Қазынашылық бөлімі

Жаһандық дағдарыстың елімізге тигізер қаупін сей­­іл­ту мақсатында Елбасы биыл­ғы Жолдауын ерте жариялап отыр. Бұл, біріншіден, елім деп жаны күйген Елбасының елгезектігі болса, екіншіден, жаһанда болып жатқан сая­си ахуалды терең талдай алатын саясаткерлігінің, қырағылығының нәтижесі. Жақында ғана Ұлытаудағы сұхбатында қазақ елінің тарихи дамуына ерекше тоқталған болатын. Міне, бүгін Қазақстан халқына арналған «Нұрлы Жол» Жол­дауында «Мәңгілік Ел» идеясының стратегиялық нақты бағдарламасын жасап көрсетті. Елбасының атап өтуінше, жаңа саясат еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталатын болады. Жаңа экономикалық саясат халықтың, әсіресе, әлеуметтік тұрмысын жақсартуға бағытталғанын көреміз. Бұған дейін де дағдарыстан шығудың кілтін ұсынған Елбасының арқасында халқымыз қысылып-қымтырылып көрген емес. Әлеуметтік жағдайы болсын, экономикалық көрсеткіші болсын, артпаса төмендеген жоқ. Жаңадан ашылып жатқан жұмыс орындары, шағын және орта бизнестің дамуы қарапайым халықтың күнкөріс өлшемін өсіре түсті. Бұған соңғы үш жыл ішінде еліміздегі жан басына шаққандағы ақшалай табыс 22 пайызға артып, жалақы 21 пайызға өскендігі, 2011 жылдың шілде айынан бастап, бағдарлама бойынша 400 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етілуі дәлел болса керек-ті.

Елбасы әр жыл сайынғы Жолдауында ел дамуының барлық саласын қамтып, алдағы жылдар ішінде қандай іс атқарылатынын жіпке тізіп береді. Ұлан-байтақ жері бар біздің еліміз үшін алдыңғы қатарлы заманауи көліктік инфрақұры­лым – жарқын болашаққа апарар жол. Ол экономикамыздың дамуына және экономикамызды инновациялық даму сатысына көтеретін стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым. Елбасымыз көліктік инфрақұрылыммен қатар, әлеуметтік маңызы зор, бүкіл экономикамыздың күре тамыры болатын энергетикалық, кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша нақты бағдарламалар ұсынды. «Үйі жоқтың күйі жоқ» демекші, бас­панасыз жүрген тұрғындарды үймен қамтамасыз етудің жолдарын Елбасы осы Жолдауда пысықтай түсті. «Арендалық баспана құрылысы тұрғысындағы қадамдарды қайта қарастыру керек. Бізде қолжетімді баспана бойынша көптеген әдістер бар. Елімізде тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесі, ипотека, арендалық бағыттар қамтылған.

Енді бізге басқа қырынан қарау керек. Мемлекет әлеуметтік арендалық баспананы салып, оны халыққа сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға беретін болады. Қазіргі кезде қолданыстағы жүйе қомақты қаржыны талап етеді. Бастапқы жарнаны төлеткізеді, содан кейін банк­тер кіріптарлық пайыздарды бекітеді, яғни оның деңгейі 20 пайызға жетеді. Адам­дар оны төлеуге қауқарсыз және проб­ле­малар туындайды. Бұл бағдарламалар қалады, олар дәулетті адамдар үшін қалыпты. Ал жаңа бағыттағы бағдарламаны жас отбасылар үшін және баспанаға зәру азаматтарға жасап жатырмыз», – деді. Әрине, бұл әдіс, әсіресе, жастар үшін, әлеуметтік жағдайы орта отбасылары үшін өте қолайлы болар еді. Осы жүйе күшіне енсе, баспана еш делдалсыз, мейлінше төмен пайыз­­­бен беріліп, үйді сатып алу құны төмендетіліп, бастапқы жар­наға тыйым салынар еді. Мұ­нан артық қандай қолайлы жағдай керек. Ұлттық қордан қомақты қаржы ажырату мәселесі де бүгінде пісіп-жетілгендігі көрсетілді. Қосымша 500 млрд. теңге қаржы Ұлттық қордан бөлінетін болса, соның 100 млрд. теңгесі бизнесті қаржыландыруға, 250 млрд. теңге банкі жүйесіне, жаңа инвестиция бағытына 80 млрд. теңге, ЭКСПО-2017 ұлттық көрмесіне 40 млрд. теңге бөлу көзделген. Халықтың әлеуметтік тұрмысын көтеруге 70 млрд. теңгенің 20 млрд.-ы балабақша құрылысына бөлінетін болады. «Екібастұз – Семей – Өскемен – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» бағытындағы жоғары кернеулі электр жүйесін тарту құрылысын тиімді жүргізу өркениет бағытындағы игі шаралардың ең жемістісі болмақ.

Елбасы Қазақстанның әлемде ең дамыған 30 елдің қатарынан көрінуінде ең бастысы халықтар бірілігінде екенін айта келіп, келесі 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялады. Ғаламшардағы дамыған мемлекеттер бүгінде Қазақстанның әлемдік дағдарыстың алдын алуда пәрменді жос­пар құрып, іске асыратынына сеніммен қарайды деп ойлаймын. Себебі, біздегідей халықтар достығы, ұлтаралық, дін аралық келісім өзге мемлекеттерде кем де-кем. Ел тұрғындарының алдындағы бүгінгі басты мақсат – тәуелсіздік алған жылдардан бері қол жеткізген игіліктерді одан әрі ұлғайтып, келешек ұрпақтың өмір сүруіне қолайлы жағдай тудыру. Көреген Елбасымыз осының барлығын өз Жолдауында нақты түрде атап көрсетті. Бұл Жолдау тек қана алда болатын 2-3 жылдық дағдарыстан шығудың жолы ғана емес, Қазақстанның түпкі дамуының бағдары деп айтар едім. Жетісу мемлекеттік университетінің ұжымы Елбасының «Нұрлы Жол» халыққа Жолдауын қызу қолдайды. Нұрсұлтан Әбішұлының «Біздің қазіргі жастар 90-жылдардағы дағдарысты, ел басына түскен ауыртпалықты айтарлықтай сезе қойған жоқ. Тәуелсіздік жолындағы халқымыздың қажырлы еңбегінің арқа­­­­­сында Қазақстанның дүниеге танылғанын терең біле ме екен? Олар заман осылай өркениетті болуы керек деп ойлайтын шығар. Бәлкім бұл жақсы да шығар, жас­­­тарымыздың бақыты, болашағы үшін күресіп жатқанымыз жоқ па?» деген сөздері біздерді өте толғандырады. Универ­ситет оқытушылары жас ұрпақтың қазақ­стандық патриотизмін дамытуда, оларды елжандылыққа, адами құндылыққа тәрбие­леп, елі үшін қызмет етуге үйретуде Елбасы Жолдауын басшылыққа алатын болады. Негізі біз бақытты елміз, бақытты тұрғындармыз. Жарқын болашақ үшін қажетті мақсат-міндеттерді Ел Президенті саралап, жіктеп, қалай жүзеге асыру қажеттігін көрсетіп береді. Бесқарағай аудандық қазынашылық басқармасының ұжымының ұлы мақсаты – Мәңгілік Ел болудың жолында жұдырықтай бірігіп, әркім өз саласы бойынша адал еңбек ету ғана.

Бесқарағай аудаңдық қазынашылық
басқарма басшысының орынбасары: Г.А. Кусаинова

Парақтар өзгертілді: 10-04-2015