«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тастенбеков Алмас Танибекович Тастенбеков Алмас Танибекұлы -Глуховка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы
1989 жылы 15 шілдеде Семей облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Екі жоғары білімі бар. 2010 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2011 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе қаласы «Тюменьпромгеофизика» Қазақстан – Ресей сервистік компаниясы ЖШС каротажник, 2010 жылы аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы жөніндегі инспекторы, 2011 жылы «Глуховка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, 2012 жылы ауыстыру тәртібімен аудан әкімінің АҚ және ТЖ жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, 2014 жылы Астана қаласы ҚР Ішкі істер органында қызмет етті.
2015 жылғы қыркүйек айынан бастап 2017 жылғы тамыз айына дейін Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы. 2017 жылғы тамыз айынан бастап Глуховка ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы.
Үйленген, үш ұл тәрбиелеуде.

Міндеттері: Қабылданған шешімдерді орындалу барысына бақылау жасау, Олардың орындалу барысын қадағалау және бағалау. Басшылық жасайтын мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық етеді. Кәсіпкерлік қызметін дамыту, шаруа (фермерлік) қожалықтарды ұйымдастыруға жәрдемдесу, өзінің құзыретінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру. Бюджетке салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу. Әкімшісі аудан әкімі аппараты болып келетін, бюджеттік бағдарламаларды өңдеу, сәйкес келетін мәслихатта бекіту үшін жоғарғы әкімдікте енгізу. Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ аудан маңызындағы ауылдық округтері, кенттерінде автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңарту, жөңдеу және ұстау. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау. Өзінің құзыреті шеңберінде әскери міндеттері және әскери қызметі, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы туралы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Әділет органы жоқ аймақтарда нотариалдық іс-қимылдардың іске асырылуын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының көрсетілген заңнама тәртібінде азаматтық хал актілерін тіркеу. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізумен, аз қамтылғандарды анықтау, жалғыз басты азаматтарды және үйде тәрбиеленетін еңбекке жарамсыз азаматтарға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру. Қажеттілікке байланысты, дәрігерлік көмек көрсететін, денсаулық сақтаудың жақын орналасқан ұйымға дейін науқастарды жеткізуді ұйымдастыруға медициналық көмек көрсету. Шаруашылық статистика есебін жүзеге асыру. Жергілікті бюджетті бекіту кезінде (анықтау) аудандық мәслихат сессиясының жұмысына қатысу. Мектепке дейінгі тәрбилеу және оқу ұйымдардың, мәдениет мекемелердің қызметін қамтамасыз ету. Өзінің құзыреті шеңберінде елді мекендерді сумен жабдықтау және суды пайдалану мәселелерін қадағалау, елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысты, бейіттерді және басқа да жерлеу орындардың тиісті жағдайларын ұстау бойынша қоғамдық жұмыстары және баспанасыз қалған азаматтарды жерлеу.

Заңды мекен-жайы:
070301 Шығыс Қазақстан облысы
Бесқарағай ауданы Глуховка ауылы
Советская көшесі 24 үй
Тел: 8- 7222-458923
Факс: 8-7222-458400
Е-mail   akimat-gluhovka@mail.kz

Қабылдау уақыты: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 9-00 ден 13-00 ге дейін.

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімі аппаратының жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды алдын ала жазу және қабылдау үшін қажетті жағдайлар жасау үшін байланыс телефон нөмірі - 8(7222)458400.
Ауылдық округі әкімі аппаратының жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды алдын ала жазу және қабылдау үшін жауапкершілік ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Б.Искакова жүктелген.

Глуховка ауылдық округ әкімі А.Тастенбеков

Парақтар өзгертілді: 10-11-2017