Мәдениет

Тілдерді оқыту орталығы

«Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы» КММ
2018 жылғы ІV тоқсанынында атқарған
жұмыстары туралы Ақпарат

Тілдерді оқыту орталығы 2008 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Орталықтың негізгі мақсаты – жергілікті органдардың мемлекеттік қызметшілері мен басқа да санаттағы азаматтарды мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту, аударма жұмыстарын жүргізу, Тіл саясатын жүзеге асыру бағытында әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру.
Орталық ағымдағы жылдың 4-тоқсанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірқатар іс-шараларды атқарды. Оқытумен қатар орталықтың айлық, жылдық жоспарына сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіледі.
2018 жылғы 24 қазан күні тілдерді оқыту орталығы аудандық кітапхана жанынан ашылған «СOWORKING CENTER» - де «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 13 жалпы білім беретін мектептегі үйірме жетекшілері арасында «Латын қарпінің емле ережесімен таныстыру бағытында ересектерді жаңаша оқытудың негізі» тақырыбында семинар – сабақ өткізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты – латын қарпінің негізгі емле жобасымен таныстыру, оқытудың әдіс-тәсілдерін көрсету. Сондай – ақ, латын әліпбиінің қолайлылығын түсіндіру болды.
2018 жылғы 13 қараша күні оқыту орталығы қызмет көрсету орындарындағы тұрғындар арасындағы өзге ұлт өкілдерімен «Біз қазақша сөйлейміз!» жалпы республикалық акциясын ұйымдастырды. Оқыту орталығының ұжымы ХҚКО-на, Қазпошта, нотариуске, банкке барып шағын диалог жүргізді. Жалпы республикалық акцияның мақсаты – тұрғындар арасында шағын диалог құру, қазақша – орысша тілдескіш материалдарын тарату болды. Тілдескіште күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылатын ауызекі сөйлеу үлгілері, қажетті сөздер мен сөз тіркестері жинақталған.
2018 жылғы 14 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізу тапсырылды. Квотаға сәйкес бүкілхалықтық диктантқа Бесқарағай өңірінен 1500 адам қамтылып, диктант аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өткізілді. Мемлекеттік қызметшілер саны – 50, мемлекеттік қызмет ұсынатын ұйымдардың қызметкерлері – 250, мұғалімдер – 200, оқушылар – 1000 адам. Акция барлық жерде бір уақытта басталды. Диктант жазуға 30 минут уақыт берілді. Диктанттың маңыздылығын ескере отырып, диктантқа қатысқандар туралы ақпарат Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығына жолданды.
