Мәдениет

Достық үйі

«Бесқарағай ауданының Достық үйі» КММ-нің 2018 жылдың I-ші тоқсанда аткарылған жұмыстары бойынша ақпарат

«Рождество әр үйде, Рождество бізде»
Ағымдағы жылдың 7 қаңтары күні Рождество мерекесін атап өту Бесқарағай ауданында Свято-Троицкий Приходындағы аудандық орталығындағы  Воскресенский соборының попы Евгения әкейдің Рождестволық қызметінен басталып,  барлық келушілерді аудандық Достық Үйінің директоры аудандық мәслихаттың депутаты М. Р. Абылгазинова мерекелерімен құттықтады. Мерекелік қызметтен кейін Рождествоны мерекелеу "Мир" кафесінде жалғасты, мерекелік бағдарлама әзірленді. Жастар этномәдени бірлестігі "ДосStar" , рождестволық   "Тихая ночь, дивная ночь"әнін орындады.Сондай- ақ, іс-шарада ауданның ауылдық округтердің өкілдері өздерінің дайындаған құттықтауларымен, шығармашылық нөмірлерімен  белсенділік көрсетті.

Достық Үйіне эскурсия
Ағымдағы жылдың 16 қаңтары күні Н.Баймұратов атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары Достық үйіне қонаққа келді. Достық үйінің әдіскерлерімен экскурсия ұйымдастырылды, оқушылар қазақ және славян елдерінің тұрмысымен және ұлттық салт-дәстүрлерімен танысты. Ақпараттық сағат «Бейбітшілік және келісім», «Қазақстан – ортақ жеріміз, ортақ еліміз, ортақ болашағымыз» атты бейнероликтерді көрсетумен аяқталды.

«Елбасының Қазақстан Халқына жолдауы» атты дөңгелек үстел
2018 жылдың 17 қаңтары күні аудандық Достық үйінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Елбасының Қазақстан Халқына жолдауы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы А.С.Тайгожина, жастар мәслихатының депутаты Д.Т.Глазинский, тәрбие-білім «Мәңгілік Ел» кабинетінің жетекшісі А.Қ.Даулетбаева 2018 жылғы 10 қаңтар күні Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына  арнаған Жолдауын жастарға түсіндірді.

«Крещение Господня мерекесі»
Ағымдағы жылдың 19 қаңтары күні Бесқарағай ауданының орталығында христиандықтардың жарқын мерекесі өтті. Достық үйінде Борас орта мектеп бала бақшасының кадет сыныбына және славян ұйымының өкілдеріне арналған ақпараттық сағат өтті. Қатысушылар мерекенің шығу тарихымен жетімді түрде танысып, қасиетті судың ғажайып әсерлерімен иорданияда суда шомылудың ерекше қасиеттерімен танысты. Мерекелік бағдарлама қызықты, күлкілі өлең айтумен, жұмбақ жасырумен және крещениеның дәстүрлерін туралы бейне-баян тамашалаумен аяқталды.

 Ғылыми этномәдени экпедиция
Ағымдағы жылдың қаңтар айында аудандық Достық үйі Алматы қаласынан келген, ғылыми этномәдени экспедициясын жүргізетін, тарих ғылымдарының кандидаты Юлия Ивановна Подопригора басшылығымен Қазақстандық немістердің "Возрождение" қоғамының өкілдерін карсы алды.
Экспедицияның мақсаты Қазақстанның заманауи мұражайлардың қорларында сақталған немістер туралы ақпарат жинау және іздеу, немістердің тарихы мен мәдениетіне қатысты мағлұматтардан, мұражайлық коллекциялардан тізілім құру болып табылады.
Достық үйінде де кейбір экспонаттар қонақтардың қызығушылығын тудырды, бұл асыл бегімдердің институтта киген көйлегі, ескі суреттер, кітаптар және үй тұрмысына қажетті заттар.

 Ауғанстан – жанымның жарасы
2018 жылдың 15 ақпанында «ДосStar» жастар клубының бастамасымен аудандық Достық үйінде ауданның интернационал – жауынгерлерімен ардагерлері, Борас орта мектеп – бақшасының "Шығыс ұландары" кадет сыныбы, аудандық мәслихат хатшысы қ. Қ. Садықов және аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Н. Глазинскийдің қатысуымен «Ауғанстан – жанымның жарасы» атты ерлік сабағы өтті.
Жастар тобының орындауындағы «Зажгите свечи», «Офицеры» жүректі елжіреткен әндерімен және ауданымыздың жергілікті акындардың Жуматаева Р.А., Шахворостова Л.Г., В.М.Бурдинскийдің өлеңдері қатысушылардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды. Сол сұрапыл соғыста барлық қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.Ерлік сабағы жас кадеттерге патриотизмді сезінуге, кандай жоғарғы азаматтық дәстүрлердің мұрагерлері екенін түсінуге көмектеседі.

«Кең Масленица!»
Ағымды жылдың 16 ақпанында аудан орталығының алаңында аудандық Достық үйі және славян этномәдени бірлестігімен ұйымдастырылған «Кең Масленица!» атты халық серуені өтті. Мерекелік іс-шараға ауданның мекемелері мен ұйымдардың ұжымдары қатысып, масленицаның 7 күндерінен театрландырылған қойылымдар тамашаланып, «Мерекелік дастархан» байқауларына қатысты. Мерекенің дәстүрі бойынша бағдарлама соңында аудан әкімі Д.Б.Батырбаев пен славяндық этномәдени бірлестігінің төрағасы Родионов В.С. Масленица чучелосын жақты. Ал қатысушылар жанып жатқан чучелоны айнала, достықтың нысанында қол ұстасып айналды. Мереке барысында аудан кәсіпкерлерімен « Ізгілік керуені» атты акция өткізілді. Халықтың әлеуметтік жағдайы осал 32 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Масленица өзінің жалғасын ауданның ауылдық округтерінде тапты.

