Білгір тұтынушы болыңыз!

«Сауатты тұтынушы болыңыз!»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел: 8(7232)-26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91, e-mail: oskemen@economy.gov.kz); Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңының (ары қарай-Заң) ережелеріне түсініктеме жүргізеді.

Сұрақ №1. Балалардың аяқ киімін сатып алдым, бірақ үйге келгенде аяқ киімнен ұнамсыз іс шығатын екендігін білдірдім. Бұл жағдайда не істеуім керек?
Бұл жағдайда тұтынушы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 1-тармағының 3 тармақшасының тәртібімен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) техникалық регламенттермен, стандарттармен және өзге де құжаттармен белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру рәсіміне сәйкес келуін талап ете алады.
Егер сатушы тауарға сәйкес сертификат туралы құжаттар бермесе, сатып алушы тауарды Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30 бабының 1 тармағына сәйкес қайтару құқығы бар, дәлірек айтқанда сатушы (дайындаушы) тиісті сападағы да, тиісті емес сападағы да тауарды сату кезіндегі міндеттеріне сәйкес мыналарды:
1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды;
2) іш киімді;
3) шұлық-ұйық бұйымдарын;
4) жануарлар мен өсімдіктерді;
5) метрлеп сатылатын тауарларды, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталарды, тоқыма және перделік кенеп матаны, жасанды теріні, кілем бұйымдарын, тоқыма емес материалдарды, ленталарды, шілтерді, таспаны, сымдарды, бауларды, кәбілдерді, линолеумды, багетті, пленканы, клеенканы қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

Сұрақ №2. Мен дүкенде салқындатылған тауық етін сатып алғым келді, қорапта өнімнің салмағы көрсетілдген болған. Бірақ сатушы сатқан кезінде қайтадан етті өлшеді және салмағы қорапта көрсетілгеннен салмақтан артық болып шықты.Сондықтан төлем соммасы көбейді. Сатушының әрікеті орындыма?
Заңның 25-бабының 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жаппай (таза), көлемін, санын және (немесе) толықтығын қоса алғанда, тауар (жұмыс, қызмет) туралы ақпарат міндетті түрде болуы тиіс.
Осыған орай, егер тауарлардың қаптамасында салмағы (нетто) туралы ақпарат болса, онда оны қайта өлшеудің қажеті жоқ, өйткені бұл жағдайда тауардың салмағы тауар қаптамасындағы салмағына (брутто) негізделетін болады, бұл дұрыс емес.
Осылайша, тауардың салмағы бойынша ақпараты алдын-ала болған тауарларды қайта салмақ бойынша өлшеудегі сатушының әрекеті негізсіз.
Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауына, ӘКБК                   190 бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын тұтынушылардың білулері қажет.
ӘКБК 685 бабының 1 бөлігіне сәйкес,  190 баптың 1 бөлігімен қарастылған әкімшілік құқық бұзушылықтарды ішкі істер бөлімі қарайды.
Тұтынушы өз құқығын қорғау үшін:
- құқықты бұзған сатушыға (дайындаушыға) сотқа дейінгі  наразылықпен,
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау бірлестіктеріне,
- сотқа талап арызбен жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнамаларымен, тұтынушылардың, не болмаса тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктерінің сатушыға (орындаушыға) жазбаша наразылықпен жүгінуі- келіспеушіліктерді сотқа дейінгі қарастыру тәртібі, тұтынушылардың құқығын қорғау процесінің міндетті деңгейі ретінде қарастырылған.

 

«Сауатты тұтынушы болыңыз!»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі,20, тел.: 8(7232)-26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91, е–mail: oskemen@economy.gov.kz.) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» №274- IV Заңының (бұдан әрі – Заң) ережесін түсіндіреді.

