«Шығыс Қазақстан облысы Канонерка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Болысбеков Орынбек Балтабекович Болысбеков Орынбек Балтабекұлы - Канонерка ауылдық округі әкімі

Білімі
1984 жылы 9 ақпанда  Шығыс Қазақстан облысы, Шар ауданы, Шар ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – екі жоғары білімі бар. 2005 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Психология» мамандығы бойынша, 2013 жылы Семей «Қайнар» университетінің «Заңгер» мамандығы бойынша тәмәмдады.  

Мансабы
Еңбек жолын 2005 жылы - Ү-Владимировка орта мектебінде психология пәнінің мұғалімі болып бастады, 2006 жылғы маусым айынан 2011 жылғы қаңтар айына дейін - дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, 2011 жылғы қаңтар айынан 2014 жылғы наурыз айына дейін білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, 2014 жылғы наурыз айынан 2017 жылғы тамыз айына дейін - Қарабас ауылдық округінің әкімі, 2017 жылғы тамыз айынан 2018 жылғы наурыз айына дейін - білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, 2018 жылғы наурыз айынан 2019 жылғы желтоқсан айына дейін дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы. 2020 жылғы 6 қаңтардан бастап - Канонерка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы. 

Лауазымдық міндеттері:
Қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылау. Олардың орындалу барысын бағалау және реттеу. Қарамағындағы мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық ету. Мемлекеттік органның қызметін басқару. Азаматтардан келіп түскен арыздарды, өтініштерді және шағымдарды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау шарасын қабылдау. Бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді жинауда қолдау көрсету. Бюджеттің кіріс бөлігіндегі салықтардың түрі бойынша (заңды және жеке тұлғалардың көлік құралына салық, заңды тұлғалардан алынатын жер салығы, жеке тұлғалардан алынатын жер салығы, жеке тұлғалардың мүлік салығы, жеке табысқа салынбайтын салық көзі) салық жинау жұмыстарын жүргізу және бақылау. Әкім аппаратының әкімшісі болып табылатын, жоғары тұрған әкімдікке маслихаттың бекітуіне арналған бюджеттік бағдарламаларды енгізеді және әзірлейді. Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде әкім аппараты әкімшісі болып табылатын құрамында аудан бюджетінің көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру бойынша жергілікті қоғамдастық жиналыс талқылауына ұсыныстар шығарады. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президент актілерінің, заңдарын, Қазақстан Республикасының нормаларын заңды тұлғалармен және азаматтармен орындауға жәрдемдесу. Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру. Ауылдық округі елді - мекендерде автомобиль жолдарын күтіп ұстауға, сондай – ақ салу, қайта жаңарту және жөндеуге, ауыл округінің коммуналдық тұрғын үй қорын сақтауды қамтамасыз ету. Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдесу. Өзінің құзыреті шеңберінде әскери міндетті және әскери қызметін, азаматтық қорғанысы, сондай –ақ жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын қамтамасыз етіп, ұйымдастыру. Өзінің функционалдық міндеттері бойынша халықтың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу, ТЖ болдырмаудың алдын алу және жою жұмыстарын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасы тәртібінде азаматтық жағдайлар актілерін тіркеу, әділет органдары ауылдық округі әкімі жоқ жерлерде нотариалдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті ауылдық округі әкімі, жұмыспен қамту органдары жоқ жерлерде жұмыссыздарды белгілеу. Тарихи және мәдени жәдігерлер сақтау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру. Табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту туралы ұсыныстар енгізу, жалғыз басты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету,оларға қайырымдылық көмек көрсетуді, қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету. Мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастыру. Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізу және ұйымдастыру. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мәдени – бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру. Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру. Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу. «Алтын алқа» алқасымен марапатталған аналарға тұрғын – үй бөлуге жәрдемдесу. