Мәдениет

Кітапхана

Бесқарағай аудандық орталық кітапхананың 2019 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстары.

Бесқарағай аудандық кітапхана жүйесіне қарасты 19 кітапхана үлкендер мен қатар балалар мен жасөспірімдерге де қызмет көрсетеді. I тоқсан бойынша сандық көрсеткіштері:
- оқырмандар саны - 4174 адам.
- интернет- сыныпты пайдаланушылар саны – 106 адам.
- аудан кітапханаларына келушілер саны - 33163
- кітап беру – 41148 дана.
- кітап қоры - 174629 дананы құрады. - іс-шаралар саны –168 - қатысушылар саны – 3729 
Қызметтің басымды бағыты, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» Жолдауы, «2019 – жастар жылы» тақырыптарына арналып отыр. Ауданның барлық кітапханалары осы атаулы күндерге байланысты іс-шаралар өткізуде. Кітапхана мектептер, музей, достық үйі, жастар орталығы, ардагерлер үйі, тәрбие білім орталығымен тығыз байланыста. Кітапханаларда «Жаңа Жолдау-Жаңа бағыт», «Латын әліпбиі-заман талабы», «Арман қала -Астана», «Тіл-ұлт тірегі», «Ұлы даланың жеті қыры», «Өлке тарихы», «2019- жастар жылы» ашық кітап көрмесін және «Ұлы даланың 7 қыры» стенд ұйымдастырылып, «Рухани жаңғыру», «Қазақ әліпбиінің латын қарпінде жазылуы» тақырыптық банерлер көрнекіленген. «Рухани жаңғыру» кабинетінде «Тарихтан іздеп, жаңа бетті ашамыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аудандық және ауылдық кітапханашылар, мәдени ұйымдастыру-шылар, мұрағат қызметкерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты Елбасының тапсырмасында көрсетілген бағыттар бойынша жұмыстарды нығайтып, тереңдете түсу. Дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, алдағы тұрған жұмыс жоспарларымен бөлісті. 1 наурызда Мәдениет үйінің фойе залында «Түркі әлемінің бесігі» атты иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
«Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша ауылдық кітапханалар түрлі іс-шаралар өткізді. Беген ауылдық кітапханасында «Түркі бесігі - Түркістан» тақырыбында тарихи керуен іс-шарасы өтті. Бұл жер- Қазақстанның және түркі әлемінің негізгі сәулетті де көрікті жерлері болып табылады. «Рухани Қазына» бағдарламасын насихаттау аясында оюдың шығу тарихымен таныстыра келе, оны заманауи ұлттық қолөнер бұйымдарында қолдануды үйретіп, оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Ою-өрнек - тіршілігіміздің ажарын ашатын рухани құндылық» атты сайыс Башкөл ауылдық кітапханасында өтіп, ауыл үлкендері жас буынға қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеп насихаттау барысында оюды заманауи қолөнер бұйымдарында қолдануды көрсетті. Бөдене кітапханасында «Салт-дәстүр – ұлттық рухтың тайқазаны» тақырыбында оқушылар сайысы өтті. Мақсаты, қазақ ұлттық дәстүрге қатысты балалардың білімдерін бекіту, мәдениетпен салтымызды сақтауға сезім ұялатып, құрметтеу болды. Беген ауылдық кітапханасы «Күміс көмей әнші» тақырыбындағы музыкалық қонақжай өткізді. Халық әртісі Б. Төлегенованың есімі- біздің өнер тарихының бүтін бір беті болып табылады. Танымал әншінің өмірбаяны мен творчестволық жолы туралы айтылып, түскен фильмдерін тамашалап, өлеңдері тыңдалды.
Жастар жылына орай «Қазақстанның болашағы –Жастар» тақырыбында слайд презентация өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» деп аталған жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі көрсетілген бейне фильм көрумен басталды. «Тәуелсіздік ұрпақтары», «Рухани жаңғыру: жастар жолы», «Ұлы даланың мұрагерлері жастар» деген тақырыптар бойынша аудандық кітапхана директоры Ж. Алпыспаева әңгімелеп өтті. Жастар орталығының әдіскері А. Мұқажанова өзінің сөйлеген сөзінде, жастар жылында өз еліне жасайтын жақсы жоспарлар мен идеяларды жүзеге асыруларына кең мүмкіндіктер ашылатыны жайында айтып өтті. Іс-шара барысында М. Жұмабаевтың жастарға деген мол сенімі мен үмітін жазып қалдырған «Мен жастарға сенемiн!» деген өлеңі тыңдалды.
Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерлерінің шыққанына 30 жыл толуына және Ауған соғысында қаза тапқандарды еске алуға арналған аудандық кітапханасындағы білім орталығында интернационалист жауынгерлер мен Бесқарағай колледж студенттері қатысқан «Бәрі де есте...» тақырыптық кездесу кеші өтті. Кештін барысында тарих беттерін тыңдай отырып 1979-1989 жылдардағы ауған соғысы жайлы деректі бейне фильмі көрсетілді. «Бәрі де есте...» бөлімінде кешіміздің қонақтары Н.М. Ташиев К.С. Асылханов өздерінің бастарынан кешкен жайлары, сол кездердегі үйі, туған-туыстары туралы сағыныш ойларын тұншықтыра өздерінде ұстаған сезімдері жайлы, сонау өткен ауыр күнделікті соғыс күндері туралы әңгімелеп берді.
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған Әбіш Кекілбаев пен Әбділдә Тәжібаевқа арналып Борас орта мектебінің 5-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Тұғыры биік әдеби тұлғалар» атты портрет кеші өтті. Қатысушыларға қос қаламгердің өмірі мен шығармашылық қызметі жайында айтылып, олар туралы бейнебаян көрсетілді. Ә. Кекілбаевтің прозасы ертегі-аңыз тәрізді. «Аңыздың ақыры» романында , алдын ала белгілі болып отыратындай романтикалық қатал, нәзік шығыс тарихына ұқсас өмірді, үлкен тарихты ол ойлап шығарған. Әбділда Тәжібаев – қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан ең беделді ақындардың бірі. Оқушылар Э. Абдрахманова, В. Парфенова, А. Киналь Әбділда Тәжібаеватың «О, туған жер», «Досыма», «Тоқтату», «Туған ел» және басқа да өлеңдерін оқыды. 
8-ші наурыз мейрамы қарсаныңда білім орталығында аналар мен әжемлерге құрмет пен қамқорлық таныту мақсатында балалармен «Сүйікті анама сыйлық» атты шеберлік сағаты өтті. Алдымен жас оқырмандар бұл мейрамның біздің елімізге қайдан келгенің және «Халықаралық әйелдер күні» деп неге аталатыны жайында білді. Одан кейін балалар өздерінің аналары мен әжелері туралы ой қозғап, құттықтау хатты қалай безендіру керектігі жайында айтты.
Экрандағы қазақ анасының бейнесін насихаттай отырып, өмір сүйгіш жоғары талант иесі, белгілі актриссаның ғасырлық – 100 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында «Кино саласының майталманы» тақырыбында тейбл-ток өткізілді. Тейбл токтың негізгі бөлімі слайд презентация арқылы кино әртісінің өмірі мен шығармашылығы, халыққа жарқын көңіл-күй, жоғары эмоция әкелетін фильмдері көрсетілді Кейіпкердің есімі алтын әріппен қазақ кино тарихына мәңгілік жазылған. 
Төменгі сынып оқушыларымен «Павел Бажов – әйгілі уралдық ертегі жазушы» атты әдеби сағат өтті. Іс-шара жазушының өмірбаяны және шығармашылығымен таныстырудан басталды. Павел Петрович өзінің ертегілері арқылы әлемге жайықтың аңыз, сырлары мен тілін жеткізді. Әдеби сағатта балалар викторинаға белсенді қатысты және мультфильмдерден үзінділерді көріп, тау-кен мамандықтары мен минералдары туралы көп нәрсе білді. Бажовтың оқиғалары балаларды Уралда өмір сүрген адамдармен ғана таныстырып қоймай, достық, адалдық, мейірімділікке үйретіп, жақсылықты жамандықтан ажырата білуді үйретеді. 
Сандық сауаттылық деңгейді көтеру үшін, аудандық кітапханашылар білім орталығында мәдениет үйінің қызметкерлерімен «Қызметті жеңілде тез ал» деген тақырыбында тренинг өткізді. Біздің оқытуымыздың мақсаты, пайдаланушылар ЭЦҚ дұрыс пайдаланып, оның қауіпсіз сақталуы, анықтамаларды өз беттерімен алып үйренуді және басқа да қызмет түрлерін насихаттау болды. Тренингтің соңында «Қызмет түрлері» брошюралары таратылды. 

Библиотекa

Библиотекa

Библиотекa

Библиотекa

Библиотекa

Библиотекa

Библиотекa

Библиотекa

Аудандық кітапхана директоры Ж. Алпыспаева

 

 

Mұрағат

2018 жыл  
2017 жыл  
2016 жыл *. doc 79 KB
2015 жыл
2014 жыл *. doc 44 KB
2013 жыл *. doc 63 KB

Парақтар өзгертілді: 09-04-2019