2018 жылғы 22 қараша күні тілдерді оқыту орталығы «Латын әліпбиіне көшу – болашақтың таңдауы» тақырыбында ТИМБИЛДИНГ өткізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – латын қарпіне көшу бойынша ұйымдастырылған түрлі зияткерлік ойындардың көптеген нұсқаларымен таныстыру барысында ұжымды біріктіруге және қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған кейстердің шешімдері немесе кескіндеме дағдыларын дамыту болып табылады. Тимбилдингке ішкі саясат, мәдениет жіне тілдерді дамыту бөлімінен, жастар орталығы, аудандық кітапханадан, достық үйінің «Dosstar» этномәдени бірлестік топтарының мүшелері қатысты. Тимбилдинг зияткерлік ойын форматында өтіп, «Сиқырлы сандық», эстафета «#LATYNDY QOLDAIMYN», «Тізбекті сөздер құру», «Сағаттар сөйлейді», «Смайликтермен оркестр», «Твистер», «ShAŃYRAQ» ойыны, “KAhOOT.IT” кезеңдерінен тұрды. Қызықты өткен тимбилдинг қатысушыларына мақтау қағаздары мен ынталандыру сыйлықтары берілді.
2018 жылғы 6 желтоқсан күні тілдерді оқыту орталығының ұжымы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздікке ізгі тілек!» атты облыстық деңгейде сайысын өткізді. Сайысқа ауданның дербес бөлімдерінің мекеме басшылары мен қазақ тілінің базалық (А2), орта (В1) деңгей тыңдаушылары қатысты. Әрбір орталықтың базасында барлығы 20 адам тілек жазуды бастады. А2 деңгей тыңдаушылары кириллицада, В1, В2 деңгей тыңдаушылары жаңа әліпби негізінде өз тілектерін жазды. Облыстық сайыста №54 ӨСБ инженері А.Какимов үшінші орынға ие болып, диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
2018 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай оқыту орталығының жанынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әдемі сөйле!» шешендік – шеберлік клубы және «TEDxBESK» конференция – студиясы ашылды. Мақсаты - тыңдаушыларға халық алдында сөйлеу барысында айрықша есте қалатындай сөз сөйлеуге, өз ойын, пікірін қазақ тілінде білікті, жоғары деңгейде жеткізуге үйрету. Іс-шараның ашылуына аудан басшылары қатысып, оқытудың интербелсенді әдісін қолдана отырып, викториналық ойын ойнады. Сондай-ақ, қонақтарға шешендік өнер бойынша тренинг ұйымдастырылып, 1 минут ішінде еркін сөйлеп, ұтымды жауап берді.
2018 жылғы 28 желтоқсан күні оқыту орталығының ұжымы Жаңа Жылдық мерекеге орай, ауылдық округтердің әкімдері арасында «Харизматикалық спикер» сөз шебері чемпионатын өткізді. Харизм - жеке адамға сиқырлы күш беретін ерекше қасиет. Харизматикалық спикердің мақсаты - айналасындағыларды өз энергиясымен бөлісу қабілеті мен жақсы қалыптасқан шешендік қабілеттердің болуы. Чемпионатқа осы мақсатты жүзеге асыру үшін Жетіжар, Глуховка, Канонерка, Басколь, Қарабас ауылдық округтерінің әкімдері қатысып, 1 минут ішінде тілек айтты. Чемпионатқа қатысушыларға сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.
Алдағы 5 жылда тілдерді оқыту орталығы латын қарпінде үйретуді жүргізу тапсырмасын жоспарға енгізіп, қолға алуда. Тыңдаушылардың сабаққа қатысуы, тілді білу сапасы мен өткізілген іс-шаралары бойынша жұмыстар аса жауапкершілікпен жүргізіледі. Ол жөнінде тілдік ахуалды үнемі назарда ұстау мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы «Бесқарағай тынысы» аудандық газетіне мақалалар жазылып, аудан әкімінің сайтына отырғызылып тұрады.

