Сервер бойынша іздеу:

 

   
Ауылдық округ әкімдері
   

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Садыков Кайрбек Кажыбаевич - Бесқарағай  ауданы әкімінің орынбасары
1961 жылы 29 қазанда Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында туған, ұлты қазақ,  білімі жоғары. 1982-1987 жылдары Семей зоотехникалық мал дәрігерлік институтын мал дәрігері, 2004-2006 жылдары қазақ қаржы-экомикалық институтын басқару- менеджмент мамандықтары бойынша бітірген.

Бұрыңғы жұмыс орны
1979-1980 жылдары Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылының 22 партсъезд совхозында жұмысшы, 1980-1982 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеді. 1987-1990 жылдары Қарағанды облысы Нуринск ауданы Ивановка ауылының «Трудовик» совхозында бас мал дәрігері, 1990-1991 жылдары ветлаборатория директоры, 1991-1993 жылдары Ивановка ауылының «Трудовик» совхозының бас мал дәрігері. 1993-1994 жылдары Бородулиха ауданының «Матвеевка» колхозының ферма бастығы, зоотехник, 1994-1996 жылдары Бородулиха ауданы Ивановка ауылының «Ивановка» мал шаруашылығы колхозының төрағасының орынбасары, 1997-2002 жылдары Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, 2002-2003- жылдары осы бөлімнің маркетинг қызметінің жетекшісі- бөлімнің бас маманы, 2003-2004 жылдары Үрджар ауданы әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.

Лауазымдық міндеті:
ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын іске асыруға, ауыл шаруашылық және орман шаруашылығының дамуына, индустриялы-инновациялық даму жоспарына, жолдарды жөндеу т.б. істерді жүзеге асырып, қорытындылау.

Қызмет бағыты:
ішкі және сыртқы байланыстар, аудандық төтенше жағдай және оның алдын алу комиссиясын және тағы да басқа комиссияларды құру.

Мекен-жайы:

Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы
Бесқарағай ауылы, Сейфуллин көшесі №144
«Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
телефон/факс 8(72236)9-14-47

Қабылдау уақыты:
әрбір айдың бірінші және екінші сәрсенбісі сағат 14-00-ден 18-00 дейін

   

Тусубжанов Конысбай Батырбекович - Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары.
1979 жылы 22 мамырда  Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында туған.Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Мамандығы экономист-қаржы, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

Бұрыңғы жұмыс орны: Семей қаласы бойынша салық комитетінің инспекторы (2000-2006 ж.), Бородулиха ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы (07.2006-09.2006 ж.), Бородулиха ауылдық округінің әкімі (2006-2008 ж.), Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары (2008-2009 ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында оқуда (09.2009-07.2010 ж.),2010 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары.

Лауазымдық міндеті: сыртқы және ішкі қарым-қатынастар өз компе тентігіне қарай ұйымдастыру, жұмыссыздыққа,қайыршылыққа қарсы күрес жүргізу, денсаулық, тілді дамыту, спорт және ауыл жаста рының әлеуметін көтеру

Қызмет бағыты: ауылдық округтермен, дербес бөлімдермен тығыз байланыста болуы,өз міндетін дер кезінде сапалы және уақытында орындау

Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы Сейфуллин көшесі №144 «Шығыс Қазақстан облыс Бесқарағай ауданы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі телефон (872236)9-15-47
Е-mail beskaragau@ mail. kz
Қабылдау уақыты: әрбір айдың бірінші және екінші бейсенбісі сағат 14-00-ден 18-00 дейін

 

   

Бесқарағай ауданы әкімінің аппарат басшысы - Глазинский Тимофей Николаевич

1955 жылы 3 маусым Семей облысы Бесқарағай ауданы Кривинка ауылында туған.ұлты орыс. 01.09.1997-29.10.1948ж. Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірген, білімі бойынша мамандығы дене шынықтыру тәрбиесі, дене шынықтыру мұғалімі.