№1 сұрақ. 5 ай бұрын ұялы телефон сатып алдым. Сол кезден бастап оны 5 рет кепілдікті жөндеуге тапсырдым, жөндеуден «ақаулар анықталған жоқ» деп шығарады. Ақау телефон өзінен – өзі өшіп қалуында білінеді, аккумуляторды алып қайтадан салғаннан кейін ғана қосылады.Маған ақшамды қайтарып беруге немесе басқа телефонға ауыстырып беруді ұсынған жоқ. Егерде 5 рет кепілдік жөндеуден кейін аппарат дұрыс істемесе, ақшалай қаражатты қайтарып алуға болады ма?
Бұл жағдайда тауарда кемшіліктің бар болуы туралы қорытынды алу мақсатымен эксперттік ұйымға жүгіну қажет. Содан кейін, сатушыға сатып алу – сату шартын бұзу, тауарға төленген сомманы қайтару, сараптама жүргізгені үшін шығындарды төлеу наразылығымен жүгіну қажет.
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес тауардағы (жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі) кемшілік фактісі расталған жағдайда сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарға (жұмысқа, көрсетілген қызметке) сараптама жүргізумен байланысты тұтынушыға, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне, қауымдастықтарға (одақтарға) келтірілген шығыстарды толық көлемде өтеуге міндетті.
Заңның 22-бабына сәйкес Тұтынушы тауарды (жұмысты, көрсетілген қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып жүгінуге құқылы.
Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы.
№2 сұрақ. Жиһазды қайта тарту бойынша қызметтерді көрсетуге шарт жасадық. Шартты орындау мерзімі бір апта. Жиһаз ек аптадан кейін жеткізілді, яғни міндеттерді орындау мерзімдері бұзылды.Қайта тартудан кейін бір креслодан бірқатар кемшіліктер табылды, ал бір аптадан кейін кресло мүлдем отырып қалды және қатты сықырлай бастады.
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабының 6-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тұтынушының талаптарын орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін осындай бұзушылықтарға жол берген сатушы (дайындаушы) тұтынушыға мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін тауар (жұмыс) құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 35-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес, тұтынушы орындалған жұмыстан (көрсетілген қызметтен) кемшіліктер табылған кезде өз таңдауы бойынша:
1) орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді өтеусіз жоюды;
2) орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) үшін сыйақыны тиісті мөлшерде азайтуды;
3) сапасы дәл сондай біртектес материалдан басқа затты өтеусіз жасап беруді немесе жұмысты қайта орындауды (қайта қызмет көрсетуді);
4) тұтынушылардың кемшіліктерді жою құқығы шартта көзделгенде, оларды жоюға арналған өз шығыстарын өтеуді талап етуге құқылы.
Сондай-ақ, егер орындаушы орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаса не егер жұмыста (көрсетілетін қызметте) шарт талаптарынан ауытқулар немесе жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) өзге де кемшіліктер айтарлықтай және жойылмайтындай болса, тұтынушы шартты бұзуға және залалды өтеуді талап етуге құқылы.
Тұтынушы өз құқығын қорғау үшін:
• құқықты бұзған сатушыға (дайындаушыға) сотқа дейінгі наразылықпен,
• тұтынушылардың құқықтарын қорғау бірлестіктеріне,
• сотқа талап арызбен жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнамаларымен, тұтынушылардың, не болмаса тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктерінің сатушыға (орындаушыға) жазбаша наразылықпен жүгінуі- келіспеушіліктерді сотқа дейінгі қарастыру тәртібі, тұтынушылардың құқығын қорғау процесінің міндетті деңгейі ретінде қарастырылған.
Сізбен сатып алынған тауар бұзылған, ал қызмет сапасыз болса, міндетті түрде Заңға сәйкес өз құқығыңызды пайдаланыңыз.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел: 8(7232)-26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91, e-mail: oskemen@economy.gov.kz)Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы
№ 274-IV Заңының (ары қарай-Заң) ережелеріне түсініктеме жүргізеді.
1 сұрақ: Дүкеннен балық консервісін сатып алдым, үйге келгенде жарамдылық мерзімінің өтіп кеткенін аңғардым. Егер түбіртек берілмесе, жарамдылық мерзімі өткен тағамды қайтаруға болады ма?
Жауап: Кез келген тауарды қайтару үшін сауданы растайтын құжат қажет. Заңның 18 бабынасәйкес,тұтынушы сатушыдан (дайындаушы, орындаушы) тауарды сатып алғандығын растайтын құжат-кассалық немесе тауарлық чек, сауда түбіртегін немесе ақшаны алғандығы жөнінде қолхат талап етуге құқылы. Лайықсыз сападағы тауарды қайтару кезінде тұтынушыда тауардың сатып алғандығын расттайтын құжаттың жоқтығы оның тауарды сатып алңғандығын дәлелдейтін фото-видео материалдарды пайдалану және куәгерлерді тарту құқығынан айырмайды. Тұтынушы Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жағдайларды ескермегенде, дүкеннің фото- және бейнежазбаларын пайдалануға құқылы (Заңның 24-бабы)

