«Шығыс Қазақстан облысы  Басколь ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіі

Табылдин Магжан Еренгайпович Табылдин Магжан Еренгайпович- Баскөл ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы.
1990 жылы 29 желтоқсанда Семей облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылында туған, Ұлты қазақ, білімі жоғары, 2012 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті «қазақ тілі мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.
2010 жылы еңбекті жолы Бесқарағай ауданы Мостик орта мектебі тәрбие жөніндегі директорының орынбасары қызметінен бастады.
2012-2017 жылдар аралығында Бесқарағай ауданы жастар орталығы директоры болып қызмет атқарды. 2016 жылдан аудандық мәслихат депутаты. 2017 жылғы тамыз айынан бастап Баскөл ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы.

Міндеттері: Қабылданған шешімдерді орындалу барысына бақылау жасау, Олардың орындалу барысын қадағалау және бағалау. Басшылық жасайтын мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық етеді. Кәсіпкерлік қызметін дамыту, шаруа (фермерлік) қожалықтарды ұйымдастыруға жәрдемдесу, өзінің құзыретінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру. Бюджетке салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу. Әкімшісі аудан әкімі аппараты болып келетін, бюджеттік бағдарламаларды өңдеу, сәйкес келетін мәслихатта бекіту үшін жоғарғы әкімдікте енгізу. Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ аудан маңызындағы ауылдық округтері, кенттерінде автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңарту, жөңдеу және ұстау. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау. Өзінің құзыреті шеңберінде әскери міндеттері және әскери қызметі, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы туралы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Әділет органы жоқ аймақтарда нотариалдық іс-қимылдардың іске асырылуын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының көрсетілген заңнама тәртібінде азаматтық хал актілерін тіркеу. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізумен, аз қамтылғандарды анықтау, жалғыз басты азаматтарды және үйде тәрбиеленетін еңбекке жарамсыз азаматтарға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру. Қажеттілікке байланысты, дәрігерлік көмек көрсететін, денсаулық сақтаудың жақын орналасқан ұйымға дейін науқастарды жеткізуді ұйымдастыруға медициналық көмек көрсету. Шаруашылық статистика есебін жүзеге асыру. Жергілікті бюджетті бекіту кезінде (анықтау) аудандық мәслихат сессиясының жұмысына қатысу. Мектепке дейінгі тәрбилеу және оқу ұйымдардың, мәдениет мекемелердің қызметін қамтамасыз ету. Өзінің құзыреті шеңберінде елді мекендерді сумен жабдықтау және суды пайдалану мәселелерін қадағалау, елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысты,  бейіттерді және басқа да жерлеу орындардың тиісті жағдайларын ұстау бойынша қоғамдық жұмыстары және баспанасыз қалған азаматтарды жерлеу.

Заңды мекен-жайы:
070305 Шығыс Қазақстан облысы
Бесқарағай ауданы Қарағайлы ауылы
тел: 8 72236 92534
факс: 8 72236 92534
Е-mail   akimatn@mail.ru  

Қабылдау уақыты: дүйсенбі күні сағат 10-00 ден 13-00 ке дейін.

 

Хабарландыру

Баскөл ауылдық округінің әкімі жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері жүргізеді. Қабылдауға алдын ала жазылу 8 (72236) 92544 телефон нөмірі арқылы жүргізіледі.

М.Табылдин, Баскөл ауылдық округі әкімінің м.а.

Парақтар өзгертілді: 19-10-2017