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыруға, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу. Медициналық және дәрігерлік көмек көрсетуге шұғыл қажет болған жағдайда науқастарды денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізуді ұйымдастыру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде өзін – өзі басқару органдарымен жергілікті қоғамдастық жиындарын және сайлау жиналысын жүргізу. Шаруашылық есебін жүргізу. Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысу. Ауылдық округі аумағында мәдениет мекемелерінде мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға және су пайдалану мәселелерін реттеу. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру. Зиратты және басқа да адамды жерлеу орындарын ұстау бойынша туысқансыз адамдарды жерлеу және қоғамдық жұмыстары бойынша мәселелерді ұйымдастыру. Мал бағу жұмыстарын ұйымдастыру. Кәсіпқой емес медиаторлардың тізімін жүргізу. Көпшілік демалатын орындарда және адамдардың жеке тұрғылықты жері бойынша спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау. Өз құзыреті шегінде ауылдық жерлерден оқушыларды мектепке дейін және кері тегін жеткізіп салуды ұйымдастыруға сондай-ақ аудандық атқарушы органға көлік қатынасы орталығымен ұсыныстарды енгізуді ұйымдастыру. Аудандық коммуналдық мүлікті жалдауға (жалға беруге) жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатып алу құқығынсыз басқаруына берілген; бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарына берілген міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін және қызметінің басым бағыттарын айқындау. Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету. Заңды тұлғалармен аудандық коммуналдықты басқаруға берілгенді жүзеге асыру. Жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, аудандық коммуналдық кәсіпорынға басқаруға берілген жылдық қаржылық есебін келісу. Коммуналдық қазыналық кәсіпорындарына басқаруға берілген өндірілетін және сатылатын, (жұмыстар, қызметтер) бағаларын белгілеу. Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне берілген жеке қаржыландыру жоспарларын бекітуге; кіріс көздерін қалыптастыру. Әкімдермен жергілікті өзін – өзі басқаруға жіберілген функцияларын жүзеге асыруға, ақшаны есепке аударуға арналған, орталық уәкілетті органда өзін – өзі жергілікті басқару бойынша бюджеттегі қолма – қол ақшаны бақылау. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару заңнамасында көзделген, бюджет қаражатын үнемдеу немесе түсімдер есебінен еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылдау. Жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілген соң жергілікті өзін – өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын бекіту. Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес олардың қарауында қалған, мемлекеттік мекемелердің (жұмыстарды, қызметтерді) тауарлардан түскен ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын жасауды және бекітуді іске асыру. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округінің тұрғын үй қорының түгендеуін жүргізу. Аудан әкімінің және жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімімен ауылдық округі елді мекендерінде авариялық тұрғын үйді бұзуды ұйымдастыру. Бағдарламалық құжаттарының мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде ауыл тұрғындарын шағын несие алуға жәрдем көрсету. Қызметтерді алушыларға көрсетілетін қызметті алушылардың тәртібі туралы хабардар ету, қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына жауапты, ақпараттық жүйеде жұмыс, мемлекеттік қызмет көрсететін процеске қатысу және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша аудан әкімінің сайтына материалдар дайындау. Облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, аудан әкімінің тапсырмаларын орындау. ИСО менеджменті жүйесінің сәйкестігін тексеру бойынша қолдау іс-шараларын өткізу.

Заңды мекен-жайы:
070303 Шығыс Қазақстан облысы
Бесқарағай ауданы Канонерка ауылы
Ленин көшесі 36 үй
тел: 8 72236 92740
факс: 8 72236 92740
Е-mail  kanonerkaakimat@beskaragay.vko.gov.kz

Қабылдау уақыты: дүйсенбі күні 9-00 ден 13-00 ге дейін, бейсенбі күні сағат 14-00 ден 18-00 ге дейін.

Хабарландыру
Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау және алдын ала жазылу үшін Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының Канонерка ауылдық округінің әкімі аппаратында 8(72236) 9-27-40 байланыс телефоны орнатылды.
Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау және алдын-ала жазылу үшін жауапты Канонерка ауылдық округінің бас маманы А.Мусаканова болып табылады.

Парақтар өзгертілді: 13-01-2020