Кәсіпкерлік

Иновацилық жобалар

Инновациялық жобаларды Қолдау құралдары

.*ppt 584 Кб
Инновация саласындағы бизнестің дамуына мемлекеттік қолдаудың шаралары туралы ақпарат *.doc 33 Кб

 

«Даму-Өндіріс» өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады, Қор Бағдарламаны іске асыру операторы болып табылады.
Бағдарлама шеңберінде «Стрессті активтер қоры» АҚ 20 млрд. теңге соманы кейіннен өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін (одан әрі – ЖКС) қаржыландыруға/қайтақаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерге депозитке орналастырады. Әріптес банктер қаржыландыруға 70:30 арасалмақта (70 % - «Стрессті активтер қоры» АҚ қаражаты, 30 % - Әріптес банктер қаражаты ) өз қаражатымен қатысады.
Бағдарламаға келесі Әріптес банктер қатысады:

  1. «БТА Банк» АҚ;
  2. «Казкоммерцбанк» АҚ;
  3. «Темiрбанк» АҚ;
  4. «Альянс Банк» АҚ;
  5. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ .

Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы ЖКС кредиттеудің негізгі шарттары:

  • Өңдеуші өнеркәсіптің мынадай сала тармақтарындағы қызметтерге бағытталған ЖКС жобаларын қаржыландыру:
    • Тамақ өнімін өндіру;
    • Сусындар өндіру;
    • Тоқыма өнімдерін өндіру;
    • Киім шығару;
    • Тері өндіру және оған қатысты өнімдер шығару;
    • Жиһаздан бөлек, ағаш және тоз өнімдерін өндіру; сабаннан жасалған және өруге арналған материалдардан жасалған өнім шығару;
    • Қағаз және қағаз өнімдерін шығару;
    • Басу және жазылған материалдарды қалпына келтіру;
    • Химия өнеркәсібі өнімдерін шығару;
    • Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндіру;
    • Резіңке және пластмассалық бұйымдар өндіру;
    • Металл емес өзге минералды өнім өндіру;
    • Машина мен жабдықтардан бөлек, дайын металл өнімдерін өндіру;
    • Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер шығару;
    • Электр жабдықтарын өндіру;
    • Өзге категорияға кіргізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру;
    • Автокөлік құралдарын, трейлер мен жартылай тіркемелер шығару;
    • Өзге көлік құралдарын шығару;
    • Жиһаз шығару;
    • Өзге дайын бұйымдар өндіру.
  • Қаражатты мақсатты пайдалану – қолданыстағы кредиттерді қайтақаржыландыру, инвестициялық мақсат, айналым қаражатын толықтыру;
  • Сыйақының соңғы жылдық мөлшерлемесі – жылдығы 8,0% көп емес;
  • Кредиттеу мерзімі – 84 айға дейін;
  • Қарыз валютасы – теңге;
  • Бір ЖКС берілетін ең көп қаржыландыру лимиті - 750 млн. теңгеден көп емес;
  • Негізгі борышты өтеуге берілетін жеңілдік мерзімі - 24 айға дейін;
  • ЖКС қарызды Банктік қарыз шартын/Кредит желісін ашу туралы келісім жасасқан күннен бастап, 2 ай ішінде игеруді бастауға міндетті;
  • Әріптес банктердің ЖКС негізгі борышты дер кезінде өтеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін және ЖКС Бағдарлама аясында қайтақаржыландырылатын қарыздары бойынша сыйақылар үшін айыппұл мен төлемақы өсімдерін есептен шығару мүмкіндіктері;
  • ЖКС қаржыландыру/қаржыландыру туралы алдын ала шешімді Әріптес банктер өздері қабылдайды, содан кейін олар ЖКС жобалары бойынша ақпаратты ЖКС жобаларын мақұлдау үшін Қор жанынан құрылған Комиссияның қарауына жібереді.
  • Өзге кредиттеу шарттарын Әріптес банктер өздері белгілейді.

Бағдарлама бойынша ЖКС:

  • Салық бойынша берешегі бар және бюджетке Әріптес банктер өтінімдерді немесе жобаны қаржыландыру кезінде айлық есептік көрсеткіштің 10- есе мөлшерінен асатын міндетті өзге төлемдері бар ШОКС қаржыландыруға тыйым салынады;
  • Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу мақсаты бар ЖКС-не қарыз беруге тыйым салынады.

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 05-08-2014