Тілдерді оқыту орталығы

Тілдерді оқыту орталығы

Тілдерді оқыту орталығы

Тілдерді оқыту орталығының директоры А.Аменова

 

«Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы» КММ
2018 жылғы ІІІ тоқсанынында атқарған
жұмыстары туралы
Ақпарат

Тілдерді оқыту орталығы 2008 жылдан бастап он жылдан бері қызмет атқарып келеді. Орталықтың негізгі мақсаты – жергілікті органдардың мемлекеттік қызметшілері мен басқа да санаттағы азаматтарды мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту, аударма жұмыстарын жүргізу, Тіл саясатын жүзеге асыру бағытында әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру.
2018-2019 оқу жылында мемлекеттік тілді оқуға 120 тыңдаушы қамтылды, оның ішінде: 22 – мемлекеттік қызметші, 98 - басқа да санаттағылар, 26- тыңдаушы ағылшын тілінде оқуға тартылды.
Орталық ағымдағы жылдың 3-тоқсанында бірқатар жұмыстарды атқарды. Оқытумен қатар орталықтың айлық, жылдық жоспарына сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіледі.
5 шілде күні Тілдерді оқыту орталығында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен «Көркейе бер – Астана!» атты брейн-ринг өткізілді. Брейн-ринг «Дыбыстар сөйлейді», «Сөз шебері», «Ұйқасын тап», «Әріптер сөйлейді», «Кахот», «Ғимараттар әлемінде», «Кезбе тілші» атты кезеңдерден құралды. Қатысушылар барлық кезеңдерде тапқырлық пен шапшаңдылықтарын таныта білді. Әр кезеңнің тапсырмаларына жауапкершілікпен қарап, қойылған талап-шарттарынан сүрінбей өте алды. Ильдебаев Төлеу – І орынды, Қошқарбаева Айман – ІІ орынды, Момынжанова Ляззат – ІІІ орынды иеленді. Іс-шараға қатысушылар соңында Елордамыз Астана қаласының мерейлі тойына арнап өз тілектері мен жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік іс-шараға белсене қатысқан барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен кітаптар табыс етілді.
25 шілде күні Тілдерді оқыту орталығының жанынан ашылған «Enqlish Speakinq Club» атты ағылшын тілін оқыту клубының жас оқытушысы Эльнара Советбайқызы «Interesting Facts» (Қызықты фактілер) атты шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабақ білім беру жүйесінің жаңартылған бағдарламасы бойынша жаңа әдіс-тәсілдермен, креативті, қызықты өткізілді. Сабаққа қатысушылар мәтіндермен, анкеталық тапсырмалармен, визит карточкаларымен жұмыс жасап, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын айқын таныта білді. Сонымен қатар шеберлік сабағының әр бөлімін бекіту мақсатында түрлі деңгейде ойындар ойнатылды. Қатысушылар барлық тапсырмаларды орындау барысында тапқырлық пен шапшаңдылықтарын таныта білді. Әр кезеңнің тапсырмаларына жауапкершілікпен қарап, қойылған талап-шарттарынан сүрінбей өте алды. Атап айтқанда Мухамбетова Эльмира, Шилоносова Дарья, Амангельдинов Шерхан, Амангельдинов Алихан, Қарлықбаев Нұрсұлтан, Жасұлан Жазира, сынды тыңдаушылар өз білімдерімен ерекшеленді.
21 қыркүйек күні Тілдерді оқыту орталығы Бесқарағай ауданының 90 жылдық мерейтойына және Қазақстан Халқы тілдері күнін мерекелеуге арналған «Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалы қызметкерлерінің арасында «Біз латын әліпбиіне көшуді бастаймыз» атты тақырыптық ойынын өткізді.
Тақырыптық ойын «Көршінің портретін салу», «Кім жылдам», «Тапқырлық», «Сергіту сәті», «Эстафета», «Сөзтуым», «Кахот» атты кезеңдерден құралды. Қатысушылар барлық кезеңдерде тапқырлық пен шапшаңдылықтарын таныта білді. Әр кезеңнің тапсырмаларына жауапкершілікпен қарап, қойылған талап-шарттарынан сүрінбей өте алды. Қатысушылар 2 топқа бөлініп, жарысқа түсті. Іс-шараға қатысушылар соңында ауданымыздың мерейлі тойына арнап өз тілектері мен жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік іс-шараға белсене қатысқан барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен ынталандыру табыс етілді.
05 қазан күні Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының бастамасымен және Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен аудандық кітапхананың онлайн орталығында мемлекеттік қызмет көрсету орындарының қызметкерлері арасында «Жаңа әліпбимен - жаңа белеске» атты онлайн режимінде жаппай диктант өткізілді. Диктанттың мақсаты – латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиді көпшілікке таныту болды. Жалпы диктант жазуға – 40 минут уақыт, өзін-өзі тексеруге 5 минут уақыт берілді. Диктантқа Бесқарағай ауданы бойынша 30 қызметкер бір адамдай қатысып, ұйымшылдықтарын көрсетті. Нәтижесі электрондық пошта арқылы ШҚО лингвистикалық оқыту орталығына жіберілді.
Тыңдаушылардың сабаққа қатысуы мен білім сапасы, өткізілген іс-шаралары бойынша жұмыстар аса жауапкершілікпен жүргізіледі. Ол жөнінде тілдік ахуалды үнемі назарда ұстау мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы «Бесқарағай тынысы» аудандық газетіне, «Семей таңы» қалалық газетке мақалалар жазылып, аудан әкімінің сайтына отырғызылып тұрады.

Тілдерді оқыту орталығы

Тілдерді оқыту орталығы

Тілдерді оқыту орталығы

Тілдерді оқыту орталығы

Тілдерді оқыту орталығы

Тілдерді оқыту орталығының директоры А.Аменова

 

