«Шығыс Қазақстан облысы Жетіжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Назаров Сунғат Болатбекович - Жетіжар ауылдық округі әкімі
1983 жылғы 3 тамызда Семей облысы Бескарағай ауданы Ү-Владимировка ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2004 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «тарих» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2006 жылдан ЖК «Рахимжанов » экспедиторы ретінде бастаған, Бесқарағай аудандық статистика бөлімінің тіркеушісі (2008 ж), Бесқарағай ауылдық округінің әкімі аппаратының жетекші маманы (2009-2010 ж.ж.), білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы (2010-2012ж.ж.), ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы (2012-2014ж.ж.). 2014 жылғы наурыз айынан бастап  аудандық мәслихат депутаттарымен Жетіжар ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Міндеттері: Қабылданған шешімдерді орындалу барысына бақылау жасау, Олардың орындалу барысын қадағалау және бағалау. Басшылық жасайтын мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық етеді. Кәсіпкерлік қызметін дамыту, шаруа (фермерлік) қожалықтарды ұйымдастыруға жәрдемдесу, өзінің құзыретінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру. Бюджетке салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу. Әкімшісі аудан әкімі аппараты болып келетін, бюджеттік бағдарламаларды өңдеу, сәйкес келетін мәслихатта бекіту үшін жоғарғы әкімдікте енгізу. Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ аудан маңызындағы ауылдық округтері, кенттерінде автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңарту, жөңдеу және ұстау. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау. Өзінің құзыреті шеңберінде әскери міндеттері және әскери қызметі, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы туралы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Әділет органы жоқ аймақтарда нотариалдық іс-қимылдардың іске асырылуын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының көрсетілген заңнама тәртібінде азаматтық хал актілерін тіркеу. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізумен, аз қамтылғандарды анықтау, жалғыз басты азаматтарды және үйде тәрбиеленетін еңбекке жарамсыз азаматтарға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру. Қажеттілікке байланысты, дәрігерлік көмек көрсететін, денсаулық сақтаудың жақын орналасқан ұйымға дейін науқастарды жеткізуді ұйымдастыруға медициналық көмек көрсету. Шаруашылық статистика есебін жүзеге асыру. Жергілікті бюджетті бекіту кезінде (анықтау) аудандық мәслихат сессиясының жұмысына қатысу. Мектепке дейінгі тәрбилеу және оқу ұйымдардың, мәдениет мекемелердің қызметін қамтамасыз ету. Өзінің құзыреті шеңберінде елді мекендерді сумен жабдықтау және суды пайдалану мәселелерін қадағалау, елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысты,  бейіттерді және басқа да жерлеу орындардың тиісті жағдайларын ұстау бойынша қоғамдық жұмыстары және баспанасыз қалған азаматтарды жерлеу.

Заңды мекен-жайы:
070307 Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Семияр ауылы Горкий көшесі 30 үй
тел: 8 72236 97371, 8 72239 97234, 8 72236 97333
факс: 8 72239 97234
Е-mail    guakimat.semiyarka@mail.ru

 

Қабылдау уақыты: сейсенбі күні сағат 14-00 ден 18-00 ге дейін, бейсенбі күні сағат 9-00 ден 13-00 ге дейін.

 

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 06-03-2017