Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мен мониторинг қорытындысы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 13 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес «Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері *.doc 50 KB
«ШҚО Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» ММ *.doc 49 KB
Мемлекеттік органдарда персоналды басқарудың электронды жүйесінің енгізілуі *.doc 30 KB

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөніндегі 2011-2017 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, аудан әкімімен осыған ұқсас жоспар әзірленіп, бекітілді. Осы жоспарда сыбайлас жемқорлықпен күресудің жолдары белгіленген нақтылы тапсырмалар белгіленді. Аталған жоспардағы тапсырмаларды орындау аясында аудан көлемінде маңызды жұмыстар атқарылуда.
Бесқарағай ауданының аумағында сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2011-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аудан әкімдігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің 2011-2017 жылдарға арналған салалық бағдарламасын аудан аумағында іске асыру жөніндегі өңірлік жоспарды бекіту туралы» қаулысымен бекітілді. Осыған ұқсас жоспарлар ауылдық округтері әкімдерінің және мемлекеттік органдарда да әзірленіп, бекітілді. АНТ-ның 60 мүшесінің ауданның елді мекендерін аралап, тұрғындармен кездесу барысында тұрғындарды осы және өзге де сұрақтарға жауаптар алу тәртібін түсіндіреді. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру визуалдық ақпараттың насаны болып табылады. Барлық 10 ауылдық округ, ауданның ұйымдары мен мекемелерінде Президент Жолдауын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын насихаттау бойынша ақпараттар, баннерлер мен қалқандар орнатылды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия құрамы аудандық мәслихат сессиясының шешімімен бекітілген. Комиссия құрамына құқық қорғау органдарының, мемлекеттік органдарының бірінші басшылары енді. Аудан әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жұмысының бір деңгейлігін және сыбайлас жемқорлықтың пайда болуын алдын алуға бағытталып, қабылданып жатқан шаралары туралы халықтарды құлақтандыру мақсатында аудан әкімі ресми сайты кеңінен қолданылады. «Сенім телефоны» жұмыс істейді, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігі орналастырылған. Бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімінің орынбасарларының және аудандық қызметтердің басшыларының қатысуымен азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау іске асырылып тұрады. «Қазақстан Республикасындағы қылмыстар мен сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту және құқық қорғау қызметтерін жетілдіру бойынша қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі Жарлығына сәйкес ауданның мемлекеттік органдары туралы қағидаға және бірінші басшылардың функционалдық міндеттеріне өзгерістер енгізіліп, аудандық әділет басқармасында тіркелді. Заңнаманың осы талаптары басшының, басқаруындағы мемлекеттік мекемелердің  тәртіптік жағдайына жауап беретін жауаптыларды, өзінің қарамағындағыларды лауазымға тағайындау құқығы берілетінін көрсетеді. Мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау мемлекеттік мекеменің басшысымен орындамау болып табылады.