Аудандық Тілдерді оқыту орталығы нің 2018 жылғы І жартыжылдықта атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2018 жылдың 15 ақпаны күні ауданның орталық алаңында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына арналған іс-шара өткізіліп, оған жауынгер-интернационалистер, мекемелер мен ұйымдардың басшылары мен ұжымдар, сонымен қатар тұрғындар қатысты.
Ағымдағы жылдың 16 ақпанында аудан орталығының алаңында аудандық Достық үйі және славян этномәдени бірлестігімен ұйымдастырылған «Кең Масленица!» атты халық серуені өтті.
2018 жылдың 18 ақпан күні Бесқарағай аудандық Тілдерді оқыту орталығы нде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ертіс концерт» гала-концерті өтті
2018 жылғы 1 наурыз күні аудандық Тілдерді оқыту орталығы нде Алғыс күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
2018 жылғы 7 наурыз күні аудандық Тілдерді оқыту орталығы нде Астананың 20 жылдығы аясында 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
2018 жылдың 22 наурызы күні Бесқарағай ауылының орталық алаңыңда Наурыз мейрамына арналған «Кел, төрле, мейірлі Наурыз!» атты аудандық іс-шара өткізілді.
Ағымдағы жылдың 22 наурызы күні аудандық Тілдерді оқыту орталығы нде «Бірлік жұлдыздары» концерттік тобының концерттік бағдарламасы өтті.
28 сәуір күні Бесқарағай аудандық Тілдерді оқыту орталығы нде Курчатов қаласының мәдениет мекемелерінің концерттік бағдарламасы өтті.
2018 жылғы 7 мамыр күні аудан орталығының алаңында тыл еңбеккерлерінің, мекемелер мен ұйымдардың және аудан тұрғындарының қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
2018 жылғы 9 мамыр күні аудан орталығының алаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, мекемелер мен ұйымдардың және аудан тұрғындарының қатысуымен Ұлы Жеңістің 73-жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
2018 жылдың 23-27 мамыр күндері аралығында Өскемен қаласында Астана қаласының 20 жылдығына арналған облыс әкімінің жүлдесі үшін өткізілген ХХІ-ші Ұлттық спорт ойындары аясындағы «Қазақтың киіз үйі» облыстық фестиваліне Бесқарағай ауданы қатысты.
2018 жылдың 4 маусымы күні Бесқарағай ауылының орталық алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Ту, Елтаңба, Әнұран – тірегіміз, Туған ел деп соғады жүрегіміз» атты патриоттық іс-шарасы өткізілді.
Ағымдағы жылдың 22 маусымы күні Бесқарағай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

 

«Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы» КММ
2018 жылғы ІІ тоқсанынында атқарған жұмыстары туралы
Ақпарат

