Кәсіпкерлік

«Бесқарағай ауданы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» Бағдарламасының 2017 жылдың 3 төқсаны ішінде іске асырылу барысы туралы ақпарат

Бесқарағай ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.
Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысы 3 бағыт бойынша жүзеге асырылуда.
«2017- 2021 жылдарға нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруда 2017 жылға қаржыландыру жоспары 42 041,0 мың теңге, 2017 жылдың 9 айына 27 719,6 мың теңге (66,0%) игерілді:
Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.
Ағымдағы жылы еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша 24730,0 мың теңге көлемінде қысқа мерзімді кәсіптік даярлауға 123 адамды оқыту жоспарланған, 2017 жылдың 25 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 19185,5 мың теңгеге 129 адам келесі мамандықтар бойынша: «В» санаттағы жүргізуші – 35 адам, «Трактор жүргізушілері» - 34 адам, «Кәсіптік бала бағушы» - 5 адам, «Электрогаздәнекерлеуші» - 15 адам, «Аспаз» - 25 адам, «Даяшы» - 15 адам жіберілді.
Бүгінгі күнге қысқа мерзімді кәсіптік даярлау оқуын 49 адам («34 адам -трактор жүргізушілері » және «15 адам «В» санаттағы жүрзізуші»). Қалған 80 адам оқу аяқталған соң жұмысқа орналасатын болады.
Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту.
Ағымдағы жылдың 6 қазанға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ –на 17 өтініш жіберілді, оның ішінде: 3 қатысушыға 16,5 млн. теңге сомада шағын несиелер берілді. Қалған 14 қатысушы «АШҚҚҚ» АҚ –ның жарғылық қордың капиталы қаражаты арқылы несиелеуге ағымдағы жылдың қазан айында құжаттар ресімделеді.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на «Бесқарағай несие» НС ЖШС- не 4 өтініш бағытталды, оның ішінде: 1 қатысушыға 3,0 млн.теңге шағын несие берілді, 3 қатысушы құжаттарды рәсімдеуде.
Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
2017 жылға жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 10 адам жоспарланды және 4 538,0 мың теңгебөлінді. Бүгінгі күнге 10 адам бағытталған, ол100 % құрайды, есептік кезеңде қаржыландыру жоспары 1702,0 мың теңгені құрады және 1702,0 мың теңге игерілген, ол 100% құрады.
2017 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 10 адам жоспарланған және 2 766,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 10 адам бағытталды, ол 100 %, есептік кезеңге қаржыландыру жоспары 2075,0 мың теңгені құрады және 2075,0 мың теңге игерілді, ол 100% құрады.
Оралмандарға және қоныс аударушыларға көшуге субсидия ұсынуға республикалық бюджеттен 2 383,0 мың теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында оралмандарды қабылдау квотасы бойынша аумақтық комиссияның шешіміне сәйкес 2 отбасына оның ішінде 10 адамға көшу үшін отбасының әр мүшесіне 35 МРП көлемінде, яғни 794,2 мың теңге субсидия төленді.
- (оралмандарға) көшу үшін субсидияның берілуіне 2 383,0 мың теңге бөлінді, 2 383,0 мың теңге (100%) игерілді;
- тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметті төлеу бойынша шығындарды өтеуде субсидияның берілуіне 7 624,0 мың теңге бөлінді, 2374,1 мың теңге (31,1 %) игерілді.
Жылдың аяғына дейін бөлінген бюджеттік қаражаттар толық көлемде игерілетін болады.

Бесқарағай ауданы әкімдігінің
халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Кошкенова

 

 

Парақтар өзгертілді: 09-10-2017