Заңның 30- бабы, 1-1 тармағына сәйкес, сатушы (өндіруші) мерзімі өткен, өнімнің техникалық регламент белгілеген талаптарына, нормативтік құжаттарына сай келмейтін, сонымен қатар зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарды оның қолданылғандығына, тауарлық түрінің, тұтынушылық касиеттерінің, пломбасыны,затбелгісінң сақталмағандығына қарамастан, тауар сатып алынған мерзімнен отыз күн ішінде айырбастауға немесе сатып алынған тауар сомасын қайтаруға міндетті.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңының 11 бабына сәйкес, сатушылар жүзеге асыратын қызметіне сәйкес, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
Департамент, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (ары қарай ӘКБК) 203 бабына сәйкес, дара кәсіпкерлердің және сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарды шығарған ел туралы, дайындаушы, беруші немесе сатушы туралы қазақ және орыс тiлдерiндегі мәліметтер не тауар (көрсетілетін қызмет) туралы анық және жеткiлiктi ақпаратты қамтитын құжаттарсыз сатылғаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылғанын, және ол халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту саласына қадағалау және бақылау жасайтын уәкілетті орган және мемлекеттік кіріс органдарымен салынатынын хабарлайды.
Заңның 22 бабына сәйкес, тұтынушы тауарды (жұмысты, көрсетілген қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып жүгінуге құқылы.
Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы.
Заңның 30-бабының 6-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тұтынушының талаптарын орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін осындай бұзушылықтарға жол берген сатушы (дайындаушы) тұтынушыға мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін тауар (жұмыс) құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
2 сұрақ: Автожабдықтар дүкенінде автокөлік үшін жаңа қосалқы жабдық сатып алдым, орнату кезінде жабдықтың кемшілігі бары анықталды, бірақ сатушы ақшаны қайтарудан немесе айырбастаудан бас тартты. Осындай жағдайда не істеуге болады?   

Жауап: Заңның 15-бабына сәйкес,тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша:
      1) сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді;
      2) тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге құқылы.
      Тиісті емес сападағы тауарды сатушы оның дайындаушысы болып табылмаған жағдайда, осы тармақтың 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкін;
      3) тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;
      4) соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;
      5) сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды;
      6) шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.
Сатушы тауарға төленген соманы қайтаруға қарсы болған жағдайда, Заңның 22 бабына сәйкес, тұтынушы тауарды (жұмысты, көрсетілген қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып жүгінуге құқылы.
Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы.
Заңның 30-бабының 6-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тұтынушының талаптарын орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін осындай бұзушылықтарға жол берген сатушы (дайындаушы) тұтынушыға мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін тауар (жұмыс) құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