Бұрынғы жұмыс орны:1972-1974 жылдары «Семсельстрой» 2205-ЖМК тас қалаушы, үиренуші. 04.1974-02.1976 жылдар Семеновка орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі. 02.1976-12.1984 жылдар Халық депутаттары аудандық кеңесінің атқару комитеті жанындағы дене шынықтыру және спорт бөлімінің төрағасы. 12.1984-12.1988 жылдар Бесқарағай аудандық партия комитетінің ұйым дастыру бөлімінің нұсқаушысы. 12.1988-05.1991жылдар Бесқарағай аудандық партия комитетінің іс жүргізу секторының меңгерушісі. 05.1991-04.1992 жылдар Кривинка ауылдық кеңесінің төрағасы.  04.1992-03.1994 жылдар Халық депутаттарының аудандық кеңесінің істерінің басқармашысы. 03.1994-06.1994 жылдар Аудандық мәслихаттың-депутаттар жиналысының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 03.1996-03.2000 жылдар аудан әкімі аппаратының орындау мен іс жүргізуді бақылау бөлімінің меңгерушісі. 03.2000-07.2003 жылдар Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі. 07.2003- қазiргi уақытқа дейiн аудан әкімі аппараты ның басшысы.

Лауазымдық міндеті: ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру,қылмыстық,сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аудандық программаларын дайындауға қатысу, квалификациялық сұраныс бойынша қызметкерлерді конкурс арқылы жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, ауылдық округтер жұмыстарына анализ жасау.

Қызмет бағыты: ішкі және сыртқы мекемелермен қарым қатынас жасау, өзі басқарып отырған ұжымдар сұрағы бойынша жауап беру қабылдау,өз қол астындағыларға өз міндетіне қарай тапсырма беру,орындалуын талап ету.
Мекен-жайы:
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Сейфуллин көшесі №144
«Шығыс Қазақстан облыс Бесқарағай ауданы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі
телефон  8(72236) 9-13-49

Қабылдау уақыты:
әрбір айдың бірінші және екінші бейсенбісі сағат 14-00-ден 18-00 дейін

 

   

Рахметуллин Ерболат Еренулы - Бесқарағай ауданының әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің бастығы.
1958 жылы 20 қазанда  Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Б-Владимировка ауылында туған.Ұлты қазақ. Білімі жоғары-мамандығы инженер

Бұрыңғы жұмыс орны: (1998-2002ж) ішкі саясат бөлімінің бас маманы, (2002-2003ж) Бесқарағай ауданының әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің бастығы,  (2003-2004ж) Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары, (2004-2009ж) Бесқарағай ауданының әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің бастығы, Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары (10.2009-07.2010ж.), 2010 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Бесқарағай ауданының әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің бастығы.

Лауазымдық міндеті: ұйымдастыру,кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмысы,ауылдық округтерге,басқа бөлім бастықтарына,мекемелерге әдістемелік нұсқаулар, жаспарлау, кадр жұмыстары бойынша нұсқама,аттестациядан өтуді қадағалау, ұйымдастыру және техникалық көмек көрсету сайлау уақытында,семинарлар кеңестер өтуді дайындау.

Қызмет бағыты: ішкі және сыртқы мекемелермен қарым қатынас,өз қол астындағыларға тапсырма беру және оны қадағалау,бөлім жұмысының жоспарын құру 

Мекен-жайы:
Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Сейфуллин көшесі №144
Телефон: (872236)9-02-50
Е-mail beskaragau@ mail. kz

   

Панюкова Наталья Ивановна - аудан әкімі аппаратының кеңсе меңгерушісі

1979 жылы 13 шілде Семей облысы Бесқарағай ауданы Б-Владимировка ауылында туған. 1996-2000ж. Новосібір гуманитарлі институтының заңгер мамандығын тамәмдады.

