«Шығыс Қазақстан облысы Беген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Асылгожин Нурлан Толеуович Асылгожин Нурлан Толеуович - Беген ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы
1964 жылы 22 мамырда Семей облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылында туған, Ұлты қазақ, білімі жоғары, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «тарих» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын Беген совхозының штатына механизаторынан бастады (1981-1982 ж.ж.), № 13 Алматы құрылыс ұжымының ағаш ұстасы (1985-1996 ж.ж.), «Асылғожа» шаруа қожалығының жұмысшысы (1996-2000 ж.ж.), Беген орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі (2000-2010 ж.ж.), Беген ауылдық округінің әкімі (2010-2013ж.ж.), 2013 жылғы наурыз айынан 2017 жылғы тамыз айына дейін Беген ауылдық округінің әкімі. 2017 жылғы тамыз айынан бастап Беген ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы.

Міндеттері: Қабылданған шешімдерді орындалу барысына бақылау жасау, Олардың орындалу барысын қадағалау және бағалау. Басшылық жасайтын мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық етеді. Кәсіпкерлік қызметін дамыту, шаруа (фермерлік) қожалықтарды ұйымдастыруға жәрдемдесу, өзінің құзыретінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру. Бюджетке салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу. Әкімшісі аудан әкімі аппараты болып келетін, бюджеттік бағдарламаларды өңдеу, сәйкес келетін мәслихатта бекіту үшін жоғарғы әкімдікте енгізу. Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ аудан маңызындағы ауылдық округтері, кенттерінде автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңарту, жөңдеу және ұстау. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау. Өзінің құзыреті шеңберінде әскери міндеттері және әскери қызметі, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы туралы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Әділет органы жоқ аймақтарда нотариалдық іс-қимылдардың іске асырылуын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының көрсетілген заңнама тәртібінде азаматтық хал актілерін тіркеу. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізумен, аз қамтылғандарды анықтау, жалғыз басты азаматтарды және үйде тәрбиеленетін еңбекке жарамсыз азаматтарға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру. Қажеттілікке байланысты, дәрігерлік көмек көрсететін, денсаулық сақтаудың жақын орналасқан ұйымға дейін науқастарды жеткізуді ұйымдастыруға медициналық көмек көрсету. Шаруашылық статистика есебін жүзеге асыру. Жергілікті бюджетті бекіту кезінде (анықтау) аудандық мәслихат сессиясының жұмысына қатысу. Мектепке дейінгі тәрбилеу және оқу ұйымдардың, мәдениет мекемелердің қызметін қамтамасыз ету. Өзінің құзыреті шеңберінде елді мекендерді сумен жабдықтау және суды пайдалану мәселелерін қадағалау, елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысты, бейіттерді және басқа да жерлеу орындардың тиісті жағдайларын ұстау бойынша қоғамдық жұмыстары және баспанасыз қалған азаматтарды жерлеу.

Заңды мекен-жайы:
070306 Шығыс Қазақстан облысы
Бесқарағай ауданы Беген ауылы
Ленина көшесі 30 үй

Тел: 8 72236 21986
Факс: 8 72236 21946

Е-mail  begen.akimat@mail.kz

Қабылдау уақыты: дүйсенбі күні сағат 10-00 нан 13-00 ге дейін., бейсенбі күні сағат 14-00 ден 18-00 ге дейін.

Хабарландыру

Жеке тұлғалар мензаңды тұлғалар өкілдерін қабылдау және алдын ала жазылу үшін Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының Беген ауылдық округінің әкімі аппаратында 8(72236) 2-19-46 байланыс телефоны орнатылды. Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау және алдын ала жазылу үшін жауапты Беген ауылдық округінің жетекші маманы Р. Смагулова.

Парақтар өзгертілді: 10-11-2017