Кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік мемлекетті қолда


Предоставление услуг технологического бизнес-инкубирования субъектам индустриально инновационной деятельности .*pdf 5,4 Мб

 

ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖЕНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ - ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы

Республикада қолайлы инвестициялық ахуал жасау және инвестицияларды тарту саясатын жалғастыру үшін, мемлекет қазіргі замаң\ғы технологияларды қолдана отырып,  жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға инвестицияларды жүзеге асыратын инвесторларды ынталандыру шараларын қолдануда.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларына 2003 жылғы 8 қаңтарда қабылданған «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес берілетін инвестициялық преференциялар жатады.

Осы заң инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындайды, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін айқындайды.
Заңға сәйкес Комитет пен қызметтің басым түрлерінде инвестициялық жобаны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары (бұдан әрі - Инвестор) арасында келісім-шарт жасасу арқылы мынадай инвестициялық преференциялар беріледі:

1) Кеден баждарын салудан босату;
2) мемлекеттік заттай гранттар беру.

Қызметтің басым түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысымен бекітілген және ол ауыл шаруашылығы, өңдеуші өнеркәсіп, транспорт және логистика, байланыс, электрмен қамтамасыз ету, газ және суды тарату, азаматтық құрылыс, білім беру, туризм, жылжымайтын мүлікпен операциялар (жалға беретін тұрғын үй) сияқты салалардағы 270 астам қызмет түрлерінен тұрады.

Қызмет түрінің дұрыс жіктемесін алу үшін Инвестор тиісті қорытынды алу мақсатында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне жүгінуі қажет.

Кеден баждарын салудан босату инвестициялық жобаны iске асыру үшiн әкелiнетiн жабдықтар мен олардың жиынтықтаушы бұйымдарының импорты кезiнде келiсiм-шарттың қолданыс мерзiмiне, бiрақ келiсiм-шарт тiркелген кезден бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге ұсынылады.
Бұл ретте Кеден Одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне сәйкес кеден одағына мүше-мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы кеден одағына мүше-мемлекеттің қызметтің басым түрлеріне (экономиканың саласына) сәйкес келетін, инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде тек кеден одағына мүше-мемлекеттің аумағында қолдану үшін әкелінген технологиялық жабдық, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектері, шикізат және материалдар кедендік әкелу бажынан босатылады.

Аталған жеңілдік шикізат және/немесе материалдарға қатысты, егер осындай шикізат және/немесе материалдар кеден одағына мүше-мемлекеттердің аумағында өндірілмейтін болса немесе, егер кеден одағына мүше-мемлекеттердің аумағында өндірілетін шикізат және/немесе материалдар іске асырылатын инвестициялық жобаның техникалық мінездемесіне сәйкес келмесе ғана беріледі.
Осыған орай Заңды аталған шешімге сәйкес келтіру мақсатында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде тиісті заң жобасы әзірленді.

Мемлекеттiк заттай гранттарды Заңда белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган (Комитет) мемлекеттiк мүлiктi және (немесе) жер ресурстарын басқару саласындағы тиiстi мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша инвестициялық мiндеттемелер келiсiм-шартқа сәйкес орындалған жағдайда, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз бере отырып, уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен бередi.
Мемлекеттiк заттай гранттар ретiнде: жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтiн және реттейтiн аспаптар мен құрылғылар, көлiк құралдары (жеңiл автокөлiктi қоспағанда), өндiрiстiк және шаруашылық саймандар берiлуi мүмкiн.

Мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғарғы мөлшерi Инвестордың тiркелген активтерiне салынатын инвестициялар көлемiнiң отыз процентiнен аспайды.
Егер сұрау салынған мемлекеттiк заттай гранттың бағаланған құны аталған ең жоғарғы мөлшерден асып түссе, Инвестордың сұрау салынған мүлiктi оның бағаланған құны мен мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғарғы мөлшерi арасындағы айырманы төлеп алуға құқығы бар.

Инвестициялық преференцияларды беру мәселесін қарау үшін Инвестор Комитетке белгіленген нысанда Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмдi Заңның 19-бабында көрсетілген инвестордың қаржылық, техникалық және ұйымдастырушылық мүмкiндiктерiнің болуын растайтын құжаттармен қоса, атап айтқанда:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
2 заңды тұлға жарғысының нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
3) инвестициялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
4) жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi сатып алуға арналған шығындарды негiздейтiн құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi;
5) инвестициялық жобаны қаржыландырудың көздерi мен кепiлдiктерiн белгiлейтiн, құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi. Инвестициялық жобаны өз қаражаты есебiнен қаржыландырған жағдайда олардың бар екендiгi туралы жазбаша растама қағазы қоса берiледi;
6) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi;
7) өтiнiм берiлген тоқсанның алғашқы күнiне арналған бухгалтерлiк баланс;
8) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органыныңанықтамаларын ұсынуы керек.

Өтінім және бизнес-жоспардың нысандары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының 2003 жылғы 8 наурыздағы № 18-п бұйрығымен бекітілген.
Анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 24-24-56, 24-19-31 (Инвестициялық преференциялар басқармасы).
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің
Инвестиция Комитеті

 

Бағдарламаның потенциалды қатысушылары үшін экономиканың басым секторларының тізбесі *.doc 79 Кб

 

И.о.начальника отдела: М.Скакова

Парақтар өзгертілді: 05-08-2014