Аудан әкімі

Әкімнiң блогы

Байбеков Шалқар Заманбекұлы Байбеков Шалқар Заманбекұлы
1967 жылы 6 ақпанда бұрыңғы Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақстан мемлекеттік басқару академиясының «Экономика» мамандығына иеленіп, 2001 жылы Қазақстан мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша тәмәмдады.
Еңбек жолын 1988 жылы Семей облысы Жаңасемей аудандық инспекциясының мемлекеттік сақтандырудың   аға инспекторы болып бастады. 1990 жылдың шілде айынан бастап Семей салық инспекциясы саласында қызмет етті. 1999 жылдың ақпанынан бастап 2002 жылдың мамырына дейін Павлодар қаласының Салық комитетінің төрағасының орынбасары,  төрағасы болып жұмыс істеді. 2002 жылдың ақпанынан бастап 2014 жылдың қыркүйек айына дейін Астана қаласындағы Салық комитетінің төрағасы, Астана қ. Алматы ауданы бойынша, Қарағанды облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы, ҚР ҚМ-нің Салық комитетінің ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету басқармасының басшысы. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап 2017 жылдың тамыз айына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің  мемлекеттік бақылау  және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы. 2017 жылдың тамыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылғы 4 қарашадан бастап  Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімі.

Лауазымдық мiндеттерi:
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілерін, Қазақстан Республикасы Заңдарын орындау, ауданның экономикасын реформалау, қолдану және дамыту, ішкі қауіпсіздік, қоғамдық-саяси тұрақтылық, құқық тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күрес, аудан бюджетін дайындау және оның орындалуын бақылау, басқару құрылымын, кадр саясатын оңтайландыру жөніндегі стратегиялық және ағымды міндеттерді шешу.
Облыстық әкімдікпен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста аудан мүддесін білдіреді.
Шығыс Қазақстан облысының әкіміне тиісті тұлғалардың мемлекеттік наградалармен наградтау, оларға құрмет және өзге де атақтарды беру туралы ұсыныс енгізеді.
Аудандық мәслихатқа «Бесқарағай ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс енгізеді.
Ауылдық округтері әкімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Ауылдық округтердің әкімдері арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттеседі.
Аудандық мәслихаттың бекітуіне әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын енгізеді.
Консультативтік-кеңесші органдардың ведомствоаралық сипаттағы мәселелері жөніндегі дербес құрамын бекітуге аудандық мәслихатқа ұсынады.
Мынандай лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады: аудан әкімінің орынбасарларын, аппарат басшысын, ауылдық округтердің әкімдерін, аудан әкімдігі жанындағы бөлімдердің бастықтарын, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандарын және аудан әкімінің көмекшілерін.
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді.
Аудан аумағында орналасқан прокуратурамен, сотпен, аудандық ішкі істер бөлімімен, ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімімен, әскери басқарма органдарымен, аудандық әділет басқармасымен, кедендік бақылау және шекара қызметі органдарымен ұйымдастыру байланысын іске асырады.
Қылмыспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі жөніндегі комиссияның, бюджеттік комиссияның, шекара маңындағы мәселе жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қабылдау сағаты: Апта сайын сейсенбі және бейсенбі  сағат 10-00 - 12-00 дейін
Қабылдау бөлiмiнiң телефоны: (872236) 9-14-00, 9-14-54
Электронный адрес: b.kancelyariya@akimvko.gov.kz

2012 жылы ауданның ауылдарында Бесқарағай ауданының әкімі К.Б.Байгонусовпен азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ

2010 жылдың 2 жартыжылдығында ауданның ауылдарында Бесқарағай ауданының әкімі Төлеужан Сағымбекұлы Жексембаевтың азаматтар мен жеке тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

2010 жылдың 1 жартыжылдығында ауданның ауылдарында Бесқарағай ауданының әкімі азаматтар мен жеке тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

Парақтар өзгертілді: 10-01-2020