Тұтынушы өз құқығын қорғау үшін:
- құқығын бұзушы сатушыға (орындаушыға) сотқа дейінгі жазбаша наразылықпен,
- тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктеріне,
- сотқа жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнамаларымен, тұтынушылардың, не болмаса тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктерінің сатушыға (орындаушыға) жазбаша наразылықпен жүгінуі- келіспеушіліктерді сотқа дейінгі қарастыру тәртібі, тұтынушылардың құқығын қорғау процесінің міндетті деңгейі ретінде қарастырылған.
Егер сатып алған тауарыңыз бұзылған, ал қызмет сапасыз болса, міндетті түрде Заңға сәйкес өз құқығыңызды пайдаланыңыз.
Сондай-ақ, Департамент тұтынушылар құқығын қорғау саласында халықтың сауаттылығын арттыру мақсатында айына 2 рет (әр айдың екінші және төртінші бейсенбісінде), Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел. 8(7232) 61-41-21, 26-72-07 мекен-жайында, сағат 9-00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін)«Ашық есік күндері»өткізетінін хабарлаймыз.
Қызығушылық танытқандарға құқылық консультация беріліп, ақпараттық материалдар таратылады.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел: 8(7232)-26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91, e-mail: oskemen@economy.gov.kz) Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы
№ 274-IV Заңының (ары қарай-Заң) ережелеріне түсініктеме жүргізеді.
1 сұрақ: Көптеген сауда нүктелерінде «тауар айырбастауға және қайтаруға жатпайды» деген ескертпе жазуды пайдаланады. Сатушылардың тауарды айырбастаудан немесе оның ақшасын қайтарудан бас тартуы заңды әрекет пе?
Жауап: Заңның 14 бабының 1 пунктіне сәйкес, сатып алушы өзіне азық-түлікке жатпайтын тауар берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, пішіндегі, түстегі, жиынтықталымдағы және осы тәріздегі соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқылы.
Сатушыда (дайындаушыда) айырбастауға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы, Заңның 14 бабының 2 тармағына сәйкес, сатып алынған тауарды сатушыға (дайындаушыға) қайтарып беруге және оған төленген ақшалай соманы қайтарып алуға құқылы.
Заңның 18 бабына сәйкес тұтынушыда тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттың болмауы оны куәлардың айғақтарына, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттарға және басқа да дәлелдеу құралдарына, оның ішінде фото- және (немесе) бейнетіркеуге сілтеме жасау құқығынан айырмайды.
Заңның 24 бабының 5 тармағына сәйкес сатушы тиісті де, тиісті емес те сападағы тауардың ауыстырылып берілуін немесе қайтарылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Айырбастау осы Заңның 30-бабына сәйкес, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды;  іш киімді;  шұлық-ұйық бұйымдарын;  жануарлар мен өсімдіктерді;  метрлеп сатылатын тауарларды, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталарды, тоқыма және перделік кенеп матаны, жасанды теріні, кілем бұйымдарын, тоқыма емес материалдарды, ленталарды, шілтерді, таспаны, сымдарды, бауларды, кәбілдерді, линолеумды, багетті, пленканы, клеенканы қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
Заңның 30-бабының 1-1-тармағына сәйкес, сатушы (дайындаушы) жарамдылық мерзімі өткен соң сатылған, техникалық регламенттерде, өнімдер жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде зияткерлік меншік құқықтары бұзыла отырып шығарылған тауарды оның пайдаланылғанына, тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиеттерінің, пломбаларының, заттаңбаларының сақталуына-сақталмауына қарамастан, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруды немесе сатып алынған тауар үшін ақшалай соманы тұтынушыға қайтара отырып, қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмеген жағдайда, егер тұтынушы осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, онда тауарды айырбастау немесе қайтару жүргізілуге тиіс.
Егер сатушы тауарға төленген соманы қайтаруға қарсы болған жағдайда, Заңның 22 бабына сәйкес, тұтынушы тауарды (жұмысты, көрсетілген қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып жүгінуге құқылы.
Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы.
