«Шығыс Қазақстан облысы Долон ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Абдрахманов Нурлыбек Маратович Долон ауылдық округінің әкімі - Абдрахманов  Нурлыбек Маратович

1985 жылы  25 қыркүйекте Семей облысы Семей қаласында дүиеге келді.Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2013 жылы Павлодар Инновациялық Еуразия университетін «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірді, еңбек жолын 2004 жылы аудандық аумақтық АШМ басқармасының тұқым шаруашылығы инспекторы болып бастады, 2015 жылғы сәуірден қараша айына дейін аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. Аудандық аумақтық комиссияның 2015 жылғы 11 қарашадағы шешімінің негізінде, аудан әкімінің 2015 жылғы 11 қарашадағы №32-1 ж/қ өкімімен Долон ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

Міндеттері: Қабылданған шешімдерді орындалу барысына бақылау жасау, Олардың орындалу барысын қадағалау және бағалау. Басшылық жасайтын мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық етеді. Кәсіпкерлік қызметін дамыту, шаруа (фермерлік) қожалықтарды ұйымдастыруға жәрдемдесу, өзінің құзыретінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру. Бюджетке салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу. Әкімшісі аудан әкімі аппараты болып келетін, бюджеттік бағдарламаларды өңдеу, сәйкес келетін мәслихатта бекіту үшін жоғарғы әкімдікте енгізу. Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылдық округтердің автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңарту, жөңдеу және ұстау. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау. Өзінің құзыреті шеңберінде әскери міндеттері және әскери қызметі, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы туралы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізумен, аз қамтылғандарды анықтау, жалғыз басты азаматтарды және үйде тәрбиеленетін еңбекке жарамсыз азаматтарға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру. Қажеттілікке байланысты, дәрігерлік көмек көрсететін, денсаулық сақтаудың жақын орналасқан ұйымға дейін науқастарды жеткізуді ұйымдастыруға медициналық көмек көрсету. Шаруашылық статистика есебін жүзеге асыру. Жергілікті бюджетті бекіту кезінде (анықтау) аудандық мәслихат сессиясының жұмысына қатысу. Мектепке дейінгі тәрбилеу және оқу ұйымдардың, мәдениет мекемелердің қызметін қамтамасыз ету. Өзінің құзыреті шеңберінде елді мекендерді сумен жабдықтау және суды пайдалану мәселелерін қадағалау, елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысты,  бейіттерді және басқа да жерлеу орындардың тиісті жағдайларын ұстау бойынша қоғамдық жұмыстары және баспанасыз қалған азаматтарды жерлеу.

Заңды мекен-жайы:
070302 Шығыс Қазақстан облысы
Бесқарағай ауданы Долон ауылы
Абая көшесі 11 үй
Тел: 8 72236 2 31 49 Факс: 8 72236 2 31 51
Е-mail  akimat_dolon@mail.kz



Қабылдау уақыты: дүйсенбі күні сағат 9-00-ден 13-00 ге дейін.

Долон ауылдық округінде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру

Құрметті округ тұрғындары! Долон ауылдық округінің әкімі Н.М.Абдрахмановтың 2017 жылғы 11 қазан күні № 39 өкімі бойынша ауылдық округ әкімнің жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды алдын ала жазуға жауапты болып бас маман С.Н. Ибраева еңбек демалысы аяқталғанға дейін округтің бас маманы Г.М. Шаяхметоваға жүктелді.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша 23149, 23151 телефондары арқылы хабарласуларыңызға болады.

Долон ауылдық округінің әкімі Н.Абдрахманов

Парақтар өзгертілді: 10-11-2017