Тілдерді оқыту орталығы 2008 жылдың 15 сәуір айынан қызмет атқарып келеді. Орталықтың негізгі мақсаты – жергілікті органдардың мемлекеттік қызметшілері мен басқа да санаттағы азаматтарды мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту, аударма жұмыстарын жүргізу, Тіл саясатын жүзеге асыру бағытында әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру.
2017-2018 оқу жылында мемлекеттік тілді оқуға 110 тыңдаушы қамтылса, оның ішінде: 24 – мемлекеттік қызметші, 86 - басқа да санаттағылар, 36 тыңдаушы ағылшын тілінде оқып шықты.
Орталық ағымдағы жылдың 2-тоқсанында бірқатар жұмыстарды атқарды. Оқытумен қатар орталықтың айлық, жылдық жоспарына сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіледі.
10 сәуір күні «Шығыстың ұлы тұлғалары» атты облыстық айлық шеңберінде мемлекеттік және басқа да санаттағы қызметшілер арасында «Мемлекеттік қызметтегі тіл шеберлері - 2018» атты аудандық сайысын өткізді. Сайысқа ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен – Тайгожина Маржан, ветеринария бөлімінен – Жақиянов Аслан, ХҚКО –ның мамандары – Асқарбеков Қымбат пен Қожахметова Зарина, ТҮКШ бөлімінен – Ильяшева Толғанай қатысты. Конкурс «Жазба тіл шебері», «Сөз шебері», «Қиыннан қиыстырар ер данасы» кезеңдерінен құралды. Қатысушылар орыс тілінде және қазақ тілінде дайындалған құжаттардан үзінділерді аудару жұмысы ұсынылды. Жұмысты орындау кезінде ресми стиль, термин сөздерді орынды пайдалану шеберлігі бағаланды. Сондай – ақ, қызметшілерге өз салаларына байланысты жағдаяттық тапсырмаларға көпшілік алдында сұрақтарға әдеп сақтай отырып, жауап қайтара білді. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген сайысқа қатысушыларға мақтау қағаздары табыс етілді.
12 сәуір күні оқыту орталығы аудандық орталық кітапхана ұжымымен бірлесе отырып, «Шығыстың ұлы тұлғалары» атты облыстық айлық шеңберінде «Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке – 100 жыл» атты іс-шарасын өткізді. Іс-шараға орталық тыңдаушылары және Бесқарағай колледжінің мұғалімдері мен студенттері қатысты. Іс-шара Қасым Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығы туралы кітап көрмесімен басталып, презентация түрінде берілді. Презентациямен кітапханашы Айтолқын Ерғалиқызы таныстырды. Сондай – ақ, тыңдаушыларға айлықтың мақсаты: халықта есімдері кеңінен тараған шығыстың ұлы тұлғаларын ұлықтау, зерделеу және насихаттау екенін айтып, кітапшалар таратылды. Кейін тыңдаушылар арасында «kahoot.it» сайты арқылы жасалған викториналық ойын өткізді. Ойынға қатысушылар құрастырылған сұрақтар бойынша жеке ұялы телефондары арқылы дұрыс жауаптарын белгіледі. Шығыстың батыр тұлғасы Қасым Қайсеновтің өмірімен танысқан тыңдаушылар риза болды.
23 сәуір күні Семей қаласында Медициналық Академиясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Ұлттық тестілеу орталығымен ШҚО лингвистикалық орталығы бірлесе отырып, мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде сертификаттық және диагностикалық тестілеу өткізді. Тестілеуге ауданның мекемелері мен ұйымдарынан мемлекеттік және азаматтық қызметшілер (А1, А2, В1 деңгей тыңдаушылары) сертификаттық тестілеуден – 13 адам, диагностикалық тестілеуден – 12 адам қатысты. Тестілеуді Астана қаласының Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік тілді дамыту басқармасының сарапшысы қабылдады. Тест қорытындысы мен қатысушылардың деңгейін анықтау Астана қаласының Ұлттық тестілеу орталығына жіберілгеннен кейін 1 аптадан соң белгілі болады.
