Кәсіпкерлік

Шағын және орта бизнес

Бесқарағай ауданында 124 дүкен, 34 дүңгіршек, 10 шағын –наубайхана жұмыс істеуде. Ауданда инфляциялық үдерістерді ұстау үшін негізгі тауарларға және жанар-жағар май құралдарына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Сауда орындары бар аудан кәсіпкерлерімен негізгі тұтыну тауарларына бекітілген меморандумдар пролонгациясы бойынша 10% жоғары емес саудалық бағаны көтеру шарттарын сақтау туралы жұмыс жүргізілуде. Аудан орталығы Бесқарағай ауылының Алтай дүкенінде, негізгі тұтынушы тауарларға төмендетілген бағамен кең ассортиментте  «Ардагер» әлеуметтік бөлімі ашылды. «Ардагер» әлеуметтік бөлімінде ҰОС ардагерлеріне, жалғыз басты зейнеткерлерге қызмет көрсетіледі, сонымен қатар сауда орнында көп балалы отбасыларға және тұрмысы төмен топтарға әлеуметтік бұрыш ашылды. Ауданда тұрақтандыру қорынан төмендетілген бағамен ұн сататын сауда орындары анықталды: Бесқарағай а/о «Ажар», «Ағыс», «Арна» – дүкендері; Баскөл а/о «Жанар» – дүкені; Беген а/о «Бак –Каир» – дүкені; Семияр а/о «Данара» – дүкені; Канонерка а/о – Ганженко ЖК; Долон а/о – Шамамбай ЖК; Глуховка а/о «Валентина», «Жана Орнек» – дүкендері; Ерназар а/о «Тройка» – дүкені; Карабас а/о – «Бекзат» ЖК; М-Владимировка а/о – Захаров ЖК. Сонымен қатар бағаларды тұрақтандыру мақсатында, тұрақтандыру қоры «Шығыс Самғау» ЖШС-нің қатысуымен азық-түлік тауарлары нарық бағасынан төмендетілген ауылшаруашылық жәрмеңке өткізілді. Ауданда 5 автомай құятын станция жұмыс істейді. Автомай құятын станция операторларымен жанар-жағармайды бекітілген бағамен алу туралы «Авантаж Ойл» ЖШС жеткізушісімен келісім-шарт жасалады. Автомай құятын станция иелерімен жанар-жағармайды бекітілген бағамен сату туралы кеңес өткізілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту Бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік грантын беру бойынша конкурс.

Конкурсты ұйымдастырушы: Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық - инновациялық даму басқармасы.
Орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимараты, 316 а кабинет; пошталық мекенжайы: 070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40 үй, 316 а; электронды поштаның мекенжайы: e.chunchubaev@akimvko.gov.kz; байланыс телефоны 8 (7232) 71 32 63.
Конкурстың нысанасы: ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (өз бизнесін құруға) ұсыну.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiмдер тапсыру орны: Бесқарағай ауылы, Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі, Сейфуллин көшесі 146, тел. 872(236)9 10 36 бас маман А.К.Калымжанова.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер көрсетiлген мекенжайы бойынша өзi, пошта немесе өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы бекiтiлген нысан бойынша өтiнiм мен конкурстық құжаттаманың толық пакетiн ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмдерi: 2017 жылдың «07» тамызынан бастап 2017 жылдың «18» тамызына дейiн жұмыс күндерi сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейiн (жергiлiктi уақыт).
Өтiнiмдердi тапсыруды бастаған күнi мен уақыты: 2017 жылдың «07» тамызы сағат 9.00-ден бастап (жергiлiктi уақыт).
Өтiнiмдердi тапсыруды аяқтау күнi мен уақыты: 2017 жылдың «18» тамызы сағат 18.30–ға дейiн (жергiлiктi уақыт).
Көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн келiп түскен өтiнiмдер қабылдауға жатпайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.business.gov.kz, www.upiir.vko.gov.kz сайтында танысуға болады.

Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы
бөлімінің басшысы Ж.Бопаев  

Бесқарағай ауданы кәсіпкерлерінің назарына !

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының төртінші бағыты «Кәсіпкерлік потенциалды күшейту» - өңірдің басымдылық секторларында қызметті іске асыратын бастауыш және іс-әрекеттегі кәсіпорындарға бизнесті басқарудың осы заманға сай модульдерін енгізу және өндірістерді жаңғырту мақсатында кәсіпкерлік потенциалын күшейту үшін бағытталған шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау көрсетуді қарастырады, 2012 жылы бағдарламаға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау келесі бағыттар бойынша жүргізілуде:

  • Бастауыш кәсіпкерлерді қолдау (жобалар):

«Даму» кәсіпкерлікті дамытудың қоры» АҚ қалалар мен аудандардың әкімдерімен бірлесіп оқулық құралын ұсынумен кәсіпкерлік негіздерін қысқа мерзім ішінде тегін оқытуды облыстың барлық қалалары мен аудандарында жылына екі рет өткізеді.

  • Іс-әрекеттегі бизнесті жүргізудің сервистік қолдауы бизнес-үдерістерді қолдау бойынша тегін мамандырылған қызмет көрсетулерді ұсынады:
  • бухгалтерлік және салық есебін жүргізу, есептер әзірлеу;
  • статистикалық есеп әзірлеу;
  • кедеңдік рәсімдер бойынша қызметтер;
  • сапа менеджментінің жүйесін енгізу бойынша кеңес беру;
  • заңдылық кеңес беру;
  • маркетинг мәселелері бойынша кеңес беру;
  • ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсету.
  • Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту:

«Назарбаев Университеті» АҚ оқуға жіберілу үшін экономиканың басым секторларындағы іс-әрекеттегі потенциалды қатысушыларды іріктеу конкурстық негізде жүргізілетін болады.

Оқу процесі бизнесті жүргізуде туындаған келелі мәселелерді өз бетімен шешудің дағдысын қалыптастыру мақсатында нақты бизнес-жағдайларды үлгілеу және бизнестің жаңа үлгіде құрылуын зерттеу.

4) «Іскерлік қатынастар» жобасы:
Жоба - халықаралық және шет ұйымдарды қолдауда шетел серіктестіктермен іскерлік қатынастарды орнату арқылы өндірісті жетілдіруді қолдау көрсету үшін бағытталған.
Жоба екі деңгейден тұрады. Бірінші деңгей – облыс деңгейінде бизнес-тренингті және екінші деңгей – сәйкес келетін шетел өндірістерінде осы бағдарлама қатысушыларының сынақ мерзімін өткізу.

Сіздің назарыңызға  2011 жылы «Іскерлік қатынастар» жобасы бойынша Бесқарағай ауданынан «Балке» шаруа қожалығының басшысы Токашев Оралбек Нурмухамбетовичтың қатысқанын мәлімдейміз, 2011 жылдың тамыз айында кәсіпкер осы жоба бойынша Алматы қаласында оқу курсын өтті.

Бағдарламаның екінші (1 нұсқа), үшінші (3 нұсқа) және төртінші (5 нұсқа, сауалнама) бағыттарына қатысу үшін сәйкес келетін нұсқалардағы өтінімдер ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ұсынылуы қажет.
Қызығушылық білдірген кәсіпкерлер Бесқарағай аудандық экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөліміне 91036 телефоны бойынша жүгіне алады.

 

Бағдарламаның потенциалды қатысушылары үшін экономиканың басым секторларының тізбесі *.doc 79 Кб

 

И.о.начальника отдела: М.Скакова

Архив

2013 жылға шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы ақпарат д *.doc 30 Кб
2012 жылға шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы ақпарат *.doc 49 Кб

 

Парақтар өзгертілді: 02-08-2017