"Шығыс Қазақстан облысы Қарабас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Болысбеков Орынбек Балтабекұлы - Қарабас ауылдық округінің әкімі
1984 жалғы 9 ақпанда  Шығыс Қазақстан облысы Шар ауданы Шар ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2005 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Психология» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қайнар (Семей) университетінің «Заңгер» мамандығы бойынша бітірді.  Еңбек жолын Ү-Владимировка орта мектебінде психология пәнінің мұғалімі болып бастады (2005-2006 ж.ж.),  білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы қызметін атқарды (2006-2014 ж.ж.). 2014 жылғы сәуір айынан бастап аудандық мәслихат депутаттарымен Қарабас ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Міндеттері: Қабылданған шешімдерді орындалу барысына бақылау жасау, Олардың орындалу барысын қадағалау және бағалау. Басшылық жасайтын мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық етеді. Кәсіпкерлік қызметін дамыту, шаруа (фермерлік) қожалықтарды ұйымдастыруға жәрдемдесу, өзінің құзыретінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру. Бюджетке салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу. Әкімшісі аудан әкімі аппараты болып келетін, бюджеттік бағдарламаларды өңдеу, сәйкес келетін мәслихатта бекіту үшін жоғарғы әкімдікте енгізу. Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ аудан маңызындағы ауылдық округтері, кенттерінде автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңарту, жөңдеу және ұстау. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау. Өзінің құзыреті шеңберінде әскери міндеттері және әскери қызметі, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы туралы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Әділет органы жоқ аймақтарда нотариалдық іс-қимылдардың іске асырылуын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының көрсетілген заңнама тәртібінде азаматтық хал актілерін тіркеу. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізумен, аз қамтылғандарды анықтау, жалғыз басты азаматтарды және үйде тәрбиеленетін еңбекке жарамсыз азаматтарға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру. Қажеттілікке байланысты, дәрігерлік көмек көрсететін, денсаулық сақтаудың жақын орналасқан ұйымға дейін науқастарды жеткізуді ұйымдастыруға медициналық көмек көрсету. Шаруашылық статистика есебін жүзеге асыру. Жергілікті бюджетті бекіту кезінде (анықтау) аудандық мәслихат сессиясының жұмысына қатысу. Мектепке дейінгі тәрбилеу және оқу ұйымдардың, мәдениет мекемелердің қызметін қамтамасыз ету. Өзінің құзыреті шеңберінде елді мекендерді сумен жабдықтау және суды пайдалану мәселелерін қадағалау, елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысты,  бейіттерді және басқа да жерлеу орындардың тиісті жағдайларын ұстау бойынша қоғамдық жұмыстары және баспанасыз қалған азаматтарды жерлеу.

Заңды мекен-жайы:
07036 Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Семеновка ауылы Чехова көшесі 10 үй
тел: 8 72236 92330
факс: 8 72236 92330
Е-mail  karabas.akimat@mail.ru

Қабылдау уақыты: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері 9-00 ден 13-00 ге дейін.

Хабарландыру

Қарабас ауылдық округінің әкімі жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін аптаның сәрсенбі күні қабылдайды. Қабылдауға алдын ала жазылуы 8 (72236) 92330 нөмірі арқылы жүргізіледі.

А.Солтангазин, Қарабас ауылдық округі әкімінің м.а.

Парақтар өзгертілді: 19-10-2017