Кәсіпкерлік

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы  
Шығыс Қазақстан облысының 2015-2019 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасы *.rar 1.3 Mb
Шағын және орта бизнес
Кәсіпкерлік мемлекетті қолда
Иновацилық жобалар

Кәсіпкерліктің дамуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы

2018 жылғы 1 тоқсан ішіндегі шағын орта бизнес және 2017 жылғы туризмнің
дамуы туралы ақпарат

Кәсіпкерлік саласында
2018 жылғы 1 сәуір жағдайына статистикалық мәліметтерге сәйкес тіркелген шағын кәсіпкерлік нысандарының саны 1089 бірлікті құрады, оның ішінде әрекеттегі 895 бірлік немесе 98,4% (910 бірлік). Сонымен қатар:
- тіркелген кәсіпорныдар саны 104 бірлікті немесе 126,8% құрайды, оның ішінде әрекеттегі 66 бірлік немесе 140,4% (47 бірлік) артты.
- тіркелген шаруа қожалықтары – 500 бірлік, оның ішінде әрекеттегі – 473 немесе 92,9% (509 бірлік).
- тіркелген жеке кәсіпкерлер – 485 бірлік, оның ішінде әрекеттегі -356 бірлік немесе 100,6% (354 бірлік).
«Әрекеттегі бизнесті жүргізуде сервистік қолдау» жобасы аясында кәсіпкерлерді қолдау орталығымен ағымдағы жылдың қаңтар- наурыз айларында сервистік қызмет бойынша 110 кеңес берілді және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша 300 кеңес берілді.
«Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттарды беру бойынша конкурсқа қатысу үшін ағымдағы жылы қатысуға өтінім бергендер:
1. «Азамат» шаруа қожалығының басшысы, «Биошірінді өндірісі- натуралды- табиғи органикалық тыңайтқыш» жобасы;
2. «Эко Отын» ЖШС «ағаш көмір ретінде қарағай бүршіктерін бөлшектеу» жобасы;
3. «Леонидова» ЖК «Әрекеттегі бизнесті кеңейту. Косметологиялық жабдықты сатып алу»;
4. «Сайран» ЖК «Бұрынғы кафе ғимаратын қонақ үй бөлмелеріне қайта құру» жобасы.
Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні жобаларды іріктеу бойынша Аймақтық Үйлестіру кеңесін өткізу жоспарлануда.
Ағымдағы кезеңде негізгі капиталға инвестиция көлемі 615,2 млн. теңгені құрады, 5,3 есеге өсті.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 1181,9 млн. теңге немесе 2017 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 110,2%, сонымен қатар 171,1 млн. теңге (178,7%) – кәсіпорныдармен, 1010,8 млн. теңге (103,4%) – жеке кәсіпкерлермен.

Ауыл шаруашылығы саласында
Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және балық шаруашылығы саласында жалпы өнім 2138,1 млн. теңгені немесе 103,2% құрады.
Ауданда 3 сүт қабылдау пункті бар: «Бекарыс», «Балыкбаев Н», «Балапан». Ағымдағы жылы қосымша 2 сүт қабылдау пунктін ашу жоспарлануда: «Карабас» және «Ерназар». «Балапан», «Карабас» СҚП басшыларымен ағымдағы жылы тәулігіне қуаттылығы 2 тонна болатын блок модуль, көлемі 1,5 тонна болатын сүт тасығыш көлік сатып алынды.

Туризм саласы бойынша
2017 жылы туризм саласы бойынша көрсетілген қызмет көлемі 4189,2 млн.теңге, сонымен қатар 1 726,0 млн. теңге- қонақ үй қызметі пайдалануына, 613,2 млн. теңге- мейрамханасыз қонақ үй қызметі пайдалануына, 1850,0 млн. теңге- демалыс кезінде және қысқа мерзімде тұрғын үйді пайдалануға берілді. Қызмет көрсетілген келушілерді сапар барысында орналастыру орындары 675 бірлік немесе 2016 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 110,6 % артты, сонымен қатар 466 бірлік- жеке және іскерлік және кәсіби - 209 бірлік, орналастыру орындарының саны 4 бірлік, 1087 тәулік орын берілді немесе 2016 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 130,2% артты.

Бөлім басшысы Ж.Бопаев

 

2016  

2015  

Бағдарламаның потенциалды қатысушылары үшін экономиканың басым секторларының тізбесі *.doc 79 Кб

 

Парақтар өзгертілді: 18-04-2018