«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Байгабылов Рауан Болатович Бесқарағай ауылдық округінің әкімі - Байгабылов Рауан Болатович

1984 жылы 25 маусымда Семей облысы Бесқарағай ауданы Ү- Владимировка ауылында дүниеге келді. Ұлты - қазақ. Білімі – жоғары. 2007 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірді, еңбек жолын 2009 жылы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт нұсқаушысы болып бастады, 2010 жылы тестілеуден өтіп мемлекеттік қызметке білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы ретінде қабылданды. 2002 жылдан 2015 жылдың қараша айына дейін аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. Аудандық аумақтық комиссияның 2015 жылғы 11 қарашадағы шешімінің негізінде, аудан әкімінің 2015 жылғы 11 қарашадағы №31-1 ж/қ өкімімен Бесқарағай ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

Міндеттері: Қабылданған шешімдерді орындалу барысына бақылау жасау, Олардың орындалу барысын қадағалау және бағалау. Басшылық жасайтын мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық етеді. Кәсіпкерлік қызметін дамыту, шаруа (фермерлік) қожалықтарды ұйымдастыруға жәрдемдесу, өзінің құзыретінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру. Бюджетке салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу. Әкімшісі аудан әкімі аппараты болып келетін, бюджеттік бағдарламаларды өңдеу, сәйкес келетін мәслихатта бекіту үшін жоғарғы әкімдікте енгізу. Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылдық округтердің автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңарту, жөңдеу және ұстау. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау. Өзінің құзыреті шеңберінде әскери міндеттері және әскери қызметі, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы туралы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізумен, аз қамтылғандарды анықтау, жалғыз басты азаматтарды және үйде тәрбиеленетін еңбекке жарамсыз азаматтарға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру. Қажеттілікке байланысты, дәрігерлік көмек көрсететін, денсаулық сақтаудың жақын орналасқан ұйымға дейін науқастарды жеткізуді ұйымдастыруға медициналық көмек көрсету. Шаруашылық статистика есебін жүзеге асыру. Жергілікті бюджетті бекіту кезінде (анықтау) аудандық мәслихат сессиясының жұмысына қатысу. Мектепке дейінгі тәрбилеу және оқу ұйымдардың, мәдениет мекемелердің қызметін қамтамасыз ету. Өзінің құзыреті шеңберінде елді мекендерді сумен жабдықтау және суды пайдалану мәселелерін қадағалау, елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысты,  бейіттерді және басқа да жерлеу орындардың тиісті жағдайларын ұстау бойынша қоғамдық жұмыстары және баспанасыз қалған азаматтарды жерлеу.

Заңды мекен-жайы:
070300 Шығыс Қазақстан облысы
Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы
Партизанская көшесі 9 үй
тел: (872236) 91824
Е-mail  Beskaragayorg1@rambler.ru

Қабылдау уақыты: сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері 9-00 ден 13-00 ге дейін.

Хабарландыру

Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау және алдын ала жазылу үшін Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының Бесқарағай ауылдық округінің әкімі аппаратында 8(72236) 9-12-92 байланыс телефоны орнатылды.
Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау және алдын-ала жазылу үшін жауапты Бесқарағай ауылдық округінің бас маманы М.Калтаев болып табылады.

Р.Байгабылов, Бесқарағай ауылдық округінің әкімі

 

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 19-10-2017