"Шығыс Қазақстан облысы Ерназар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Сапарова Асия АсаиновнаСапарова Асия Асаиновна- Ерназар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.
24.05.1970  жылы Бесқарағай ауданы Сосновка ауылында дүниеге келген. Сосновка орта мектебін тәмәмдағаннан кейін Семей қаласындағы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне оқуға түсті. 1999 жылы Мұғалім - әдіскер мамандығы бойынша «Семей» Мемлекеттік Университетінің жоғары білімін бітірді. 1989-1995 жылдар аралғында Сосновка орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 1995 жылдан бастап Сосновка орта мектебінің тәрбие меңгерушісі болып жұмыс атқарды, 2010 жылдан  2017 жылғы тамыз айына дейін Сосновка орта мектебінің  директоры. 2017 жылғы тамыз айынан бастап  Ерназар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.

Міндеттері: Қабылданған шешімдерді орындалу барысына бақылау жасау, Олардың орындалу барысын қадағалау және бағалау. Басшылық жасайтын мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық етеді. Кәсіпкерлік қызметін дамыту, шаруа (фермерлік) қожалықтарды ұйымдастыруға жәрдемдесу, өзінің құзыретінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру. Бюджетке салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу. Әкімшісі аудан әкімі аппараты болып келетін, бюджеттік бағдарламаларды өңдеу, сәйкес келетін мәслихатта бекіту үшін жоғарғы әкімдікте енгізу. Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ аудан маңызындағы ауылдық округтері, кенттерінде автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңарту, жөңдеу және ұстау. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау. Өзінің құзыреті шеңберінде әскери міндеттері және әскери қызметі, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы туралы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Әділет органы жоқ аймақтарда нотариалдық іс-қимылдардың іске асырылуын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының көрсетілген заңнама тәртібінде азаматтық хал актілерін тіркеу. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізумен, аз қамтылғандарды анықтау, жалғыз басты азаматтарды және үйде тәрбиеленетін еңбекке жарамсыз азаматтарға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру. Қажеттілікке байланысты, дәрігерлік көмек көрсететін, денсаулық сақтаудың жақын орналасқан ұйымға дейін науқастарды жеткізуді ұйымдастыруға медициналық көмек көрсету. Шаруашылық статистика есебін жүзеге асыру. Жергілікті бюджетті бекіту кезінде (анықтау) аудандық мәслихат сессиясының жұмысына қатысу. Мектепке дейінгі тәрбилеу және оқу ұйымдардың, мәдениет мекемелердің қызметін қамтамасыз ету. Өзінің құзыреті шеңберінде елді мекендерді сумен жабдықтау және суды пайдалану мәселелерін қадағалау, елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысты, бейіттерді және басқа да жерлеу орындардың тиісті жағдайларын ұстау бойынша қоғамдық жұмыстары және баспанасыз қалған азаматтарды жерлеу.

Заңды мекен-жайы:
070308 Шығыс Қазақстан облысы
Бесқарағай ауданы Ерназар ауылы
Ленина көшесі 107 үй
тел: 8 72236 2 2344, 8 72236 22347
факс: : 8 72236 22344

Е-mail  akimaternazar@mail.kz

Қабылдау уақыты: сәрсенбі күні сағат 10-00 ден 13-00 ге дейін, бейсенбі күні сағат 14-00 ден 17-00 ге дейін.

Парақтар өзгертілді: 10-11-2017