2 сұрақ: Мынандай жағдай жиі орын алады, дүкенге келгенде, тауардың бағасы жазылмаған немесе онда жазылған баға бір басқа да, сатушы айтқан баға бір басқа, сатушының өзі болса бағалар қате жазылған немесе оның ескі баға екендігін алға тартады.Осы әрекет заңды ма?
Жауап: Заңның 24 бабының 12 тармақшасына сәйкес,   сатушы (дайындаушы) бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылған тауардың құнын көрсетуге, сондай-ақ тауарды сақтау жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
... көрсетілген құнына сәйкес сатушы (дайындаушы) сатуға міндетті, ал тұтынушы сатып алуға құқылы.
Дүкеннің затбелгіде белгіленген бағасы –қоғамдық оферта болып саналады, ол дүкен мен тұтынушы арасындағы келісім шарт іспетті.
ҚР Азаматтық кодексінің 387 бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын тұлғаның тұтынушыға сәйкес тауарды ұсыну мүмкіндігі бар кезде қоғамдық келісішарт жасаудан (бағаны көрсетуден) бас таруына жол берілмейді.
Сондай-ақ, сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауына, ӘКБК 190 бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын тұтынушылардың білулері қажет.
ӘКБК 685 бабының 1 бөлігіне сәйкес, 190 баптың 1 бөлігімен қарастылған әкімшілік құқық бұзушылықтарды ішкі істер бөлімі қарайды.
Тұтынушы өз құқығын қорғау үшін:
- құқықты бұзған сатушыға (дайындаушыға) сотқа дейінгі  наразылықпен,
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау бірлестіктеріне,
- сотқа талап арызбен жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнамаларымен, тұтынушылардың, не болмаса тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктерінің сатушыға (орындаушыға) жазбаша наразылықпен жүгінуі- келіспеушіліктерді сотқа дейінгі қарастыру тәртібі, тұтынушылардың құқығын қорғау процесінің міндетті деңгейі ретінде қарастырылған.
Сіз сатып алынған тауар бұзылған, ал қызмет сапасыз болса, міндетті түрде Заңға сәйкес өз құқығыңызды пайдаланыңыз.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел: 8(7232)-26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91, e-mail: oskemen@economy.gov.kz)Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы
№ 274-IV Заңының (ары қарай-Заң) ережелеріне түсініктеме жүргізеді.
1 сұрақ: Бөлме гүлін сатып алдық, бір жұмадан кейін солып қалды. Сатушыға жүгініп едік, ақшасын қайтарудан бас тартты. Осындай жағдайда не істеуге болады?
Жауап: Заңның 10-бабына сәйкес, тұтынушының тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы толық, дұрыс және уақтылы ақпарат алуға құқығы бар.Егер тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы толық емес, дұрыс емес және уақтылы емес ақпарат беру тұтынушыға қажетті қасиеттері жоқ тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға әкеп соқса, ол шартты бұзуға және өзіне келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы;
Сатушы тауар туралы, қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге міндетті.
Заңның 15-бабына сәйкес, тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса,шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.
Заңның 22-бабына сәйкес, тұтынушы тауарды өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып жүгінуге құқылы.
Заңның 30-бабының 6-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тұтынушының талаптарын орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін осындай бұзушылықтарға жол берген сатушы (дайындаушы) тұтынушыға мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін тауар (жұмыс) құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы өздігінен немесе өкіл арқылы (адвокаттық контора, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктер) сотқа жүгінуге құқылы.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңының 15 бабына сәйкес, өсiмдiктен алынатын өнiмМемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлер болып табылады. Облыс аумағында мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру,Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының құзіретінде, және қалалар мен аудандарда аудандық аумақтық инспекциялары жұмыс атқарады.
2 сұрақ: «Жаппай сату» кезінде алынған тауарды қайтаруға немесе айырбастауға болады ма?