«Ұрпақтары сабақтастығы»
2018 жылғы 21 ақпан күні аудандық Достық үйінде қоғамдық келісім кеңесімен ұйымдастырылған «Мызғымас бостандық және аты аңызға айналған» ұранымен Кеңес Әскері және Флотының 100 - жылдығына орай тарих сабақ өтті. Сабақтың құрметті қонақтары қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің және шекара бекетінің офицерлері, сондай- ақ сонау ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында әскери борыштарын өтеген ауған жауынгерлері, сарбаздар, матростар, сержанттар болды. Қатысушылар жерлестеріміздің тәуелсіздікпен туған жер үшін танытқан ерлігі мен батырлығына, олардың намыскерліктеріне тәнті болды.

Алғыс айту күні
2018 жылғы 1 наурыз күні аудандық Мәдениет үйінде Алғыс күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік концертті ауданның этномәдени бірлестіктері театрландырылған көрініспен ашты. Бесқарағайлықтарды аудан әкімі Д.Б.Батырбаев құттықтап, бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімді тіледі. Мерекелік концертте «Деревенька моя» славян этномәдени бірлестігі, «Воскресение» этномәдени бірлестігі, славян этномәдени бірлестігінің мүшесі В.Бурдинский, «Асыл ажелер» вокалдық тобы қатысты.

«Сүйікті әйелдерге жыр арнаймыз»
Ағымдағы жылдың 7 наурыз күні аудандық Достық Үйінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, этномәдени бірлестіктердің белсенділерін марапаттауға арналған, мерекелік іс-шара өтті. Мереке барысында нәзік жандыларды аудан әкімінің аппарат басшысы Т. Н. Глазинский шын жүректен құттықтап, Бурдинский В. М., Токсеитов Т. Т оларға арнап, ән шырқады. Іс-шара достық, рухани және мерекелік жағдайда өтті. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар тапсырылды. Кешкі уақытта, "ДосStar" атты жастар клубының қыздарын құрметтеу үшін, қызықты ойын-сауық бағдарламамен, жағымды демалыспен жалғасты.

Нақты іс-қимыл жоспары.
Наурыздың 14 күні аудандық Достық үйінде еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың "Бес әлеуметтік бастамалар" талқылау бойынша, Қоғамдық келісім кеңесінің және отбасындағы толеранттылық мәселесі бойынша Аналар кеңесінің Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні аясында кеңейтілген отырыс өтті. Кәсіпкерлер палатасы, микрокредиттік ұйымның басшылары Жакиянов Б.Д., Нургалиев А.Б. шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті дамыту үшін маңызды бастамалар деп санайды. Олар қатысушыларға несие алу және рәсімдеу талаптарымен таныстырды.
Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Козинский В. М., оңалту орталығының басшысы Байкадамова Г. М., білім және спорт бөлімі басшысының орынбасары Кайдарова С. В. өз сөздерінде, бес әлеуметтік бастамалар - мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың экономикалық тұрғыдан қуатты, деңгейі жоғары мемлекет құру бойынша, халықты әлеуметтік қорғау. мақсатты және дәйекті саясатының жалғасы екенін атап өтті.

Наурыз мейрамын мерекелуіне арналған «Кел, Төрле, Мейірлі Наурыз!» атты іс-шара
2018 жылдың 22 наурыз күні Бесқарағай ауылының орталық алаңыңда Наурыз мейрамына арналған «Кел, төрле, мейірлі Наурыз!» атты аудандық іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шара Бесқарағай ауданы әкімі Д.Батырбаевтың құттықтау сөзінен ашылды. Өз сөзінде Бесқарағай ауданының тұрғындарын мерекемен құттықтап, бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісім тіледі. Бесқарағай ауданының мекелерімен «Тәуелсіздік», «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру», «Астанаға 20 жыл» атты киіз үй ауылдары құрылды, сонымен қатар ұлттық мерекелік тағамдармен қайырымдылық үстелдері ұйымдастырылды. Аудандық орталық алаңыңда «Алтыбақан» және «Тайқазан» құрылды. Бесқарағай ауданы жастарымен Астананың 20-жылдығына арналған «Астана» флеш-мобы өткізілді.

Басшибекова Гульбаршин Аскарбекқызын еске алу кеші
Аудандық Достық үйінде «Асыл әжелер» фольклорлық тобының басшысы, Бесқарағай ауылдық округінің Әйелдер кеңесінің төрайымы Г.А.Басшибекованы еске алу кеші өтті.
Г.А.Басшибекованың бастамасы бойынша 2009 жылы 27 қазанда «Асыл әжелер»  фольклорлық тобы құрылып, әлі күнге дейін олардың шығармашылықтары тек қана ауданның көрермендерін қуантып қоймай, одан да тыс жерлерге шығуда. Еске алу кешіне Г.А.Басшибековамен араласқан көршілері, бірге жұмыс істеген әріптестері, достары және туыстары қатысты. Осы кеште рухани сезімде оның орындаған әндері тыңдалып, бейне слайдтары мен бейнеклиптері көрсетілді.

«Бесқарағай ауданының Достық үйі»
КММ-нің директоры  М.Р.Абылгазинова

 

Mұрағат

2017 жыл  
2016 жыл  
2015 жыл  
2014 жыл *. doc, 70 МB
Парақтар өзгертілді: 09-04-2018