«Шығыс Қазақстан облысы Малая Владимировка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Слоницкий Юрий Алексеевич

Слоницкий Юрий Алексеевич - М-Владимировка ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы.
Семей облысы Бесқарағай ауданының Семеновка ауылында 1961 жылы 8 қарашада  дүниеге келді. Ұлты - орыс. Білімі - жоғары. 1984 жылы Семей зоотехника-ветеринариялық институтының «зооинженер» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1978-1979 ж.ж. «Семеновский» совхозында слесарь болып бастады.  №2 «Семеновский» совхозының бөлімшесінде зоотехник (1984-1985 ж..ж.), совхоздың комсомол комитетінің хатшысы (1985ж.), комсомол комитетінің екінші хатшысы (1985-1988 ж.ж.), комсомол комитетінің бірінші хатшысы (1988-1990 ж.ж.),  «Березовский» совхозында жем өндіру жөніндегі директорының орынбасары (1990-1993 ж.ж.), «Березовский» совхозының бас зоотехнигі (1993-1995 ж.ж.),  «Бурасинское» коммуналдық кәсіпорынының экономисті (1995-1996 ж.ж.),  «Восход» шаруа қожалығында жұмысшы (1996-1998 ж.ж.), «Диана-1» шаруа қожалығының меңгерушісі (1998-2009 ж.ж.),  Бесқарағай аудандық мәслихатының ревизиялық комиссиясының төрағасы (2009-2011 ж.ж.),  Бесқарағай ауылдық округі әкімінің аппаратының жетекші маманы (2011-2013 ж.ж.).  2013 жылғы қазан айынан 2017 жылғы тамыз айына дейін М-Владимировка ауылдық округінің әкімі. 2017 жылғы тамыз айына бастап М-Владимировка ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы.

Міндеттері: Қабылданған шешімдерді орындалу барысына бақылау жасау, Олардың орындалу барысын қадағалау және бағалау. Басшылық жасайтын мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық етеді. Кәсіпкерлік қызметін дамыту, шаруа (фермерлік) қожалықтарды ұйымдастыруға жәрдемдесу, өзінің құзыретінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру. Бюджетке салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу. Әкімшісі аудан әкімі аппараты болып келетін, бюджеттік бағдарламаларды өңдеу, сәйкес келетін мәслихатта бекіту үшін жоғарғы әкімдікте енгізу. Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ аудан маңызындағы ауылдық округтері, кенттерінде автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңарту, жөңдеу және ұстау. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау. Өзінің құзыреті шеңберінде әскери міндеттері және әскери қызметі, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы туралы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Әділет органы жоқ аймақтарда нотариалдық іс-қимылдардың іске асырылуын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының көрсетілген заңнама тәртібінде азаматтық хал актілерін тіркеу. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізумен, аз қамтылғандарды анықтау, жалғыз басты азаматтарды және үйде тәрбиеленетін еңбекке жарамсыз азаматтарға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру. Қажеттілікке байланысты, дәрігерлік көмек көрсететін, денсаулық сақтаудың жақын орналасқан ұйымға дейін науқастарды жеткізуді ұйымдастыруға медициналық көмек көрсету. Шаруашылық статистика есебін жүзеге асыру. Жергілікті бюджетті бекіту кезінде (анықтау) аудандық мәслихат сессиясының жұмысына қатысу. Мектепке дейінгі тәрбилеу және оқу ұйымдардың, мәдениет мекемелердің қызметін қамтамасыз ету. Өзінің құзыреті шеңберінде елді мекендерді сумен жабдықтау және суды пайдалану мәселелерін қадағалау, елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысты, бейіттерді және басқа да жерлеу орындардың тиісті жағдайларын ұстау бойынша қоғамдық жұмыстары және баспанасыз қалған азаматтарды жерлеу.

Заңды мекен-жайы:
070304 Шығыс Қазақстан облысы
Бесқарағай ауданы Кіші-Владимировка ауылы
Горький көшесі 18 үй
тел: 8 72236 92147
факс: 8 72236 92147
Е-mail   mvladimirovka@mail.kz
Қабылдау уақыты: дүйсенбі және бейсенбі күндері сағат 14-00 ден 18-00 ге дейін.

М-Владимировка ауылдық округінің әкімі жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері қабылдайды. Қабылдауға алдын ала жазылуы 8 (72236) 92147 нөмірі арқылы жүргізіледі.
Ю.Слоницкий, М-Владимировка ауылдық округі әкімі

Парақтар өзгертілді: 10-11-2017