16 мамыр күні Тілдерді оқыту орталығы «Шығыстың ұлы тұлғалары» атты айлық шеңберінде Еңлік-Кебек дастанының сюжеті бойынша «Махаббат пен жаза» тақырыбында пікірталас өткізді. Оған орталық тыңдаушылары мен мекемелер мен ұйымдардан қызметкерлер қатысты. Іс – шара Шәкәрімнің балалық, жастық шағы көрсетілген видеомен басталып, 3 сынып оқушысы Марат Нұралі жеті жасар Шәкәрімнің өзі шығарған өлеңін жатқа айтып берді. Келесі кезекте орталықтың оқытушысы Толқын Төлеубайқызы «Жастарға» атты өлеңін оқып, «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін жанды дауыста орындап шықты. Іс-шараға қатысушылар махаббат тақырыбында өз ойларын білдіріп, жақсы қарым – қатынасқа түсті. Пікірталас соңында «Қызықты алтылық» ойыны ойнатылып, «Анадан алғаш туғанда» әні шырқалды. Барлық қатысушыларға сыйлықтар мен грамоталар берілді.
21 мамыр күні тыңдаушылар арасында ағылшын тілінде «English – speaking countries» ойын – викторинасы өткізілді. Оқытудың жаңа түрлері еркін және психологиялық түрде дайындалған тілдік атмосфера туғызып, тыңдаушылардың жеке мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасады. Тыңдаушылар өздерінің білімдерін, дағдылары мен ептіліктерін қолдануға қосымша мүмкіндік алып, басқа елдерді тану мақсатында жаңа білім ала алды. Осындай өткізілген іс-шаралар тәжірибе жүзінде ағылшын тілін үйренуде өздерінің білімдері мен ынта-жігерлерін тексеруге жол бар.
14 маусымы күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобаларын жүзеге асыру бойынша облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің бастамасымен, аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Дәулет Бахитұлы Батырбаевтың қолдауымен, Тілдерді оқыту орталығының жанынан «Ағылшын тілін оқыту клубы» ашылды. Аталған іс-шараның тұсаукесеріне «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан Облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханұлы Мұхтарханов қатысты. Клуб - қатысушылардың тілге деген қызығушылықтарын ояту мақсатында құрылды. Алғашқы сабаққа клуб мүшелері ретінде ауданның мемлекеттік қызметшілері, аудан жастары, колледж мұғалімдері мен студенттері қатысты. Сабақты АҚШ Питтсбург мемлекеттік университетінде білім алған Эльнара Советбайқызы ойын – тренинг түрінде таныстыру сабағын өткізді. Клуб мүшелері сабақта белсенділік танытып, ерікті түрде курсқа жазылды. Бір айлық курс тегін оқытылып, сертификат табыс етіледі.
29 маусым күні Борас орта мектеп – бақшасының акт залында мемлекеттік және ағылшын тілдерін меңгерген тыңдаушыларға салтанатты түрде сертификат табыстау рәсімі өткізді. Жиынға ауылдық округтерден, мекемелер мен ұйымдардан мемлекеттік қызметшілер мен басқа да санаттағы азаматтар қатысты. Жиынға аудандық Мәслихат хатшысы Қайырбек Қажыбайұлы Садықов, Бесқарағай ауылдық округінің әкімі Рауан Болатұлы Байғабылов, Ішкі саясат мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асемгуль Мадениетовна Қалтаева, аудандық Мәслихат депутаты, Достық үйінің директоры Мейрамгуль Рысбекқызы Абылғазинова құрметті қонақ ретінде шақырылды. Мемлекеттік тілді игерген А1, А2, В1 деңгейдің тыңдаушылары мен ағылшын тілін оқыған бастауыш және жалғастырушы деңгейдің тыңдаушыларына салтанатты түрде сертификаттар табысталды. Сондай – ақ, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырған тыңдаушыларға Республикалық үлгідегі сертификаттар берілді. Жыл бойы тілді меңгеруде белсенділік танытқан тыңдаушыларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді. Тыңдаушыларды аудандық Тілдерді оқыту орталығы нің әртістері әнмен шашу шашып, аудиторияға жағымды көңіл – күй сыйлады.
Тыңдаушылардың сабаққа қатысуы мен білім сапасы, өткізілген іс-шаралары бойынша жұмыстар аса жауапкершілікпен жүргізіледі. Ол жөнінде тілдік ахуалды үнемі назарда ұстау мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы «Бесқарағай тынысы» аудандық газетіне, «Семей таңы» қалалық газетке мақалалар жазылып, аудан әкімінің сайтына отырғызылып тұрады.