Бұрынғы жұмыс орны: 07.1999-08.2000 жылдар «Айтмолдин және К» ШС-нің заңгері. 11.2000- 09.2004 жылдар «Бесқарағай ауданының әкімі аппараты» ММ-нің бас маман-заңгері. 09.2004 - 05.2005 жылдар «Бесқарағай аудандық жер ресурстар басқармасы бойынша комитеті» ММ-нің жетекші маманы. 05.2005-01.2006 жылдар «Бесқарағай аудандық тұрғын-үй коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс және градоқұрылыс бөлімі» ММ-нің бас маманы.01.2006-07.2007 жылдар «Бесқарағай аудандық тұрғын-үй коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маманы. 07.2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Бесқарағай ауылы, аудан әкімі аппаратының кеңсе меңгерушісі

Лауазымдық міндеті: кіріс шығыс құжаттарды қадағалау, аппараттың өту тәртібін құру, облыс басқада басқармалардан келіп түскен сұраныстар мен хаттамалардың дер кезінде жауабын беруді қадағалау. Қызмет бағыты: ішкі және сыртқы қарым қатынастар, облыс және ауылдық округтер тығыз байланыста болу, іс қағаздарының дұрыс жүргізілуін қадағалау

Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы Сейфуллин көшесі №144 «Шығыс Қазақстан облыс Бесқарағай ауданы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі телефон 8-(72236) 9-18-00, 8(72236)9-11-64
Е-mail beskaragau@ mail kz

 

   

Бесқарағай ауданының әкімі аппаратының   қаржы-шаруашылық қызметі бөлімінің бастығы - Мукашева Галия Агыбаевна                                               
1977 жылы 8 желтоқсанда Семей облысы Бесқарағай ауданы Б- Владимировка ауылында дүниеге келді. 2002 жылы Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетін қаржы-есепші мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын1997 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімінің жетекші маманы лауазымынан бастап, (2002-2005ж.) Бесқарағай ауданының әкімі аппаратының бас маманы бақылау-тексеруші, (2005-2006ж.) Бесқарағай ауданының әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық қызметі бөлімінің бас маманы, 2006 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі ауқытқа дейін Бесқарағай ауданының әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық қызметі бөлімінің бастығы.

Лауазымдық міндеті: Бухгалтерлік есеп және бюджеттің және смета бойынша шығыстың орындалуын,ауылдық қазыналық бөлімімен байланыс,салық комитетімен бухгалтерлік және статистикалық есеп беру,уақытында периодтық және жылдық есепті беру,бухгалтерлік есеп
құжаттары бойынша дер кезінде өкімдердің, шешімдердің орындалуын қадағалайды.

Қызмет бағыты: аудандық барлық банктер тығыз қарым қатынас, пенсия төлемін дер кезінде жіберу, бухгалтерлік сұрақтар бойынша түскен хаттамаларға дер кезінде жауап қайтару.

Мекен-жайы:
Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы
Сейфуллин көшесі №144
«Шығыс Қазақстан облыс Бесқарағай ауданы әкімдігі» мемлекеттік  мекемесі
Телефон: 8-(72236)9-17-20

 

   

Бесқарағай ауданы әкімінің АҚ және ТЖ жөніндегі көмекшісі – Жакиянов Бакпер Даниярович

Семей облысы Бесқарағай ауданы М-Владимировка ауылында 1962 жылы 22 ақпанда дүниеге келді, қазақ. Білімі жоғары-заңгер, 1989 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің Қарағанды Жоғарғы мектебін бітірген.
Еңбек жолдары: 1979-1983 жылдары Долон мехлесхозының шерпотреб цехының жұмысшысы, 1984-1985 жылдары Байдаулет орманшылығының жұмысшысы, Семей облысының басқармасының жедел уәкілі (08.1989-12.1989 ж.), Бесқарагай аудандық ішкі істер бөлімінің кылмыстық іздеу басқармасының аға жедел уәкілі (1989-1995 ж.), Бесқарағай ауданы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тергеу комитеті бөлімінің кылмыстық іздеу басқармасының  бастығы (1995-1997 ж.ж), Семей қаласы ішкі істер басқармасының кылмыстық іздеу басқармасының аға жедел уәкілі (1997-1999 ж.ж), осы басқарманың бастығының орынбасары (1999-2006 ж.ж), Бесқарағай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (2006-2009 ж.ж), 2009 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейінБесқарағай ауданы әкімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі көмекшісінің міндетін атқарушы  көмекшісі.

