді. Осы ағымды жөндеу жұмыстарына барлығы 81145,0 мың теңге бөлінді.
Бүгінгі күні білім сапасының негізгі көрсеткішінің бірі- Ұлттық Бірыңғай тестілеу болып табылады. ҰБТ қортындысы бойынша аудан бойынша орташа балл 73,21 балл құрады және бұл өткен жылғы көрсеткіштен  6,79 баллға төмен (2016 ж. - 80 б.).
2017 жылы Алтын белгі» аттестатының 16 үміткерінің барлығы дәлелдеді (2016 жылы 6 үміткерден 4 түлек), 3 оқушы үздік аттестатын алды.

Жалпыға бірдей орта білім беруді қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ білім алу үшін жағдай жасау балалармен әлеуметтік қорғалмаған отбасыларына жергілікті бюджеттен ыстық тамақты пен шалғай ауылдарда тұратын оқушыларды мектепке тасымалдауды ұйымдастыру үшін қаражат бөлінеді. 10 аудан мектептері үшін 276 оқушы үшін тасымалдау ұйымдастырылған 100% - ды құрайды.
Жалпы қамтылуы тегін ыстық тамақпен 478 оқушы, халықтың әлеуметтік осал топтарын - 15,9 оқушылардың жалпы құрамының 100% - ы, балалардың көрсетілген санатының төмен көрсеткіш өткен жылғы бірінші жартыжылдық 2016 жылғы 0,9% - ға өсті.
1-4 сынып оқушылары (1351 оқушы) қамтамасыз етілген тегін жабдықтауға сүтпен, жеткізуді қамтамасыз ететін жергілікті тауар өндіруші к/х "каликанулы" шаруа қожалығы және тауар өндірушілер Шығыс Қазақстан облысы.
Аудан оқушылары барлық облыстық, республикалық интеллектуалдық және шығармашылық олимпиадаларға, конкурстарға белсенді түрде қатысады.
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында облыстық авторлық өлеңдер байқауына Мекеш Айгерім жүлделі 3 орынды жеңіп алды және Серікбол Ақнұр сертификатқа ие болды. 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеніңе Кривинка және Беген орта мектептерінің оқушылары қатысты. Кривинка орта мектебінің 4 сынып оқушысы Рамазанұлы Жандос 1 орынға иеленді.
Ауданда үш қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. Жалпы қосымша білім берумен 1071 оқушы қамтылды және 35 пайызды құрады.
Жазғы демалысты ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 7667,0 мың теңге бөлінді. Мектеп оқушыларының «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге барып қайтуынга 6270,0 мың теңге бөлінді. Жалпы жазғы демалыспен қамту 100 пайыз құрады.
Ауданның жалпы білім беретін мектептерде барлығы 538 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде жоғары біліммен-429 мұғалім, арнайы орта біліммен-109 мұғалім. Жоғары санаттты 120 мұғалім, бірінші санатты -154, екінші санатты-107 және санатсыз-157 мұғалім. 2017-2018 оқу жылы ауданның жалпы білім беретін мектептерге 17 жас маман келді.
Бүгінгі күні аудан бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 44 , оның ішінде жетім балалар бар және 2016 жылмен салыстырғанда (57 бала) 77 пайыз құрады. Оның ішінде 32 бала қамқорлықта (қорғаншылықта),12 бала патронаттық тәрбиелеуде.
Дене шынықтыру және спорт чаласында мемлекетттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі әлеметтік-экономикалық дамуында бұқаралық спорттың үлесін арттыру және өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.
Бүгінгі күні ауданда дене шынықтыружәне спортпен 4 мыңнан астам адам айналысады. ( аудан тұрғындарынан 32,9 %, 2016 - 31,7 %).

Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін ауданда 112 спорт нысандары жұмыс істейді.Олар: 22 спорт зал, 7 атқыш тир, 56 жазық ғимараттар (спорт алаңдары) және 19 футбол алаңы, 5-жасанды шағын футбол алаңы және дене шынықтыру-сауықтыру кешені.     
6 жастағы балалар үшін аудан бойынша балалар-жасөспірімдер спот мектебі жұмыс істейді.
Спорт мектебінде спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдер саны  411, олармен 6 штаттық жаттықтырушы-оқытушы және аудан мектептерінде істейтін 11 оқытушы-жаттықтырушы жұмыс істейді. Бұл спорт мектебінде спорт түрлері бойынша 7 бөлімше жұмыс істейді: волейбол, футбол, қазақ күресі, еркін күрес, жеңіл атлетика. Ағымдағы жылы қосымша бокс және тэйквандо бойынша 2 топ ашылды және дене шынықтырумен және спортпен айналысатын контенгентінің арттырылуын туғызады.
«Үлкен Владимировка орта мектебі» және «Сосновка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің базасында 33 оқушы қамтылуымен  қазақ күресі және волейбол бойынша мамандандырылған сыныптар ашылды. Мамандырылған сыныптардың оқушылары ыңғайлы жаттығу үдерісінің кестесіне сәйкес білім алады және тамақпен қамтамасыз етіледі.
Қысқы спорт түрлерін дамыту үшін жыл сайын қыс мезгілінде 17 хоккей қорабы және 5-мұз айдыны құйылады.
Ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында Бесқарағай ауданында жыл сайын «Тұлпардың тұяғы» ат-спорттық жарысы, Қазақ күресі бойынша жарыстар өткізіледі. Ауданның барлық мектептерінде «Тоғыз құмалық» секциясы ашылды.
2017 жылы шілде айында алғаш рет Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылында «Әлем барысы» халықаралық чемпионатының іріктеу шеңберінде абсолюттік салмақ дәрежесінде қазақ күресі бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Осындай үлкен спорттық іс-шараның өткізудің негізгі мақсаты Бесқарағай ауданынында және Шығыс Қазақстан облысында қазақ күресін насихаттау болып табылады.

Бөлім басшысы О.Болысбеков

 

Қазақстан Республикасында  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың ішкі талдау және бағалаудың Республикалық арнайы мониторингілеу тобы мүшелерінің Бесқарағай ауданының Жыланды ауылына баруы

Жұмыс  бағдарламасына сәйкес,  Қазақстан Республикасында  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың ішкі талдау және бағалаудың Республикалық арнайы мониторингілеу тобы мүшелері: Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің бұрыңғы депутаты, республикалық АМТ төрайымы   А.С.Соловьева, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының  директоры  Р.С.Ошакбаев, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс бойынша департаментінің директоры  А.Т.Бердалин, облыстық АМТ төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, «Азаматтық Альянс» ЗТҰ  төрағасы О.В. Чернышов,  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Ж. Қабдолдақызы 2018 жылдың 21 мамырында  Бесқарағай ауданына жұмыс сапарымен келді.
Қонақтар Жыланды ауылының орта мектебіне барып, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша  өзін-өзіне қызмет көрсету бұрышының жұмысымен танысты.  Орта мектептің акт залында Жыланды ауылындағы орта мектеп және орман шаруашылығы ұжымдарының, ауыл тұрғындарының кездесуі өткізілді.

Ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Калтаева

 

Білім беру бөлімінің 2018 жылдың бірінші тоқсандағы жұмысы туралы ақпарат

Ауданда 21 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 3 негізгі және 18 орта мектеп жұмыс істейді.Мектептер бойынша оқушылар контингенті -3066 құрайды.
Ауданның білім беру мекемелерінің 2018 жылы қаржыландыру көлемі 4484,4 млн. теңгені құрады.
Ауданның мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласы өз дамуында Шығыс Қазақстан облысының 2015-2017 жылдарға арналған мектепке дейінгі мекемелерді ашу және енгізу туралы қадамдық жоспарын басшылыққа алады. Жалпы 2017 жылы аудан бойынша 5 бала бақша жұмыс істейді, оның ішінде 2 мемлекеттік және 3 жеке меншік.
«Борас орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 135 бала қамтылуымен 6 топ, «Айналайын бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорында 90 бала, 60 бала қамтылуымен жеке меншік бала бақшалар (әр бала бақшада 20 баладан) жұмыс істейді. Мектептерде 335 бала қамтылуымен 34 шағын орталық тобы жұмыс істейді, оның ішінде 225 бала қамтылуымен 9 толық күнді топ. Мектеп алды даярлық сыныпта 330 бала. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытумен 77 пайыз қамтылды, ал 3 жастан 6 жасқа дейінгі 100 пайыз құрады. Осы көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда тұрақты.
2018 жылы ауданның «Березовка орта мектебі» коммуналдық мемлекетік мекеме қазандығының ағымды жөндеу жұмыстар жүргізіледі және терезелер мен есіктердің ағымды жөндеуі 12,6 мың теңгені құрайды. Аудан мектептерінде дарынды оқушылар қабілеттерін анықтап оларға қолдау көрсетіледі. Негізгі көрсеткіш оқушылардың олимпиадалар мен конкурстарға қатысудан көрінеді.
2018 жылдың бірінші тоқсанда I Республикалық «Абайдың асыл мұрасы» қарасөз оқу сайысында «Глуховка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Имашова Еркежан Сағындыққызы қатысып, I орынды иеленді. Х республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңіне Бесқарағай ауданының 6 мектебінен 8 оқушы қатысты. Олар: Үлкен – Владимировка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қазыбаева Асель «Жас ғалымдар» байқауынан 1 орынға, Қоянбай орта мектебінің 9 сынып оқушысыБекешова Ақнұр «Тілші-әдебиетшілер» байқауында 2 орынға, Борас орта мектеп бақшасының 9 сынып оқушысы Чурбакова Ксения «Әнші бұлбұлдар» байқауында 2 орынға ие болды. Ал «Сөз шеберлері» байқауы бойынша өзге ұлт тобында Бесқарағай ауданының намысын қорғаған Семеновка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Черненко Алена 2 орынға ие болды.«Мультимедиялық журналистика» жобасы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы мектептік баспасөз форумына Үлкен Владимировка орта мектебінің 2 оқушысы Оразова Аяулы және Саттарова Томирис І орынға иеленді.
Халықаралық, республикалық және облыстық зияткерлік конкурстарының нәтижелері:

