«Шығыс Қазақстан облысы Канонерка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ипанов Кенжегали Кунафиянович Ипанов Кенжегали Кунафиянович- Канонерка ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы.
1961 жылы 1 тамызда Семей облысы  Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында туған, Ұлты қазақ, білімі жоғары, 1988 жылы Семейдің зоотехникалық мал дәрігерлік институты «мал дәрігері» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1989 жылы Жезқазған қаласы кәсіптік техникум мұғалімінен бастады. 1989 жылдан 1993 жылға дейін Семей қаласы «Қуат» фирмасы жабдықтау бөлімі басшысы жұмыс істеді. 1997 жылдан 1998 жылға дейін Жарма ауданы Георгиевка ауылы «Ақсай» шаруа қожалығы мал дәрігері жұмыс істейді. 1998 жылдан 2003 жылға дейін Семей қаласы «Қуат» фирмасы жабдықтау бөлімі директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2007 жылдан 2003 жылға дейін Георгиевка ауылы Жарма мал дәрігерлік инспекциясы мал дәрігерлік инспекторы жұмыс істеді. 2010 жылдан 2011 жылға дейін Глуховка ауылдық округі бас маманы жұмыс істейді.
2012 жылдан Бесқарағай ауданы «Ветеринария қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директоры. 2017 жылғы тамыз айынан  бастап  Канонерка ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы.

Міндеттері: Қабылданған шешімдерді орындалу барысына бақылау жасау, Олардың орындалу барысын қадағалау және бағалау. Басшылық жасайтын мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық етеді. Кәсіпкерлік қызметін дамыту, шаруа (фермерлік) қожалықтарды ұйымдастыруға жәрдемдесу, өзінің құзыретінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру. Бюджетке салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу. Әкімшісі аудан әкімі аппараты болып келетін, бюджеттік бағдарламаларды өңдеу, сәйкес келетін мәслихатта бекіту үшін жоғарғы әкімдікте енгізу. Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ аудан маңызындағы ауылдық округтері, кенттерінде автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңарту, жөңдеу және ұстау. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау. Өзінің құзыреті шеңберінде әскери міндеттері және әскери қызметі, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы туралы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Әділет органы жоқ аймақтарда нотариалдық іс-қимылдардың іске асырылуын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының көрсетілген заңнама тәртібінде азаматтық хал актілерін тіркеу. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізумен, аз қамтылғандарды анықтау, жалғыз басты азаматтарды және үйде тәрбиеленетін еңбекке жарамсыз азаматтарға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру. Қажеттілікке байланысты, дәрігерлік көмек көрсететін, денсаулық сақтаудың жақын орналасқан ұйымға дейін науқастарды жеткізуді ұйымдастыруға медициналық көмек көрсету. Шаруашылық статистика есебін жүзеге асыру. Жергілікті бюджетті бекіту кезінде (анықтау) аудандық мәслихат сессиясының жұмысына қатысу. Мектепке дейінгі тәрбилеу және оқу ұйымдардың, мәдениет мекемелердің қызметін қамтамасыз ету. Өзінің құзыреті шеңберінде елді мекендерді сумен жабдықтау және суды пайдалану мәселелерін қадағалау, елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысты,  бейіттерді және басқа да жерлеу орындардың тиісті жағдайларын ұстау бойынша қоғамдық жұмыстары және баспанасыз қалған азаматтарды жерлеу.

Заңды мекен-жайы:
070303 Шығыс Қазақстан облысы
Бесқарағай ауданы Канонерка ауылы
Ленин көшесі 36 үй
тел: 8 72236 92740
факс: 8 72236 92740
Е-mail   kanonerkaakimat@mail.ru

Қабылдау уақыты: дүйсенбі күні 9-00 ден 13-00 ге дейін, бейсенбі күні сағат 14-00 ден 18-00 ге дейін.

 

Парақтар өзгертілді: 15-08-2017