Тілдерді оқыту орталығының директоры А.Аменова

 

«Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы» КММ
2018 жылдың І тоқсанынында атқарған
жұмыстары туралы ақпарат

Тілдерді оқыту орталығы 2008 жылдың 15 сәуір айынан қызмет атқарып келеді. Орталықтың негізгі мақсаты – жергілікті органдардың мемлекеттік қызметшілері мен басқа да санаттағы азаматтарды мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту, аударма жұмыстарын жүргізу, Тіл саясатын жүзеге асыру бағытында әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру.
2017-2018 оқу жылында мемлекеттік тілді оқуға 110 тыңдаушы қамтылса, оның ішінде: 24 – мемлекеттік қызметші, 86 - басқа да санаттағылар, 36 тыңдаушы ағылшын тілінде оқып жатыр.
Орталық ағымдағы жылдың 1-тоқсанында бірқатар жұмыстарды атқарды. Оқытумен қатар орталықтың айлық, жылдық жоспарына сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіледі.
2018 жылғы 15-19 қаңтар аралығында Тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік тілді оқитын мемлекеттік қызметшілер мен басқа да санаттағы тыңдаушылар арасында мемлекеттік тілді оқыту бойынша жоспарға сай аралық сынақ алынды. Сынақ ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде жасалып, қарапайым А1, базалық А2, тереңдетілген В1 деңгейлері бойынша тыңдаушылар өз білімдерін сынады. Аралық сынаққа ауданның мекемелері мен ұйымдарынан, ауылдық округтерден қызметкерлер қатысты. Сынақ ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 5 бөліктен (тыңдалым, лексика-грамматикалық, оқылым, жазылым, сөйлесім) құралды. Аталған аралық сынақтың қорытындысы 75 пайыз болды.
21 ақпан күні орталық ұжымы жалпы білім беретін орыс және аралас мектептердің үйірме жетекшілерімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Латын қарпіне көшу - болашақтың бағдары» атты аудандық конференциясын өткізді. Конференцияға ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.М.Қалтаева, Ү-Владимировка орта мектебінің тарих мұғалімі Н.Ж.Жұманбаев шақырылып, «Латын әліпбиіне көшу» мәселелері төңірегінде ой өрбітті. Орталық директоры Ү.Қ.Мирашева, мұғалім Т.Т.Утепова баяндама оқып, әдіскер А.Ә.Әменова латыншаға үйретуде қолдануға болатын бірнеше әдіс-тәсілдермен бөлісті. Сонымен қатар Глуховка орта мектебінен – Ж.Серікқызы, Канонерка орта мектебінен – Ә.Жітібаева, Н-Баймұратов орта мектебінен – М.Кунгазина, Белокаменка орта мектебінен – А.Ж.Батишевалар баяндама оқып, латын қаріпін үйретудің тиімді жақтарын бірге талқылап, қолдау көрсететіндерін айтты.
Ал 13 наурыз күні «22 Наурыз» мейрамы қарсаңында «Қамқорлық күніне» орай округтің бекіткен еңбек ардагерлері Ислямова Низикуль мен Набродова Валентина Афанасьевнаға құттықтаумен барды. Жыл сайын оқыту орталығының қызметкерлері қарттарды «Жеңіс күнімен», «Қарттар күнімен» құттықтап, үйіне барып, сыйлықтар табыс етеді. Бүгінде қарттарға қамқорлық көрсету мақсатында шағын сыйлықтар берілді. Қарттар өздерінің ризашылықтарын білдіріп, жақсы тілектер тілеп, рақметтерін айтты.
16 наурыз күні орталықтың ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдерінің арасында Ұлыстың Ұлы күні «22 наурыз» күнін мерекелеу қарсаңында «Тіл - парасат» атты аудандық байқауын өткізді. Байқау «Таныстыру», «Жамбы ату», «Ою-өрнек құрау», «Орамал тастау», «Үй тапсырмасы» кезеңдерінен құралды. Байқауға 10 қатысушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар «Таныстыру» кезеңінде өздерін таныстырумен бастады. «Жамбы ату» кезеңінде қатысушылар нысананы көздеу арқылы өздеріне берілген сөздердің баламасын 1 минут ішінде тауып айтты. Бұл кезеңде ең көп сөзді қорыжынына Надырбекова Ксения мен Хасанова Анна жинады. Ал «Ою-өрнекте» қиылған оюлардан пазл құрап, Наурызға арналған тілектерін оқыды. «Орамал тастау» кезеңінде Мақсұтова Марина жеңімпаз атанды. Байқауда ұлттық тағамдарға байланысты «Лоторея» ойнатылып, лоторея жүлдесі Голяндина Юляға бұйырды. «Үй тапсырмасында» барлық қатысушылар барынша өнерлерін ортаға салып, бірінен-бірі өтті. Соның ішінде Мақсұтова Марина қазақтың ұлттық тағамдары – бешбармақ, бауырсақ, жент, «Наурызкөже» жасап, ортаға ұсынды. Бірінші орынды – Надырбекова Ксения (Бесқарағай колледжі), екінші орынды – Мақсұтова Марина (Аудан әкімінің аппараты), үшінші орынды – Кривошлыкова Татьяна (М-Владимировка ауылдық округі) иеленді. Байқаудың соңы сыйлықтар мен мақтау қағаздарының табыс етілуімен аяқталды.
Тыңдаушылардың сабаққа қатысуы мен білім сапасы, өткізілген іс-шаралары бойынша жұмыстар аса жауапкершілікпен жүргізіледі. Ол жөнінде тілдік ахуалды үнемі назарда ұстау мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы «Бесқарағай тынысы» аудандық газетіне, «Семей таңы» қалалық газетке мақалалар жазылып, аудан әкімінің сайтына отырғызылып тұрады.

Тілдерді оқыту орталығының директоры Ү.Қ.Мирашева

 

 

 

Mұрағат

2017 жыла  
2016 жыла  
2015 жыла  
2014 жыла  
2013 жыла *. doc,74 Кб

 

Парақтар өзгертілді: 15-01-2019