Конкурстың атауы қатысушылар жүлдегерлер
1 Малахит 275 87
2 Золотое Руно 52 15
3 Кенгуру математика 46 30
4 Кенгуру лингвист 24 15
5 Лидер 276 73
6 ЧИП 7 7
7 Пони 21 8
  Всего   235

 

Бүгінгі күні білім сапасының негізгі көрсеткішінің бірі Ұлттық Бірыңғай тестілеу болып табылады. ҰБТ қортындысы бойынша аудан бойынша орташа балл 73,21 балл құрады және бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,79 баллға төмен (2016 ж. - 80 б.).
2017 жылы Алтын белгі» аттестатының 16 үміткерінің барлығы дәлелдеді (2016 жылы 6 үміткерден 4 түлек), 3 оқушы үздік аттестатын алды.
Жалпыға бірдей орта білім беруді қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ білім алу үшін жағдай жасау балалармен әлеуметтік қорғалмаған отбасыларына жергілікті бюджеттен ыстық тамақты пен шалғай ауылдарда тұратын оқушыларды мектепке тасымалдауды ұйымдастыру үшін қаражат бөлінеді. 10 аудан мектептері үшін 276 оқушы үшін тасымалдау ұйымдастырылған 100% - ды құрайды.
Жалпы қамтылуы тегін ыстық тамақпен 478 оқушы, халықтың әлеуметтік осал топтарын - 15,9 оқушылардың жалпы құрамының 100% - ы, балалардың көрсетілген санатының төмен көрсеткіш өткен жылғы бірінші жартыжылдық 2016 жылғы 0,9% - ға өсті.
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында облыстық авторлық өлеңдер байқауына Мекеш Айгерім жүлделі 3 орынды жеңіп алды және Серікбол Ақнұр сертификатқа ие болды. 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеніңе Кривинка және Беген орта мектептерінің оқушылары қатысты. Кривинка орта мектебінің 4 сынып оқушысы Рамазанұлы Жандос 1 орынға иеленді.
Ауданда үш қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. Жалпы қосымша білім берумен 1071 оқушы қамтылды және 35 пайызды құрады.
Ауданның жалпы білім беретін мектептерде барлығы 538 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде жоғары біліммен-429 мұғалім, арнайы орта біліммен-109 мұғалім. Жоғары санаттты 120 мұғалім, бірінші санатты -154, екінші санатты-107 және санатсыз-157 мұғалім. 2017-2018 оқу жылы ауданның жалпы білім беретін мектептерге 17 жас маман келді.
2018 жылы Наурыз айының 24- ші жұлдызында Семей қаласында Ел ордасы Астананың 20-жылдық мерейтойына орай «Әнші балапан» балалар байқауы өтті. Осы байқауға «Бесқарағай ауданының балалар өнер мектебінің» оқушылары қатысып Маратова Фатима 1-орынды,Қазкенова Ақерке 2-орынды, Қайыргалиева Айгерім 2-орынды (жетекшісі Сапарбекова Ж.М) жеңіп алды.
Наурыз айының 26-28 аралығында ШҚО Білім басқармасы облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының қолдауымен өткен «Рухани жаңғыру» Респуликалық бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы «Сиқырлы лира» «Медианта» атты аймақтық фестиваль байқауы өтті. Осы байқауға «Бесқарағай ауданының балалар өнер мектебінің» оқушылары қатысып, өз бақтарын сынады. Байқауға музыкалық теория бөліміне Ерболова Анель, Шегебай Гүлім (жетекшісі Байкадамова Г.А) қатысып дипломант атанды.
Қазақ ұлттық аспаптар бөлімінен: Орманова Іңкәр 1-орын лауреат (ұстазы Азимова Ж.К) Болатов Ислам 2-орын лауреат (ұстазы Калиева А.Т.) Орманова Ырысжан 3-орын лауреат (ұстазы Калиева А.Т.) атақтарын жеңіп алды.
2018 жылдың 30 наурызында Бесқарағай аудандық Өнер мектебінің 15 тәрбиеленушісі хор бойынша Алматы қаласында өткен «Өнер ғаламшары» халықаралық конкурсына қатысып, 1 орынды иеленді.Сонымен қатар осы байқауда вокал бойынша Маратова Фатима 3 орынға ие болды.