Құқықтық білім беру мектебі жұмыс істейді, онда қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын мемлекеттік қызметке жаңадан түскен тұлғалар үшін түсіндіруге аса назар аударылып тұрады.
Аудан әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс қатаң түрде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңына сәйкес жүргізіледі. Атқару тәртібінің, әкім аппаратында мемлекеттік мекемелермен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау регламенттерін реттейтін қолданыстағы заңнамалардың орындалу мәселесі аппарат кеңестерінде, сондай-ақ, әрбір басшымен өзінің мекемесінде қаралып тұрады. Аудан әкімі аппаратының бөлімдерінде және құрылымдық бөлімшелерінде осы бағыттағы жұмыстардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытында және сапалы қаралуын қамтамасыз ету жағдайын талдау жүргізіліп тұрады, бақылауды күшейту, қаралатын өтініштердің қарау мерзімдеріне қайшы келтірмеуді болдырмау бойынша шаралар қабылданады. Мемлекеттік органдарға деген сенімдерді арттыру мақсатында аудан басшыларының аудан тұрғындарымен кездесулерін өткізу дәстүрге айналды. Осы кездесу барысында тұрғындардың шешімін таппай жүрген сұрақтары көтеріліп, оларды шешу жолдары қарастырылады, атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарды құлақтандырады. Ағымды жылдың қаңтар-ақпан айларында аудан әкімінің тұрғындармен 20 есеп беру кездесуі өтіп. Онда аудан әкімі тұрғындарды 2014 жыл ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарттандырды. Осы есеп беру жиындарында көтерілген мәселелерге нақтылы тоқтала, тиісті жауаптар берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы мәселе аудан әкімдігінің отырыстарында қаралып тұрады. Ағымды жылдың маусым айында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын аудан аумағында жүзеге асыру туралы мәселе қаралды. Бағдарламаның қолданыстағы кезеңінде барлық ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің өздері басқаратын мекемелерде орындалу мәселесі бойынша әкімдік отырыстарында есеп берді, осы отырыстарда атқару тәртібінің сақталу мәселесі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыстардың жүргізілу барысы қаралды. Ашықтық пен заңдылықта сақтау мақсатында аудан әкімі аппаратында кейбір комиссиялар құрылып, онда баспана, жер телімдерін беру мәселелері қаралды. Жер телімдерін беру жөніндегі қаулыға қол қояр алдында Сараптама ретінде заңдылық қорытынды жасалады.  Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі аудандық комиссия отырысы тоқсан сайын қолданыстағы заңнамаларды орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы   құқық бұзушылықты алдын алу және сондай-ақ, іс-шаралар жоспарына байланысты басқа да ағымды мәселелер қаралады. Осы отырыста облыс әкімдігі мәжілісінің хаттамалық қорытындысын іске асыру, алдағы уақытта мұндай қайшылықтарды болдырмау мәселелері қаралды. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жанында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдау кестесі дайындалды, 2015 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жұмыс тобында болған азаматтардың өтініштері қаралады. Азаматтардың өтініштері негізінен баспана беру, ЖТҚ үшін жер телімдерін беру мәселелері. 2015 жылдың 6 ай ішінде мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен 3 дөңгелек үстел, 4 семинар-кеңес өткізіліп, 7 дәріс оқылды. Қатысушылардың жалпы саны 1375 адам. Аудан әкімі аппараттарында, семинарларды, «дөңгелек үстелдерде» мемлекеттік қызметшілер тарапынан зорлық-зомбылық деректерін болдырмау атмосферасын сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру жолы талқыланады. Ауданда қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша жоспарланған және нысаналы бағыттағы шаралар қабылданып тұрады. Ауданның барлық ұйымдары мен қызметтерінің құқық бұзушылықты және қылмыстарды алдын алу мәселелерінде өзара іс- әрекет қамтамасыз етіледі және сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігі арттырылады. Азаматтық қоғамның мемлекеттік билік өкілдеріне деген сенімдері артуда. Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілгендер арасында сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында және олардың Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтау мен құрметтеуге тәрбиелеу, оның ішінде тәртіп пен құқық тәртібін арттыру, құқықтық білім беру тұрақты жүргізіліп тұрады, бөлімдер мен басқармалардың басшыларының олармен өздерінің қарамағындағылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы есептерін аудан әкімі аппаратында апта сайын тыңдап тұру жүйеге енгізілген. Аудандық дербес бөлімдердің базасында ауылдық округтері әкімдері аппараттарының жауапты қызметкерлері ай сайын іс құжаттарын жүргізу, жұмыстарды жоспарлау, нормативтік актілердің заң жүзінде сауатты ресімделуі бойынша тәжірибеден өтіп тұрады. Ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары мен салық органы, прокуратура, ҰҚК арасында мемлекеттік қызметшілердің арнаулы тексеруден өтулері, олардың табыстары туралы декларацияны тапсырылуы және т.б. бойынша өзара байланыс орнатылған. Мемлекеттік қызметшілердің арнаулы тексеруі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.  Мемлекеттік  қызметке жаңадан келгендердің құжаттары ҰҚК органына тексеру үшін жіберіліп тұрады, оларды мемлекеттік қызметке тағайындау қолданыстағы заңнаманың аясында жүргізіледі. Әрбір мемлекеттік органның ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің Ар- намыс кодексі орналастырылған.
Ағымды жылы 2015 жылдың өткен кезеңдері ішінде жасалған құқық бұзушылықтың қорытындысы бойынша комиссия отырысын өткізу жоспарланды. Комиссияның осы бағыттағы жұмысы жалғасуда. Барлық мүдделі жақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамның, ата-аналар қоғамының, кәсіпкерлердің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, діни бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мүмкін болады.

Бөлім басшысы Кунафин Б.И.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс – шарасын орындау барысы туралы ЕСЕБІ *.doc 45 KB
Парақтар өзгертілді: 20-07-2017