Лауазымдық міндеті:
басқа бөлім аппаратарымен бірлесе аудан әкімінің ұйымдастыру-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, ауылдық округтердің әкімдеріне сәйкес келетін көмек көрсету;
аудандық әкімідігінің ұйымдастыру-техникалық дайындықтарына қатысу;
аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы арқылы аудан әкіміне азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар міндеттерінің басшылығында көмек көрсету, аудан әкімін қажетті ақпараттық материалдармен  қамтамасыз ету;
жұмылдыру жұмысты жүргізу.

Қызмет бағыты:
өзінің құзырлық шеңберіндегі сыртқы ұйымдарымен байланысты жүзеге асыру, жетекшілік ететін мәселелері бойынша аудандық басқармалардан, ұйымдардан, комитеттерден ақпарат алу және тыңдау;
жетекшілік ететін салаларының жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізу; АҚ және ТЖ жұмылдыру жұмысы жөніндегі мәселелері бойынша бөлімдердің жұмыстарын жоспарлау. 

Мекен-жайы:
Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы
Сейфуллин көшесі №144
Телефон: (872236) 9-06-38
Е mail beskaragay@mail.kz

   

Владимир Михайлович Козинский  - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Бесқарағай ауданы бойынша  қоғамдық көмекшісі.

1944 жылы 4 мамырда Семей облысы Бесқарағай ауданы Сосновка ауылында туған. Ұлты орыс. Білімі жоғары 1974 жылы жоғарғы партия мектебін сырттай тәмәмдады.  

Еңбек қызметін колхоздың электригінен бастап (1961-1963 ж), ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы (1967-1969 ж.), ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі (1969-1980 ж.), аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы (1980-1981 ж.),  халық депутаттары кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары (1981-1992 ж.), аудандық әкімшілік басшысының шұғыл мәселелер жөніндегі орынбасары (1992-1994 ж.), аудан әкімі аппаратының басшысы (1994-2005 ж.), аудандық мәслихаттың ұйымдастыру-құқық жұмысы бөлімінің меңгерушісі (2005-2008 ж.), 2008 жылғы мамыр айынан бастап – зейнеткер, 2009 жылғы тамыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Бесқарағай ауданы бойынша  қоғамдық көмекшісі болып тағайындалды.

Бесқарағай ауданының әкімі аппаратының жеке және заңды тұлғалардың арыздарының жұмыс тәртібі «Жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына сәйкес белгіленді, осы мақсатқа қабылдау күні бекітілген, аудан әкімінің  өкімі қабылданды.
Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауға қосымша жазу күнделікті қабылдау бөлімінің хатшысы Қымбат Жұмаханқызы Шаукеновамен Бесқарағай ауылы С.Сейфуллин көшесі №144 мекен-жайы бойынша №1 кабинетте (872236) 91400 телефон арқылы жүргізіледі.      
Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша арыздарын қарауды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының  кеңсесі арқылы, кеңсенің меңгерушісі Наталья Ивановна Панюковамен іске асырылады, байланыс телефоны (872236) 91800.

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Сайттың әкімшісі
Бейсекин Нуржан Талгатович
Телефон: 87223690443
e-mail: Bshtabbesk@mail.ru
Beskaragayorg1@rambler.ru

Шығыс Қазақстан облысы,
Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы,
Сейфуллин көшесі, 144.
Индекс: 070300



Copiright © 2008-2010