2018 жылдың 19 наурызы мен 07 сәуірі аралығында Щучье қаласының Балдәурен Республикалық оқу-сауықтыру орталығында Бесқарағай ауданы мектептерінен 9 оқушы демалысқа жолдама алды. Бүгінгі күні аудан бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 44 , оның ішінде жетім балалар бар және 2016 жылмен салыстырғанда (57 бала) 77 пайыз құрады. Оның ішінде 32 бала қамқорлықта (қорғаншылықта),12 бала патронаттық тәрбиелеуде.
Дене шынықтыру және спорт чаласында мемлекетттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі әлеметтік-экономикалық дамуында бұқаралық спорттың үлесін арттыру және өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.
Бүгінгі күні ауданда дене шынықтыружәне спортпен 4 мыңнан астам адам айналысады. ( аудан тұрғындарынан 32,9 %, 2016 - 31,7 %).
Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін ауданда 112 спорт нысандары жұмыс істейді.Олар: 22 спорт зал, 7 атқыш тир, 56 жазық ғимараттар (спорт алаңдары) және 19 футбол алаңы, 5-жасанды шағын футбол алаңы және дене шынықтыру-сауықтыру кешені.
6 жастағы балалар үшін аудан бойынша балалар-жасөспірімдер спот мектебі жұмыс істейді.
Спорт мектебінде спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдер саны 411, олармен 6 штаттық жаттықтырушы-оқытушы және аудан мектептерінде істейтін 11 оқытушы-жаттықтырушы жұмыс істейді. Бұл спорт мектебінде спорт түрлері бойынша 7 бөлімше жұмыс істейді: волейбол, футбол, қазақ күресі, еркін күрес, жеңіл атлетика. Ағымдағы жылы қосымша бокс және тэйквандо бойынша 2 топ ашылды және дене шынықтырумен және спортпен айналысатын контенгентінің арттырылуын туғызады.
«Үлкен Владимировка орта мектебі» және «Сосновка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің базасында 33 оқушы қамтылуымен қазақ күресі және волейбол бойынша мамандандырылған сыныптар ашылды. Мамандырылған сыныптардың оқушылары ыңғайлы жаттығу үдерісінің кестесіне сәйкес білім алады және тамақпен қамтамасыз етіледі.
Қысқы спорт түрлерін дамыту үшін жыл сайын қыс мезгілінде 17 хоккей қорабы және 5-мұз айдыны құйылады.

МҰРАҒАТ

2017 ж. *.doc 120 KB
2016 ж. *.doc 120 KB
2015 ж.
Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2014 жылғы 4-ші тоқсан ішіндегі жұмыстары туралы *.doc 60 KB
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2014 жылғы 3 тоқсан ішіндегі жұмыстар туралы
2014 оқу жылының 2 тоқсанға Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жұмыстары туралы
Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2014 жылғы 1-ші тоқсан ішіндегі жұмыстары туралы *.doc 44 KB
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2013 жылғы ішіндегі жұмыстар туралы *.doc 95 KB
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жыл ішіндегі жұмыстар туралы *.doc 88 KB
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 жылғы жұмыстары туралы *.doc 80 KB
Парақтар өзгертілді: 28-11-2018