Жауап: Егер сатушы тұтынушыға, тауардың кемшіліктері барынжәне сол себептен арзандатылып сатылатынын хабарламаса, тұтынушының оны қайтаруына қарсы болуға құқылы емес. Заңға сәйкес, сатушы кемшіліктері туралы алдын ала ескерткен жағдайда, тауар қайтаруға және айырбастауға жатпайды.Берілген жағдайда тұтынушы сапалы тауарсатып алған, сондықтан бұл жағыдай Заңның 14-бабының 1 тармағымен реттеледі, оған сәйкес: сатып алушы өзіне азық-түлікке жатпайтын тауар берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, пішіндегі, түстегі, жиынтықталымдағы және осы тәріздегі соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқылы.
Заңның 30 бабына сәйкес, стушы мыналардықоспағанда: дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды; іш киімді; шұлық-ұйық бұйымдарын; жануарлар мен өсімдіктерді; метрлеп сатылатын тауарларды, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталарды, тоқыма және перделік кенеп матаны, жасанды теріні, кілем бұйымдарын, тоқыма емес материалдарды, ленталарды, шілтерді, таспаны, сымдарды, бауларды, кәбілдерді, линолеумды, багетті, пленканы, клеенканы, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмеген жағдайда, егер тұтынушы осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, онда тауарды айырбастау немесе қайтару жүргізілуге тиіс.
Сатушы тауарға төленген ақшаны қайтарудан бас тартқан жағдайда, Заңның 22-бабына сәйкес, тұтынушы тауарды өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды ерікті түрде өтеу туралы сатушығы кінә қойып жүгінуге құқылы.
Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы өздігінен немесе өкіл арқылы (адвокаттық контора, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктер) сотқа жүгінуге құқылы.
3 сұрақ:дүкеннен өлшеулі піспенан сатып алдым, жағымсыз исі бар екенін үйде аңғардық. Осындай жағдайда не істеуге болады?
Жауап: Заңның 15-бабына сәйкес, тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса,шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.
Заңның 30-бабының 1-1-тармағына сәйкес, сатушы (дайындаушы) жарамдылық мерзімі өткен соң сатылған, техникалық регламенттерде, өнімдер жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде зияткерлік меншік құқықтары бұзыла отырып шығарылған тауарды оның пайдаланылғанына, тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиеттерінің, пломбаларының, заттаңбаларының сақталуына-сақталмауына қарамастан, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруды немесе сатып алынған тауар үшін ақшалай соманы тұтынушыға қайтара отырып, қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңының 11-бабына сәйкес, сатушылар жүзеге асыратын қызметіне сәйкес Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
Сондай-ақ, Департамент, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (ары қарай ӘКБК) 203-бабына сәйкес, дара кәсіпкерлердің және сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарды шығарған ел туралы, дайындаушы, беруші немесе сатушы туралы қазақ және орыс тiлдерiндегі мәліметтер не тауар (көрсетілетін қызмет) туралы анық және жеткiлiктi ақпаратты қамтитын құжаттарсыз сатылғаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылғанын, және ол халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту саласына қадағалау және бақылау жасайтын уәкілетті орган және мемлекеттік кіріс органдарымен салынатынын хабарлайды.
Тұтынушы өз құқығын қорғау үшін:
- құқықты бұзған сатушыға (дайындаушыға) сотқа дейінгі наразылықпен,
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау бірлестіктеріне,
- сотқа талап арызбен жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнамаларымен, тұтынушылардың, не болмаса тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктерінің сатушыға (орындаушыға) жазбаша наразылықпен жүгінуі- келіспеушіліктерді сотқа дейінгі қарастыру тәртібі, тұтынушылардың құқығын қорғау процесінің міндетті деңгейі ретінде қарастырылған.
Сіз сатып алынған тауар бұзылған, ал қызмет сапасыз болса, міндетті түрде Заңға сәйкес өз құқығыңызды пайдаланыңыз.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел: 8(7232)-26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91, e-mail: oskemen@economy.gov.kz) Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы№ 274-IV Заңының (ары қарай-Заң) ережелеріне түсініктеме жүргізеді.

 

19.02.2018 *. doc 1.5 MB
31.01.2018 *. doc 43 KB
18.01.2018 *. doc 81 KB
16.01.2018 *. doc 38 KB
29.12.2017 *. doc 41 KB

 

Парақтар өзгертілді: 18-07-2018